«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік 2019-2020 оқу жылына педагог-психологтың аналитикалық есебі
- 2019-2020 жаңа оқу жылының жоспарлары мен міндеттерін басшылыққа ала отырып жылдық, айлық, апталық жұмыстар жасылынып бекітілді. Жоспар бойынша 1 сыныпқа қабылданған оқушылармен педагогикалық-психологиялық зерттеу жүргізіліп, оқушылардың деңгейлері анықталды. Оқушылардың мектептегі оқытуға әзірлігін анықтау мақсатында 7 тапсырмадан тұратын сұрақ қойылды, әріпті меңгеруі, буынға бөлуі, қосып оқуы,тақтамен жұмыс істей алу деңгейі, түстерді меңгеруі, сөздік қоры, логикалық ойлауы және қарапайым математикасы.Зерттеуге 15 оқушы қатынасты. Әрбір дұрыс жауап 3 баллдық көрсеткішпен бағаланды. Жүргізілген жұмыстар бойынша оқушылар жоғары,орташа және қанағаттанарлық болып қорытыланды. Iтоп: Аманжолқызы Ақниет, Бақытжанұлы Ерасыл, Ернатқызы Айкөркем, Ерікұлы Әлихан, Жанболат Кәусар,Оразай Нұрали, Нұрахмет Айлан, Нұрғайып Бекарыс, Темірбек Аяжан 21-19 балл. Iтоп: Қасымханқызы Айжан, Қуатбек Азамат, Сүйіндік Әлихан, Рауанұлы Бекнұр 18-16 балл. IIIтоп: Мұқатай Айым 14 балл
Мектепалды даярлық сынып оқушыларына психологиялық зерттеу жүргізілді. Оқушыларға 7 тапсырма берілді.
1.Тапсырма:Суретттерге қарап суреттерді салу Мақсаты: Көрнекілік құралда берілген бейнелерге қарап отырып,оларды карандашпен көшіріп салу.Карандашты ұстауға қол маторикасының даму дәрежесін анықтау
2.Тапсырма:Баланың қабылдауын,зейініні бақыла.Суреттерге қарап біреуі артықша соны табу
3.Тапсырма:Бала қиялын деңгейін анықтау Суреттерді топтастыру
4.Тапсырма:Есте сақтау қабілетін анықтау. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыра алуы және аттарын атауы,бөліп айта алуы анықталады.
5.Тапсырма: Баланың логикалық,бейнелік ойлауын анықтау,дамыту .Суреттерде берілген заттардың серігін тауып,біріктіру
6.Тапсырма: Оқушы зейінінің тұрақтылығын,шоғырлануын анықтау Суретте қанша жабайы жануарлар және қанша үй жануарлары бар екенін атау
7.Тапсырма: Оқушыларға 20 сұрақ қойылды.Баланың ата-анасының аты,мекен –жайы,жыл мезгілдері ,заттар мен құбылыстарды ажырата алуы,логикалық ойлауы бойынша сұрақтар қойылып,балалардың деңгейлері анықталды. Қорытынды бойынша: Берілген тапсырмалар бойынша зерттеу қортыныдысы шығарылды. Iтоп:Батырбекқызы А, Нұрлан Ұ, Өркенқызы С, Сәрсенбай А, Нұрғайып А, Дәулет А, Сәрсенбек А, Ерген А ,Сейітхан А жоғарғы, өте жақсы IIтоп: Әбдікемел М,Нұрбатыр А, Демеубайұлы А, Қырғызбай М,Нұрсалбек А –орташа деңгей. IIIтоп: Меліс Б- баяу деңгейді көрсетті.
Мектеп оқушылары арасында шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың тізімі алынып,жеке карталары толтырылды. 17.09.2019ж.күні мектептің жалпы ата-аналарымен «Отбасы махаббаты неде?» атты тақырыпта психологиялық тренинг жүргізілді. Тренинг мақсаты: Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту және баламен өзара қарым қатынастың жаңа дағдыларын меңгеру. Тренинг барысында «Ата-ана махаббаты» бейнеролик
«Баламен қарым-қатынастың дұрыс жақтары» слайд көрсетіліп баламен дұрыс қарым-қатынас жасау,ата-ана тарапынан кететін кемшіліктер жайында кеңестер берілді.«Ой жинақтау» ата-аналармен сұрақ-жауап, «Тілек шамы» жаттығуы жүргізіліп ата-аналар бала тәрбиесіндегі ата-ана міндеттері жөнінде өз ойларымен бөлісіп берілген сұрақ-жауаптарға жауап берді.Тренинг соңында ата-аналарға балалары шамдай жарқырап жүрсін деген мақсатпен тілек шамы ұсынылып,жаттығу орындалды.


Оқушыларға аудандық және мектепішілік ведмоствоаралық мобильді топ құрамы таныстырылып, көрнекті етіліп сенім жәшігінің жанына орналастырылды. 

