"Тәуелсіздіктің бір тірегі-төл теңгеміз" әңгіме
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Масимханов.
Ә.Халелқызы.
---------------------2021ж
Тәуелсіздіктің бір тірегі- төл теңгеміз
әңгіме
16.11.2021 жыл
Кітапханашы Г.Балтабаева
1993 жылы 12 қарашада ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлық шығарды. Үш күннен соң теңге айналымға енгізілді.
Жалпы теңгенің өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Оның дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды.
Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жылы теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. 1992 жылы тамызда Ұлттық банкте теңге купюрасының үлгілерін бекіткен дизайнерлер тобы Англтияға аттанды. Өйткені елде ақша бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті, құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы еді. Осындай кезеңде елде қаржылық реформа жүргізіліп, ұлттық валютаның қажетті қаражаттық инфрақұрылымын жасау қолға алынды. Осылайша ең алғашқы теңге Англияның ең көне әрі әйгілі әХариссон және ұлдары» фабрикасында басылып шықты. Ал алғашқы металл монеталар Германияда әзірленді.
Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары әзірленді. Оларды арнайы ұшақтар тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға бірнеше рет ұшып барып қайтып келді. Ең алғашқы теңгемізде телгілі тарихи тұлғаларымыздың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа ӘбуНасыр әл-Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте Абай, елу теңгелікте Әбілхайыр хан, жүз теңгелікте Абылай хан бейнелері салынды.
Осылайша Қазақстан 1993 жылы қазан-қараша айларында рубль аймағынан толықтай шықты. Сол жылы Алматыда құрылысы басталған банкнот фабрикасы екі жылдан соң толық аяталып, 19 мамырда ресми ашылу рәсімі өтті. Н.Назарбаев осында басылып шыққан алғашқы миллион теңгені бүкіл Қазақстанға көрсетті. Қазір тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады. Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң олар металл тиындарға ауыстырылды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен ауыстырылды. Монета Өскемендегі монета сарайында дайындалып шығарыл Сөйтіп Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі Қаржыгерлер күні болып белгіленді. 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.