С.Бегалин "Шоқан асулары" 7 сыныптар арасында кітапты талдау
Кітапханашы: Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары» повесі алғаш рет 1964 жылы «Жазушы» баспасынан «Бала Шоқан» деген атпен жарық көрді. Сосын толықтырылып 1971 жылы сол баспадан, 1976 жылы «Жалын» баспасынан «Шоқан асулары» деген атпен жарық көрді.
Повесте Шоқан Уәлихановтың балалық шағы, кадет корпусында оқыған жылдары, ғалым атанған кезі кеңінен қамтылған.
Сапарғали Бегалин ұлы ғалым есімін алғаш Семейдегі «Приходская школасында» оқып жүрген кезінде естігенін, кітапхададан ол жайлы мәліметтер оқығанын, тарихи тұлға қызықтырып, ісденіске барғанын айтады. Жазушының өз сөзінше – ізденіс екі арнада жүргізіліпті: бірі архив, кітапхана деректері де, екіншісі Шоқанның жақын-жұрағаттарымен әңгімелесуіне негізделген ауызекі мәліметтер.
Жазушының «Шоқан асулары» повесі балаларға және жасөспірімдерге арнап жазылған шығарма.
Қазақ халқының асыл перзенті өмірін бейнелейтін «Шоқан асулары» шығармасында аталыш тарихи тұлғалар өскен, қалыптасқан ортасымен қамтыла әңгімеленеді.
Ал енді жазушы өмірімен қысқаша танысып өтейік:
1 оқушы жазушы өмірі мен творчествосы туралы шағын оқып береді.
Кітапты талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
1.Бала Шоқан мен мүсінші Мысықтың достығы.
2.Шоқанның алғаш рет оқуға қызығушылың оянуы
3. Аға достарымен сыйласуы.
4. Шоқанның біздің жерімізге саяхаттап келуі.
5. Шоқанның «Кеген» атауы туралы естіген әңгімесі.
6. Бала Шоқанның ғалым Шоқанға айналуы
Оқырмандар пікірі тыңдалады.
Кітапханашы: Құрметті оқушылар! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жерге туыңды тік» жеген қанатты сөзі бар.
Соның айғағы ретінде С.Бегалиннің «Шоқан асулары» кітабында ғалым Шоқанның Қазақстанның географиялық орнын, оның табиғатын, салт-дәстүрін, мәдениетін зерттегенін. туған жерін соншама жақсы көргенін осы кітаптан түсініп отырмыз.
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметінің қалыптасуы жайлы жазылған Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары» повесі балалар мен жасөспірімдерді халқымыздың ұлы перзенттерін құрметтеуге, тарихқа адал, достыққа берік болуға тәрбиелейді.
Сондықтан құрметті оқырмандар, өзіміздің ой-өрісіміздің аясын кеңейтіп, Қазақстанымыздың тарихын терең түсінуге ұмтылсақ кітаппен дос болайық.
Шоқан асулары
Ауыз әдебиетінің білгірі, этнограф, жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалин (1895-1982 ) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген. Ол поэзия, проза, драматургия саласында бірдей қалам тартқан балалар әдебиетінің классигі. Өмір сырын терең танып, өз ғұмырында мол тәжірибе жинақтаған қаламгер барлық көрген-білген, көкейге түйген қазынасын балаларға арнаған. Өміртаным сабақтары бәрінен де кішкентай оқырманға аса қажет екендігін қаламгер түйсігі жазбай таниды. Өзі де осы салада талмай еңбек етеді. Оның аңшылық, саятшылық тәрізді өнер түрлерін танытатын «Сәтжан», Көксегеннің көргендері» «Бала мерген» «Бала Шоқан» сияқты әңгіме, повестері, «Будан», «Жылқышы», «Баян жүрек» сияқты өміртанымдық поэмалары – оқырман көкейінен шыққан сүйікті шығаралар. Адамгершілік, Отаншылдық тәрбие беретін «Жас бұтақ», «Қант бұршақ», «Жеткіншектер», «Киіксор» «Ойламаған жүріс», «Сымбатты Сима», мінез-құлық, әдеп мәселелерін көтеретін «Ұрыншақ», «Жершіл шымшық», «Бес батыр» қатарлы көптеген шығармалары – жас өскіннің рухани қалыптасуына елеулі үлес қосып келе жатқан бағалы дүниелер. Қаламгердің көптеген шығармалары шет тіліне аударылған. Сапарғали Бегалиннің шығармашылығы – тек қазақ әдебиетінің ғана емес, барлық балалар әдебиетінің асыл қазынасы. Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі. Жазушының балалар әдебиетіне қосқан елеулі еңбегінің бірі – «Бала Шоқан» повесі. Өз заманынан өза туған талантты тұлға Шоқан өмірі туралы еңбек жазу қаламгерді ерте еліктіреді. Семейде оқып жүрген кезінен Шоқан өмірі туралы естіп өскен қаламгер көптеген тарихи деректерді зерделейді. Жазушы өз естеліктерінің бірінде: «...Шоқан өміріне қатты құмарттым. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол – Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жазуға жұмылдырды. «Бала Шоқанды» осылай жаздым» – дейді. «Бала Шоқан» повесінен алынған үзінді күзеке Шыңғыс ауылының келгеніне аса қуанған сары бала әрекетінен басталады. Кейіпкерлері: Шоқан, Мысық, Шоқанның анасы, әкесі, інісі, Жақып. Әрқайсысының мінез ерекшеліктері әңгіме барысында олардың іс әрекеті арқылы ашылып отырады. Автор бала Шоқанның барлық әрекетінен жасынан ақылды, мейірбан, байсалды балғанын аңғартады. Автор Мысықтың іс-әрекеті мен портретінен шағын ғана өз әлемінде жетіліп келе жатқан шебер баланың секемшіл, үркек мінез-құлқын нанымды жеткізеді. Шығармада баяндау басым, тілі жеңіл. Автор шығарма желісі арқылы өнерге деген үлкен құрмет пен Шоқан бойындағы адамгершілік қасиеттерді өнеге етеді.
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесімен
АНЫҚТАМА.
«Оқуға құштап мектеп» жобасы аясында Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары» кітабын 7 сынып оқушылары кітапханашы Гүлзира Балтабаева мен сынып жетекшісі Жакупова Жадыранынң ұйымдастыруымен сыныпта талдау өтткізді.Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары» хикаятында қазатың ұлы ғалымы, әйгілі саясатшысы Шоқан Уәлихановтың балалық шағы, қадет корпусында оқыған жылдары, ғалым атанған кезі кеңінен қамтылған. Шығарма балалардың ұғымына лайық тартымды тілмен жазылған. Шоқан білімі жағынан өзімен бірге оқыған жолдастарынан әлде қайда озық екендігі туралы айтылады.Шоқан қайрымды әділ, уәдеге берік, көргенін пайымдай алатынын тілге тиек етеді. Балалар кітапты қалай оқығандары туралы сұрақ-жауап беру арқылы пысықталды.
Кітапханашы Г.Балтабаева.
Сынып жетекшісі Ж.Джакупова
