12
май
2022
Жыр алыбы Жамбыл. Дөңгелек стол. 6 сыныптармен
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
АНЫҚТАМА
Бөлексаз орта мектебінің 6 сынып оқушыларымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Жыр алыбы Жамбыл» атты дөңгелек стол өтті.Ақиық ақынның жыры да, сыры да мәңгілік тақырыпты қозғайды.Жыр дүлділі Жамбыл Жабаев есімінің бүкіл жер шарын шарлаған кезі- жиырмысыншы ғасырдың отызыншы жылдырының ортасы.
Халқымыздың рухани тұғырына айналған Жамбыл Жабаев халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтады, елдің еңсесі биік болса деген асыл мұратын жырларына арқау етті. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді
