2021-2022 оқу жылы бойынша психологиялық қызметтің жылдық атқарған жұмыстарының есебі » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
май
2022

2021-2022 оқу жылы бойынша психологиялық қызметтің жылдық атқарған жұмыстарының есебі

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

 коммуналдық мемелекеттік мекемесі педагог-психологтың 

2021-2022 оқу жылы бойынша атқарған жұмыстарының


                                                              Есебі        

            2021-2022  оқу жылына арналған мектеп педагог-психологының жылдық жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспарға оқушыларға сенім жәшігі және сенім телефонының құрамы таныстырылып,түсіндірме жасалынды. Оқушыларға келеңсіз оқиғалар орын алған жағдайда мобильдік топ құрамына қоңырау шалып немесе сенім жәшігіне хабарлану керек екендіктері жайында айтылды. 11 сынып оқушыларына «Емтихан кезіндегі стресстен қалай арыламыз?» тақырыбында /1 тренинг сабақ/ жүргізілді. 1 сынып оқушыларын мектепке дұрыс бейімдеу .Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасап, жақсы қарым-қатынас дамыту  мақсатында 1 сынып оқушыларынаңы ата-аналарына психологиялық кеңес жүргізілді.  Оқушылардың күнделікті көңіл -күйлерін  анықтау жүргізілді. Қыркүйек айы бойынша кәмелеттік жасқа толмағандар арасында зорлық-зомбылық,құқық бұзушылық  фактілері болмады. Оқушылар қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында «Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?» тақырыбында баяндама жасалынды. ВК әлеуметтік желісі арқылы оқушылардың келеңсіз сайттарды қолдануы жайында  зерттеу жүргізілді. Оқушылар инстаграмм, тик-ток әлеуметтік желілелерін қолданады екен. Келеңсіз сайттарға кірген оқушылар анықталмады.  


         02.10.2021 күні 1 сынып оқушыларын қорқыныш сезімінен арылту, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Алақай! Мен оқушымын» тренинг жүргізілді. Баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау мақсатында 1 сынып оқушыларына  «Керн-Йирасек 3 тапсырма»  диагностика жүргізілді. Диагностика қорытындыланып,сынып жетекшілерімен талданды.   25.10.2021 күні   «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акция аясында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс Кеген АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция  аға лейтенанты А.С.Когамбаев және АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Р.Қ.Бейсеновтың   қатысуымен болып өтті. 


Мектеп психологы Темірбек Тоғжан  «Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» және «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналарға баяндама оқып,ата-аналарға арналған психологиялық кеңестер ұсынды. Аталған тақырып бойынша  I тоқсанда атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. 



«Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларына   бейнеролик көрсетілді.  Бейнероликтегі жасөспірімдердің мінез-құлықтары  оқушылармен бірге талқыланып, оқушылармен пікір алмасты. Оқушылардың өмірге құлшыныстары арттыру, жеке тұлға ретіндегі мінез-құлықтарын қалыптастыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларына «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. 7-11 сынып оқушыларына «Жасөспірімдердегі өтпелі кезең ерекшеліктері» тақарабанда шағын дәріс жүргізілді.   Қыркүйек ,қазан айларында құқық бұзушылық және зорлық-зомбылық фактілері орын алмады.Оқушылардың күнделікті көңіл-күйлері бақылануда. Психологиялық ахуал тұрақты.   



  Қазан айында 5 сынып оқушыларынан «Оқу мотивациясын зерттеу» сауалнамасы алынды. Мақсаты: оқушылардың оқу процесіне бейімделуін, оқуға мотивациясын және сыныпппен қарым-қатынасын анықтау.  Сауалнамаға 14 оқушы қатысты. Сауалнаманың қорытындысы бойынша 5 сынып оқушыларының 70%  оқу мотивациясы қалыптасқан, 30% қалыптаспаған.  Сынып оқушыларының жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру, сыныппен, ұстаздармен қарым-қатынасын жақсарту мақсатында «Достық» және «Мен 5 сынып оқушысымын!»   тақырыптарында психологиялық тренинг жүргізілді. Тренингте оқушылар ата-аналарына арнап «Ата-аналарға арналған ашық хат»  жазды. Ашық хат сынып оқушыларының ата-аналар жиналысында таныстырылып,оқушылардың пікірлері талқыланды. 

 Ата-аналарға   «5 сынып оқушыларының бейімделуі» тақырыбында баяндама жасалынды. 5 сыныпта оқушыларда кездесетін қиындықтарды жеңу   және балаларды психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету керектігі жайында бірнеше кеңестер ұсынылды. Сынып оқушыларының сабаққа қатысулары жаман емес. Сыныпта белсенді оқушылар көп .Алдағы уақытта сыныптың бейімделуіне ықпал жасап,сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен және ата-аналарымен тығыз байланыста болу. Сабақтарына қатысу.    

          Жоспарға бойынша қараша айының басында оқушылардың зейін тұрақтылығын анықтау және дамыту мақсатында 2 сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу «Өрнекті жалғастыр» әдістемесі жүргізілді. Әдістеменің қорытындысы шығарылып,сынып оқушыларының зейін тұарқтылықтарының деңгейі анықталды. 12.11.2021ж 1 сынып оқушыларының жағымды бейімделулеріне жықпал жасау үшін «Мектепке саяхат» психологиялық тренинг жүргізілді. Тренингте оқушылармен қызықты ойын-жаттығулар жүргізіліп,бір -бірімен жағымды қарым-қатынас орната білді.  Оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау және оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында   11 сынып оқушыларымен «Менің өмірдегі орным»2 тренинг сабақ жүргізілді. Тренингте оқушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, болашаққа деген армандарымен бөлісті. 5-11 сынып оқушыларына «Ұялы телефонды дұрыс пайдалана білеміз бе?» тақырыпта шағын дәріс жүргізіліп, оқушыларға ұялы телефонды дұрыс пайдалана білу керек екендігі жайында кеңестер берілді. 




          Қараша айында жалпы қыздар жиналысы болып өтті. «Қыз қылығымен көрікті» психологиялық тренинг жүргізілді. Тренингтің мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар-намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп,ел алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Қыздардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту және кеңестер беру. Тренинг барысында «Күн шуағы» жаттығуы, «Қыздарға арналған психологиялық 40 кеңес», «Есесіне мен …» жаттығуы, Мақал-мәтелдерге постер құрастырып, сұрақ-жауап жүргізілді. Тренинг соңында қыздарға «Қыз қылығымен көрікті» , «Ерте жүктіліктің зияны» тақырыптарында бейнероликтер көрсетіліп , түсіндірме жұмыстары жасалынды.     

24.11.2021ж  9 сынып оқушыларымен «Маған өмір керек , мен өмірге керекпін» психологиялық тренинг жүргізілді. Тренингтің мақсаты: өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру және өмірдің құндылығын сізендіру. Тренинг барысында оқушыларға  тапсырмалар беріліп,пікір жүргізілді. Сонымен қатар тренингте  бірнеше қызықты психологиялық жаттығулар оқушылармен жүргізілді. Тренинг соңында өздерінің болашаққа деген армандарымен бөлісіп, бір-бірлеріне  жүректен шыққан жақсы тілектерін білдірді. 


 Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын анықтау профилактикасы бойынша  5-11 сынып оқушыларынан «Өмір- тәңірдің берген сыйы!» тақырыбында шығарма алынды. Шығарманың қорытындысы бойынша оқушылардың өмірге көзқарастары жоғары .Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге «Егер сен өмірдің қиын жағдайына тап болсаң» тақырыбында жеткіншектерге жадынама жүргізіліп ,бірнеше психологиялық кеңестер берілді.Балалар қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында сайт маниторинг ВК әлеуметтік желісі арқылы  зерттеу жүргізілді. Мектеп оқушылары арасында келеңсіз топтарға тіркелген оқушылар анықталмады. Қараша айы бойынша  құқық бұзушылық және зорлық-зомбылық фактілері орын алмады. Сынып психологтарымен және сынып жетекшілермен  байланыс жасай отырып, оқушылардың сыныпішілік қарым-қатынастары, күнделікті көңіл-күйлері бақылануда. Психологиялық ахуал тұрақты.                  Желтоқсан айының алдынғы аптасында 1 а, б сынып оқушыларнан «Не жетпейді?»,«Қисынсыздықты тап»,«Аяқталмаған сурет» әдістемелері жүргізіліп,қорытындысы шығарылып сынып жетекшілеріне таныстырылды. Әдістеменің мақсаты: оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін анықтап, байқағыштық логикалық ойлауын және өз ойын грамматикалық дұрыс құра білу іскерлеіктерін дамыту. 9 сынып оқушыларынан «Кәсіби бағдар» Голланд тест жүргізіліп,сараптама жасалынды. Сынып оқушыларының таңдаған жауаптары бойынша кәсіби бағыт беру жұмыстары алдағы уақытта жүргізіледі. Мектеп қыздары арасында жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактілерін анықтау мақсатында   5-11 сынып қыздарынан жасырын сауалнама алындыСауалнаманың қорытындысы бойыншақыздар арасында зорлық-зомбылыққа тап болғанұшыраған мектеп қыздары анықталмадыҚыздар арасында ай сайын сыныпішілік жиналыстары сынып жетекшілерімен жүргізілуде

