" Халқы сүйген қаламгер" кітап көрме
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс-шарасы
АНЫҚТАМАСЫ
Бөлексаз орта мектебінде он тоғызыншы қаңтар күні кітапханада «Бір ел-бір кітап 2024» Жыл таңдауы Б.Соқпақбаев «Халқы сүйген қаламгер» атты кітап көрме Жазушы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай жасалып оқушыларға таныстырылды .
Кітап көрмесінің мақсаты – оқырмандарды, оқушыларды балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстырып, кітаптарын оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Б.Соқпақбаев – психолог, бала жанын терең зерттеген қаламгер. Сондықтан оның шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қазынасына қосылған құнды дүниелер қатарында. Жазушының шығармалары қай ғасырда да ескермейді, қайта ерекшелігін таныта береді.
Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқимыз.

Кітапханашы Г.Балтабаева
19.01.2024ж