анықтама І жарты жылдық
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен » КММ бойынша педагог- логопед маманының 2021-2022 оқу жылындағы
І-жарты жылдықта атқарған жұмыстары жайлы
Анықтама
Қазакстан Республикасы Үкіметінің 11.07.2002жылғы №343 қаулысымен бекітілген «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогикалық түзету» шараларының жоспарын жүзеге асыру мақсатында жоспарға сай жекелей жұмыстар жүргізіледі.
Мұғалім –логопед жұмысының мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілінің кемшіліктерін анықтау ,сөйлеу және жазу тілі бұзылған оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу,сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын–алу жұмыстарын жүргізу.
Қыркүйек айының 01.09-15.09.2021 ж аралығында балалардың сабақтарына қатысып, баланың тіл кемістігін анықтау жұмыстары жүргізілді. Осы қабылданған оқушыларға өтілетін сабақтың күнтізбелік тақырыптық жоспары бекітілді.Тексеру барысында анықталған балалармен жұмыс жүргізілуде. Логопедиялық түзете-дамыту сабақтарына 12 оқушы қатысуда. Осы қабылданған балаларға аптасына 2 рет 20-25 минут сабақ өтіледі. Бала тіліне арналған артикуляциялық жаттығулары, саусақ жаттығулар,көркем жазуға, ойын тиянақты айтуға әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып сабақ өтіледі.
Мектеп директоры,оқу ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, психолог,дефектолог,логопед, медбике,сынып жетекшісі ата-анасының қатысуымен педконсилиум өтілді.
Бала бақша тәрбиеленушісі Қайырбек Айсұлтанмен мектеп психологы Темірбек Тоғжан, дефектолог Оңалбаева Әлия, логопед А.Байбуқаева үш маманның баланы тексерді.
Сабақ өз уақытында өтілуде