Жалаулы қоймасы. Танымдық әңгіме » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
декабрь
2021

Жалаулы қоймасы. Танымдық әңгіме

Жалаулы қоймасы


Жалаулы қоймасы – алтын бұйымдар қоймасы. Бұл қойманың ашылуы бір қызық оқиға. Оны Алматы облысы Кеген ауданындағы Жалаулы елді мекенінің маңындағы өзен аңғарынан мектеп оқушылары тауып алған.Сірə, бұл əлдекімнің қолына түсіп, өзен аңғарына жасырылған қойма болуы керек. Құрым киізден тігілген дорбаға салынған бұйымдардың табиғаты осындай ойға жетелейді. Киімдердің, белдіктер мен ат əбзелдерінің (саймандарының) əшекейлері жəне басқа да зергерлік алтын бұйымдардың жалпы саны алты жүзден асады. Олардың ішіндегі аса бағалысы – жарты ай тəрізді иіліп келген алтын тəж. Тəждің жоғарғы жағы асыл тастар қондырылған арқар мүсіндерімен безендірілген. Арқардың мүйіздері тұтасып келіп əсем өрнек түзеді. Аяқтарының ортасындағы құс қондырған қос марал бейнесі бар əшекей тек əсемдігімен ғана емес, айтар ой, мағынасымен де тосын дүние болып табылады. Табиғаты жағынан б.з.д. V – ІІІ ғасырларда өмір сүрген сақ мəдениетінің асыл үлгісі болып табылатын Жалаулы қоймасының ғажайып сырлары əлі толық зерттеліп, ашыла қойған жоқ.





         Алтын бұйымдар қоймасы аталған «Жалаулы» қоймасының табылуы –қызық оқиға. Оны Алматы облысы Кеген ауданындағы Жалаулы елді мекенінің маңындағы өзен аңғарынын мектеп оқушылары тауып алған.