5 сынып оқушыларынан «5 сынып оқущыларының оқу процесіне бейімделуі» тақырыбында сауалнама жүргізіліп,оқушылардың орта буынға бейімделуі анықталды. Сауалнамаға 14 оқушы қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша, оқушылардың сабаққа келудегі көңіл-күйлері қалыпты. Оқушылар сабаққа қуанышпен сенімді түрде келеді. Оқу үлгерімдеріне риза және алған бағалары «4 пен 5» және «4 пен 3».Оқу үлгеріміне кедергі жасайтын мәселе оқушылар үшін бірінші-жалқаулық -57% көрсеткіш көрсетсе,екінші – білім алу мәселесі-21%,үшінші-отбасы мәселесі-14% екені сауалнама алу барысында анықталды. Оқушылардың пәнге қызығушылықтары бойынша тоқталатын болсақ, оқушылардың қызығушылықпен оқитын пәндері матиматика 57%, қазақ тілі 7%,әдебиет 28%, шет тілі 7%,орыс тілі 14%,дене шынықтыру 50%, сурет – 28%, тарих -36% көрсетті .Қызығушылықтары төмен пәндер қатарына қазақ тілі -7%, шет тілі -57% , орыс тілі- 7%, дене шынықтыру-7%, сурет-14%, тарих-14% құрайды. Оқушылар үшін ең басты нәрсе денсаулық -71% болса, отбасы-43%, сабақ-36%, достық- 36%.Бұл дегеніміз оқушылардың отбасы, денсаулық туралы түсініктерінің толығымен қалыптасқандығын білдіреді. Оқушылардың сыныптағы қарым қатынастары жақсы, сауалнама барысында сыныбым жақсы, шулай береді, өнерлі, керемет, нашар деген пікірлер болды. Оқушылармен сыныпішілік қарым-қатынасты жақсарту мақсатында «Достық» «Қарым-қатынас» тренингтері жүргізілді. Сабақ процессіне кедергі келтіретін мәселелер бойынша және орта буынға бейімделулері үшін оқушылармен жеке кеңестер жүргізіліп, психопрофилактикалық және психокоррекциялық бағытындағы жұмыстар жүргізілді. 27.09.2019ж.күні 11 сынып оқушыларымен «ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай?» / 1 тренинг сабақ/ өтті. Мақсаты: Емтиханға дайындау кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл-күйін көтеру.Тренинг барысында «Амандасу» жаттығуы ,«ҰБТ-ға шолу» пікірталас «Стреске қарсы гимнастика»,«Сенімділік бейнесі» жаттығуы, «Шынымды айтсам» топтамалар жиыны ,«Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы, Релаксация «Өз жұлдызыңды тап» жаттығулары жүргізіліп оқушыларға емтиханға дайындалудың психологиялық жақтары айтылып,талқыланды.


Қазан айының алғашқы аптасында жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары бойынша 5-11 сынып оқушыларынан «Ғашықпын әрқашанда, Өмір саған!» тақырыбында шығарма алынды.Алынған шығарманың нәтижесі шығарылып, қорытындыланды. Қорытынды бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында суицидтік мінез-құлыққа бейім оқушы жоқ екендігі анықталды.Мектеп бойынша үлгерімі төмен оқушылардың жеке тұлғасы зерттеліп,психологиялық карталары толтырылды.
04.10.2019ж.күні Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру,шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау,дұрыс қарым-қатынас орната білу күш-қуат жинау,өзін-өзі тану,өзін еркін сезінуге көмектесу мақсатында «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты тақырыпта мұғалімдермен психологиялық тренинг жүргізілді. Тренинг барысы «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуымен басталды. Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.Жаттығу барысы: Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...».Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма? Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын» деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз? Мұғалімдерге ситуациялық сұрақтар қойылды. Тренингкте Coffee break жүргізілді. Топтарға бөлініп берілген сұрақтарға өз тәжірибелерімен бөлісе отырып жауаптар берді. Тренинг барысында «Теңізге саяхат» релаксация жаттығуы, «Оның есесіне мен...» жаттығуылары жүргізілді.Тренинг соңында мұғалімдерге тілек тіленіп , көңіл-күйлеріңіз үнемі жақсы болсын деген мақсатта сыйлыққа смайликтер таратылды.

16.10.2019ж.күні дарынды оқушылармен «Кешегі, бүгінгі, ертеңгінің жастары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дарын ғылыми -жобасына қатысатын оқушылармен және жетекші ұстаздарымен мектептің шығармашылық жұмыстарына жауапты Мукашева Толқын түсіндірме жұмыстары жүргізді.

10.10.2019ж.күні МАД тобы мен 1 сынып оқушыларын мектепке бейімдеу мақсатында « Дастық» тренингі жүргізіліді. 3,5,6а,6б,8 сынып оқушыларын сыныпқа бейімдеу, достық жақсы қарым-қатынас жасауға көмектесу,қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру,қолайлы психологиялық климат орнату ,тұлға аралық қатынастағы кедергілерді жою мақсатында «Достық қымбат өмірде», «Дос болайық бәріміз», «Менің көзқарасымдағы менің сыныбым» тақырыптарында психологиялық тренинг сабқтар жүргізілді.


11 сынып оқушыларны емтиханға психологиялық дайындау мақсатында «Емтихан кезінде стресстен қалай арыламыз?» тақырыбында 2 психологиялық сабақ жүргізіліп, 11 сынып оқшыларынан сауалнама алынып қорытындысы шығарылды. 2019-2020 оқу жылы бойынша 15 кеңес,42 топтық жұмыс тіркелді. Мектептің психологиялық ахуалы тұрақты
Мектеп психологы: Т.Темірбек