Д.Исабеков "Қарғын". 8б сыныбымен 20 минуттық оқу талдау
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының іс-шарасының
АНЫҚТАМАСЫ
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-де мектеп кітапханашысы Балтабаева Гүлзира мен 8б сынып жетекшісі Жетімекова Орынгүлдің ұйымдастыруымен Дулат Исабековтың «Қарғын» романын оқушылар арасында талдау жасалды.
"Қарғын" романының қазақ оқырманы үшін құнды болуының тағы бір себебі қазақтың жаны суреттелетіндіктен деп ойлаймын. Қай кейіпкердің тағдырын алсаңыз да, ондай тағдырды өміріміздің өн бойында кездестіріп келеміз. Ішімізге түйіп келеміз. Жазушының шеберлігі, осы мінездің, күйзелістің, сезімнің бәрін психологиялық дәлдікпен ашуы, қорытуы. Адам жанының бір қалтарысында қалар, ешқашан ешкімге дауыстап айтылмас кейбір сырларды жайып салуы да жазушыға деген оқырман сенімін арттырады.
Кітапханашы Балтабаева Г