                20.12.2021 ж бастауыш сынып оқушыларымен «Біз бақытты баламыз» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілдіТренингте оқушылар ойын-жаттығулар орындап , тілектерін білдіріпөздерінің болашаққа деген армандарымен бөлісті.

 Жеткіншектердің тұлғалық ерекшеліктерін дамыту және түзету мақсатында   7 сынып оқушыларымен агрессияға қарсы жаттығулар жүргізілді. Бастауыш сынып оқушыларының зейінін,қабылдауын,есте сақтау процесін және логикалық ойлауын қалыптапстыруға арналған психологиялық тренинг-жаттығулар жүргізілді. 4 сынып оқушыларына  профилактикалық бағыт бойынша оқушылардың тәртіп бұзуға бейімделулерінің алдын-алу мақсатында «Тәрбие-отбасынан басталады» тақырыпта бейнеролик көрсетілді.Оқушылар бейнероликтің мәнін аша отырып , жеке пікірлерімен бөлісті.  

Балалар қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында сайт маниторинг ВК әлеуметтік желісі арқылы  зерттеу жүргізілді. Мектеп оқушылары арасында келеңсіз топтарға тіркелген оқушылар анықталмады. Желтоқсан айларында құқық бұзушылық және зорлық-зомбылық фактілері орын алмады. Сынып психологтарымен байланыс жасай отырып, оқушылардың сыныпішілік қарым-қатынастары,күнделікті көңіл-күйлері бақылануда. Психологиялық ахуал тұрақты.   

8-11 сынып оқушыларының,ата-аналарыАқпан айында  5-11 сынып оқушыларынан «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы ақша жинау,салық салу, фактілерін анықтау» мақсатында  сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың қорытындысы бойынша  оқушылар арасында ақша жинау,салық салу фактілері жоқ. Тәрбие орынбасыры  Халылқызы Әлия және мектеп психологы Темірбек Тоғжан 5-11 сынып оқушыларына «Әлеуметтік желінің оқушы психологиясына зияны» тақырыбында шағын дәріс жүргізіп,түсіндірме жасалынды.  



           III тоқсан бойынша  кезекті қыздар жиналысы болып өтті.  Мектептің медбикесі Сәрсембаева Нүргүр қыздардың  гигенасы жайында, қыздар ұйымының жетекшісі   Жиенбаева Жазира «Қыздарға қырық үйден тыйым»  тақырыбында дәрістер жүргізді.  5 сынып оқушыларымен   «Мен сыныбымды жақсы көремін» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді. Тренингтің мақсаты:  Оқушылардың бір-бірімен  қарым-қатынасын  жақсарту, сыныпқа бейімдеу. Трнинг барысында жаттығулар жүргізіліп , оқушылар көріністер көрсетті. 



           23.02.2022 ж  сынып жетекшілермен «Мейірімді болса жүрек,орындалар тілек» тренинг жүргізілді. Мақсаты: Сынып жетекшілердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттірін бағалай білу,өздеріне құрметпен қарау,ұжымдық сыйластық қарым-қатынас орнату. "Бала тәрбиесінде сынып жетекшінің рөлі» баяндама жүргізілді. Тренинг барысында  «Ерке есім» , «Еңбек ағашы» жаттығулар жүргізілді. Ситуациялық сұрақтар беріліп, жағдаяттарды топтарға бөлініп шешті. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында жадынама таратылып, оқушылармен профилактикалық жұмыс мазмұнын талқылап психологиялық кеңес жүргізілді. 



