Кітапхана активінің отырысын ұйымдастыру
14.10.2021 ж. Кітапхана активінің отырысы өтті.
Кітапхана активінің мүшелерін тағайындау.Кітап секторларын әр сынып бойынша таныстыру. Оларға жұмыстары жайлы түсіндіру, тапсырмалар беру.



Кітапханашы Г.Балтабаева.
ХАТТАМА №1
19.01.2022 жыл Бөлексаз ауылы
Кітапхана активінің кезекті отырысы
Төрағасы: Амантай Н
Хатшы: Байжұма А Қатысқандар: 10
Күн тәртібі:
Оқырмандармен жұмыстың әдістері.
Тыңдалды:
Актив төрағасы Амантай Нұрбақыт біз кітапхана активтері кітапхана жұмысын жандандыруға ат салысуымыз қажет. Кітапханаға оқырман тарту, әртүрлі кітапханалық шаралар өткізу, оқырмандардың көркем әдебиет алуы, оны уақытында өткізуі, қарыз оқырмандарға ескерту беру біз арқылы жүруі тиіс. Өйткені бәріміз өз сыныбымыздың оқушыларын жақсы білеміз. Оқулықтың күтімі, сабаққа толық әкелуі, оқулықпен қамтылуын біз өзіміз дәптер бастап соған жазып отыруымыз керек.
Байжұма Жанерке - Әр квартал сайын болатын осындай отырыстарда өз ойларымызды ортаға салайық. Әрқайсымыз өз сыныбымыздың жай-күйін бағалайық. Оқулық жоғалтқан, кітап өткізбеген оқушылар болса сөйлесейік.
Қаулы етеді:
- Оқырмандар арасындағы жұмыстың дұрыс жүргізілуін қадағалау актив төрағасы Амантай Нұбақытқа тапсырылсын.
- Кітапхана жұмысын жандандыруға көмектесу кітапхана активі мүшелерінен сұралсын.
Кітапхана активінің төрағасы: Амантай Нұрбақыт
Хатшысы: Байжұма Жанерке