М.Мақатаев "Жырлайды жүрек" поэзия кеші
Мұқағали Мақатаев-шынайы поэзия өкілі ғажайып ақындардың бірі.М.Мақатаев қазіргі Алматы обл, Райымбек ауданындағы , Қарасаз ауылында 1931ж. 9-ақпанда дүниеге келді.Балалық шағы соғыспен тұспа тұс келген Мұқағали өлеңді 10-11 жасында жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген. Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады. Бұл жылдары ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерген уақыты деп санауға болады.
Ауыл орта мектебін 1948жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті газетінде, жұлдыз журналында поэзия бөлімін басқарған» Қазақ Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі Хантаңірі газетінде) 1948ж жариялана бастаған 1954ж бір топ өлеңі «Әдебиет және исскуство» (қазіргі Жұлдыз) журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен « Қазақ әдебиетінде жарияланған»
Аз ғұмыр ішінде бірнеше лирикарық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған.Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін Дантенің, «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», « Сөнбейді әже шырағың», «Кел еркем ала тауыңа » өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.
М.Мақатаев қаламынан «Қарлығашым келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», « өмір –даста» т.б жыр жинақтары туған.Қырық бес жасында қайтыс болған соң Мұқағалидің екінші өмірі өлмес ғұмыры басталады. Ақынның артында қалған мол мұрасы «Соғады жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Өмір өзен » т.б жыр кітаптары «Қош махаббат», атты прозалық кітабы қолдан қолға түспей іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.
М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан кең ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер , адамдар тағдыры, өмір мен өлім ,ана мен бала , ақын мен ақындық .соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестелеген.