Мектеп тарихы » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
май
2017

Мектеп тарихы

Бөлексаз орта мектебінің негізі 1929 жылы Талды бастауыш мектебінің негізінен құрылған. Мектеп меңгерушісі Әлімғожа Қасенов болды. Осы кездегі алғашқы ұстаздар: Жоламанов Әбдіреш, Бүбін Байтуова, Исмайлов Наурызбай сияқты мұғалімдер оқушыларға жан-жақты білім беріп,тәрбие жұмысын жүргізді.
1957 жылдың сәуір айынан бастап №337 –савхоз орталығын бұрынғы тұрған жері Тұйықбұлақтан осы Бөлексазға көшірді.
Бұл кезде мектептің аты №337-совхоздың «7 жылдық» мектебі деп аталды.
1958 жылдың қаңтар айынан бастап, мектеп коллективінің ұсынысы бойынша жер атына байланысты мектептің атын –Бөлеказ мектебі деп аталды.Мұны ауылдық совет атқару комитетінің исполкомы бекітті.Міне содан бері,1958 жылдың 1/1-айынан бастап «Бөлексаз» сегіз жылдық мекетебі деп аталды.
Матаев Әбдінұр бұл мектепте 1962 жылдың 15/ҮІІ –на дейін директоры болып істеді.1962 жылдың шілдесінен бастап Кәдірбаев Тұрсынбай 1968 жылға дейін мектеп директоры болды. 1969 жылы Дәуітбаев Мұратбек, 1972 жылдан Әбілжанов Бәзіл ,1976 жылдан Нұрсейітов Бейсекерім басшылық жасады.Жүнісов Үмбетжан 1981-1983 жылдары директор болды.1983 оқу жылында он жылдық мектеп болып аталып,Тазабеков Едіге басшылық етті.1987 -1995 жылдары Әбдіхалықов Тұяқ басқарды.
1989-1990 оқу жылында 624 балалық жаңа 3 қабатты мектеп пайдалануға берілді.500 баладан аса оқушы толды.Аспандиярова Тұрсынғайша 1995-2008 жылдары осы мектепті басқарды.Ол кісінің зейнеткерлікке шығуына байланысты 2008-2009 оқу жылынан бастап Оңласынов Айбол Сәкенұлы, 2013-2014 оқу жылынан бастап Масимханов Мұратжан Қожанұлы басқарып келеді.