Қамқоршылық кеңес » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2018

Қамқоршылық кеңес

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2018 жылғы 9 қаңтар- 9 ақпан аралығында өткізілген «Қамқорлық» акциясы туралы


ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бұйрығына сәйкес 2018 жалғы 9 қаңтар- 9 ақпан аралығында дәстүрлі «Қамқорлық» республикалық акциясы өткізілді. Мөлтек аудан бойынша жетім, жартылай жетім, көпбалалы, әлеуметтік жағынан қорғалатын, сәтсіз отбасынан шыққан оқушылардың тізімдері нақтыланады. Қайырымдылық акциясын өткізуге арнайы комиссия құрылды. 1-11 сыныптардың ата-аналар комиттеттеріне оқушылардың материалдық жағдайларын тексеру, анықтау жөнінде ұсыныстар берілді. Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, түнгі рейд жүргізілді. Акция барысында оқушылармен әңгіме өткізіп, психологиялық көмек берілді. Міндетті оқу қорынан бөлінген қаражатқа әлеуметтік категорияға жататын 14 оқушы 1 мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Акция барысында 8 оқушыға 50000 тг көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.Бұл акция сыныптар аралығында ұйымдастырылды. Атап айтқанда төменгі сынып жетекшілер: О.Жетімекова, С.Исаева, Ш.Молдақынова, С.Әлімбаева, Г.Елжанова, М.Каирова, Д.Жайымбаева, К.Найзабекова, А.Рысбаев акцияға ата-аналарын жақсы ұйымдастырып, үлестерін қосты. 10 сынып оқушысы Қожан Бұлбұлға 10000 теңге ақшалай көмек көрсетілсе, 11 сынып оқушылары Бекен Самат пен Алтынғазы Ерсұлтанға 6000 теңгеден жылы кеудешелер, 8 сынып оқушылары Әбіжан Азамат пен Кеңес Айбарға 5000 теңгеге қажетті оқу –құралдар, 4 сынып оқушысы Алтынғазы Мирасқа, 3 сынып оқушысы Байжума Мадиярға 5000 теңгеден куртка, 7 сынып оқушысы Мұрат Айдана 8000 теңгеге қыз балаға қажетті гигеналық заттармен қамтамасыз етілді.
«Қамқорлық жасау – игілікті іс» екендігі баршамызға аян. Мұндай игілікті шара алдағы уақытта да жалғасын табады.