А.Кристи "Ғайып болған миллион". Библиографиялық шолу 8б сыныптарымен
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
«Оқуға құтар мектеп» жобасы аясында 8б сыныптарымен Агата Кристи«Ғайып болған миллион» кітабын оқып талдау ,библиографиялық шолу.
Жоспары:
1.Тақырыбы: Ғайып болған миллион.
Мақсаты: Оқушыларға ағылшын жазушысы - Агата Кристидің шығармасындағы басты мәселелері қандай болды десек , өзінің адал-руханилығымен адамгаершілік мәселелерін талдағанын түсіндіру.
Тәрбиелігі: Оқырмандарға жазушының шығармаларындағы шын батылдыққа білімді де, білікті азамат етіп тәрбиелеу.
Әңгіменің өту тәсілі: Баяндау. Пікір алмасу.
Көрнекілігі: Кітаптан көрме жасау.
Негізгі бөлім: а) Кіріспе
«Ғайып болған миллион» Әділ Ахметовтың аудармасы.
ә) Өз ойларын ортаға салу.
б) Қорытындылау.
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Агата Кристидің «Ғайып болған миллион» кітабын 8 б сыныбымен талдау
Әділ Ахметовтың аудармасы Агата Кристи «Ғайып болған миллион» Агата Кристи –детектив әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі, ата әлемге әйгілі ағылшын жазушысы. Оның қаламынан туған сексен бес романы мен пьеса жинағы дүниежүзінің көптеген тіліне аударылған. Бұл кітапқа жазушының бір топ әңгімелері еніп отыр.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында әлем әдебиетінің үздік шығармаларын оқыту мақсатында детектив әдебиетінің көрнекті өкілі, аты әлемге әйгілі ағылшын жазушысы Агата Кристидің «Ғайып болған миллион» атты шығармасын көпшілік оқырманға оқуға ұсынды. Қазақ тіліне аударған жазушы Әділ Ахметов.
Кристи көпшілікке детективтік шығармаларымен танымал. Жалпы саны 60 детективтік роман мен 19 жинақ басып шығарған. Лондон театрларында ұзын саны 16 пьесасы қойылды. Оның еңбектері көптеген әлем тілдеріне аударылған. Шекспирден кейін бұндай құрметке ағылшын жазушыларынан ешкім ие бола алмаған. Жазушының «Ғайып болған миллион» атты кітабы тақырыбы айтып тұрғандай кеме ішінде кілтте тұрған миллион долларға бағаланған облигациялардың буға айналып, ұшты-күйлі жоғалып кетуі туралы айтылады. Құпияға толы ұрлықты аңғарымпаз әрі шебер бельгиялық із кесуші аша алар ма екен? Ол жөнінде кітапты оқи отырып, біле аласыздар.
Кітапханашы: Г.Балтабаева
