5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылы бойынша 5 сынып оқушыларын орта буынға бейімдеу мақсатында жүргізілген жұмыстарға
АНЫҚТАМА
Жоспарға сәйкес қыркүйек айында 5 сынып оқушыларымен «5 сынып дегеніміз не?» тақырыбында бірінші дамыту сабағы жүргізілді.Сабақтың мақсаты оқушыларды орта буынға бейімдеу,сыныпішілік қарым-қатынасты нығайту. Тренинг барысында оқушылар жаттығулар орындай отырып сұрақтарға жауап беріп, 5 сыныптың ерекшеліктерін айта кетті. «Ата-аналарға арналған ашық хат» жазды. Ашық хатта оқушылар бесінші сыныпта кездескен кедергілерді, қызықтарды, қиындық тудырған пәндерді және т.б өз ойларымен бөлісіп жаза кетті. Жиналыста ашық хаттар таратылып , балаларынаң пікірлерін ата-аналары оқыды. Мектеп директоры А.Халелқызы және мектеп психологы Т.Темірбек сынып оқушыларының сабақтарына қатысып оқушылардың бақылады. Алдағы уақытта үлгере алмаушы оқушылармен және сыныптың бейімделуіне көмек жасау мақсатында педагогикалық-психологиялық қолдау отырысын өткізу жоспарланды.
Сынып оқушыларының көңіл-күйлері бақылануда. Сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдеріне сынып оқушыларын орта буынға бейімдеу бойынша кеңестер берілді. Оқу мотивациясын және пәнге көзқарастарын анықтау үшін «Түймедақ» әдістемесі жүргізілді. Нәтижесі шығарылып педагогикалық кеңес отырысында ұстаздарға таныстырылды.
Педагог-психолог: Темірбек Т.Т