9-11 сынып оқушыларының ата-аналының қатысуымен «Ана мен балалардың психологиялық және денсаулығын жақсарту жолдары» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық аурухананың салауатты өмір салты кабинетінің дәрігері Фариза Рахимова ,маманы Раушан Арынова және Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Гүлназ Толонқызы   қатысты. Мақсаты: Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы екенін ұғындыра отырып қарым-қатынастарын жақсарту. Баланың тәрбиелі болып өсуіне  ықпал жасау.Ата-аналар мен балалардың жақсы психологиялық көңіл-күйін қалыптастыру. 

7 сынып   жетекшісі Джакупова Жадыра  және мектеп психологы Темірбек Тоғжан   сынып  оқушыларының үйлерін аралап, ата-аналарымен  оқушылардың тәртібі және сабақ үлгерімі жайында пікірлесті.      


       04.03.2022 ж.күні «Менің балам қандай?» тақырыбында 7 сынып оқушыларының ата-аналарымен тренинг жүргізілді.Мақсаты: Қәзіргі кездегі баланың дамуына ,жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп,ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,жағымды қарым-қатынас орнату.Тренинг барысында  «Қызықты сұрақтар» , «Менің балам қандай?» және «Балама қандай жылулық беремін?»   психологиялық тренингтер жүргізілді.    «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ата-аналарға 

жадынама таратылып,кеңестер берілді. Тренинг соңында әр ата-аналар  өздерінің бала тәрбиесіндегі әдіс-тәсілдерін, тәжірибелерін  бір-бірімен бөлісті. Ұялы телефонның оқушы психологиясына кері жақтары және әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану ,балалар қауіпсіздігінің алдын алу   мақсатында ата-аналарға ұялы телефонды қажетіне пайдалануын қадағалау жайында бірнеше кеңестер берілді.    


      Мектеп психологы Темірбек Тоғжан «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында жадынама құрастырып  мектептегі жас ұстаздарды және 5-11 сынып оқушыларын жадынамамен таныстырып психологиялық кеңестер берді. 


       5 сынып оқушыларымен  «Бос қайық» , «Рахмет ата» аңыз әңгіме талқыланып ,оқушылар мазұнына қарай көріністер көрсетті. Аңыз әңгімелердің мақсаты: Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге оқушыларды тәрбиелеу.  




Жоспарға сәйкес тоқсанның басында 5-11 сынып оқушыларына «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық және бопсалаушылық фактілерін анықтау»  мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың қорытындысы бойынша  мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылық және   бопсалаушылық, ұялы телефон арқылы буллинг фактілері анықталмады . Емтихан тапсыратын 11 сынып оқушыларымен «Күйзеліске қарсы гимнастика»  жүргізіліп, күйзелістің алдын алу жөнінде бірнеше психологиялық кеңестер жүргізілді. 


            Сәуір, мамыр  айларында оқушылар арасында құқық бұзушылық және зорлық-зомбылық фактілері орын алмады. Сынып психологтарымен байланыс жасай отырып, оқушылардың сыныпішілік қарым-қатынастары,күнделікті көңіл-күйлері бақылануда. Профилактикалық және түзету-дамыту жұмыстары жүргізілуде. Психологиялық ахуал тұрақты.Кезекті ата-аналар жиналысында «Жасөспірімдер арасындағы буллинг,кибербуллинг және  құқық бұзушылық, әлімжеттік жағдайлардың алдын алу  және ата-аналарға қолдау көрсету» тақырыбында слайд көрсетіліп, түсіндірме жасалынды.



          «Бақытты ана- бақытты балалар» , «Отбасы - тәрбиенің басты ұясы» тақырыптарында   ата-аналармен  психологиялық тренинг жүргізіліді. Тренингтің  мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын түсіндіру.

Ата-аналарға  2021-2022 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар таныстырылып, төмендегі кеңестер берілді:   

      - Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;

- Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;

- Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.

Ал ата-аналарға 

- Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;

- Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді;




                     Педагог-психолог:                Темірбек Тоғжан Темірбекқызы