2023-2024 оқу жылына арналған арнайы педагогтың мектеп мұғалімдерімен жүргізетін жылдық жұмыс жоспары
«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры.
_______ А. Халелқызы
« » 2023ж
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен »КММ
2023-2024 оқу жылына арналған арнайы педагогтың мектеп
мұғалімдерімен жүргізетін жылдық жұмыс жоспары
Мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін жұмыстың мақсаты:
Ø Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерін психологиялық-педагогикалық қолдау.
Мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін жұмыстың міндеттері:
- ЕББҚ ететін оқушылар туралы мұғалімдерді ақпараттандыру;
- ЕББҚ жағдайында оқыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру;
- ЕББҚ оқытуда кездесетін қиындықтар бойынша кеңес беру, шешу жолдарын ұсыну.
№ | Жұмыс мазмұны, Тақырыбы | Мерзімі | Жұмыс мазмұны |
1 | ПМПК қорытындысына сәйкес ЕББҚ бар оқушылардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының мазмұнын нақтылау | Қыркүйек | ПМПК қорытындысы |
2 | Сынып жетекшілері және пән мұғалімдерімен бірлесе ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың тізімін анықтау. Ұсынымдар әзірлеу және оларды іске асыру. | Жыл бойы | Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б. |
3 | «Инклюзивті білім беру жағдайында сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырудың жолдары мен құралдары» тақыбырында педагогикалық кеңеске баяндама дайындау | Қараша | Презентация,анықтама Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының әдістемелік ұсынымдары (nao.kz) |
4 | «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қолдау моделін қалыптастыру» | Наурыз | Презентация,анықтама Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының әдістемелік ұсынымдары (nao.kz) |
5 | Сынып жетекшіге кеңес беру | Күнделікті | Кеңесті тіркеу журналы |
6 | "Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытуда тиімді әдістер мен технологияларды енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар " | Сәуір | Презентация, анықтама Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының әдістемелік ұсынымдары (nao.kz) |
7 | Қорытынды есеп | Мамыр | Жылдық есеп |