М.Әуезов "Қорғансыздың күні" 9 сынып оқушыларымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша талдау
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Халелқызы
М.Наурызбаева
---------------------2022ж
Мұхтар Әуезов
«Қорғансыздың күні»
« Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
9 сынып оқушыларымен
Кітапханашы Г.Балтабаева
24.10.2022ж
Қорғансыздың күні
Қорғансыздың күні - әңгіме
Қорғансыздың күні - М.Әуезовтің 1921 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының 3-4 сандарында «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған алғашқы көркем шығармасы. 1922 жылы Орынборда «Қорғансыздың күні» деген атпен жеке кітап болып шықты. Мұхтар Әуезов осы әңгімені жазғанда өзінің ішкі жан дүниесіндегі қиналған кезін баяндап берген.
Қысқаша мазмұны
«Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны қорқынышты бір үрей сезімі билейді. Тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Тек Ақан сияқты қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-пердесін біртіндеп ашады,қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман Ақан, Қалтай сияқтылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын түсініп, ұғынады. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның әкесінің моласына барып, үсіп өлуі себебін жазушы өте анық та дәл шебер суреттейді. Қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған.
Шығарма кейіпкерлері
Ғазиза-13 жастағы жіңішке сұңғақ бойлы,аз ғана сепкілі бар,дөңгелек ақсұр жүзді,сыпайы,сүйкімді қыз.
Ақан-жасы 30 шамасындағы болыс.Орта бойлы,дөңгелек денелі,қысқа мұртты,шоқша сақалды кісі.
Қалтай-Ақанның атшабары.Аса пысық,сөзге ұста,қалжыңқой ер жігіт.
Мұқаш-Ғазизаның туған інісі.
Жақып-Ғазизаның әкесі.
Мәрден-Тобықтының жуан аулының кісі
Мұхтар Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің бірі және көркемдік бітімі жағынан қазақ әдебиетіне жаңа өрнек енгізген шығармасы – «Қорғансыздың күні». Шығарма шағын болса да, үлкен мәселені қозғайды. Ғазиза атты панасыз жетім қыздың озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранда үсіп өлгені айтылады. Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің жабайы әрекеті әшкереленеді. Әңгіменің құрылысы шымыр, көркемдік бояулары қанық, оқиғалары мен адам мінездері мейлінше шыншылЖүректі сыздатып, көкіректі қарс айыратын шығармалардың шоқтығы биігі осы əңгімелер шығар, сірə. Көлемі шағын болғанымен, əрбір сөйлемінің, нүкте-үтірінің астында ауқымы кең, ойлауға ауыр дүниелер сапырылып жатыр. Құндылықтарды қайта ой елегінен өткізіп, тебіренісің, шіркін.
"Қорғансыздың күні" жинағымен танысуымды "Жетім" əңгімесінің аудионұсқасын көшеде тыңдап жүріп бастадым. Содан не керек, дереу кітабын алдым.
Бұл кітапты қолға алған сəттен бауыры бораннан босамайтын, бұдыры жоқ жалаңаш Арқалық сипатталып басталды. Табиғаттың қатал көрінісінің сипатталуы тегін емес екен: бейшара халыққа табиғат та пана болып жарытпапты. Содан барып қорғансыздар: жесір кемпір, орта буындағы жесір əйел мен жетім Ғазиза емес, ол - тегіс халық екенін аңғаруға болады. Бір жақсылықтың нышанын кездестіру үмітімен қайғы үстіне қайғы көрпедей жинплып, жүк болған кітап беттерін, кітап беттерін емес, тарих парақтарын ақтарып отқанда тасқа қашалғандай ауыр ізін қалдырды да кетті...
Қазақ жұртының жарасынан сыр шерткен шығарма өткен ғасырдың бірінші ширегінде жазылған.
Қазақтың аса шебер жазушысы, керемет әңгімелер мен повестердің авторы Мұхтар Әуезовты білмейтін қазақ жоқ. Қазаққағанаемес, әлемгеәйгіліжазушыол.
Солкереметжазушының 1921 жылыжазылған "Қорғансыздыңкүні" аттыәңгімесіноқыдыңыздарма? Мен оқыпшықтым. Осы әңгімеденалғанәсерімменжәнеоқиғаныңжелісіменсіздерменбөліссемдеймін.
ӘңгімедеАрқалықтауыныңетегіндеКүшікбайдегенасудымекендегенжағдайларымәземесауылдаболғаноқиғабаяндалады. Солауылдажасысексенненасқанкәрікемпір, кемпірдіңкеліні мен он үшжасарҒазизааттынемересіүшеуібірлашықүйдекүнкөреді. Бейшараүшеуініңкөрмегеназабықалмайды. Екі айбұрынәлгікемпірдіңбаласыауруданкөзжұмады. Артыншаекіаптадансоңұлықайтысболады. Асыраушысынанайырылғанүшеуінтуған-туыс, ағайындарықарайласпайтастапкетеді. Үйдіңеркектеріненайырылып, қаражамылыпотырғандакелініңкөзі су қараңғыболыпкөрмейқалады. Бар ауыртпалықҒазизаныңмойнынатүседі. Осылайазаптыкүндеріөтебереді. Біркүні осы үйгеекіжолаушыкеліптүнейді. Үйгекелгенкісілеркөңілайтып, құраноқиды. Олекіжолаушының он үшжасарҒазизағакөзітүсіп, бастарынаарамы ой келеді. Сыртқашыққандасолойларыніскеасырып, бейшарақыздызорлап, намысынаяқастыетеді. Бұндайқорлыққашыдамағанқызанасы мен әжесінеайтуға бата алмай, әкесініңбейітінебарып, қақағанаяздаүсіпөледі. Әжесі мен анасызаржылап, оданбетерқайғырыпқалабереді. Әлгіекіоңбағанболсатүкболмағандайболып кете береді.
Бұләңгімебірғасырбұрынжазылғаныменбүгінгікүнгіөзектімәселелердіңбіріжайлыболыпотыр. Еңсорақысыөздеріқұраноқып, солүйдіңқызынзорлағаныболыптұржәнеқиынқыстаудақалғантуысқандарынқалдырыпкетіпқалғанауыладамдарыныңісі. Қазақхалқы "жесірінжылатпаған" дегендікөпестушіедім. Бірақ осы әңгімедемүлдебасқашабаяндалған. Бұләңгімедегіқорғансызүшәйелдіңжағдайыжүрегіңдіауыртады. ФайзуллаМұхамедәлі.
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейін шағын орталығымен» кмм
АНЫҚТАМА
26.10.2022ж. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Оқылуы тиіс 100 кітаптың» ішінен Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» кітабын талдады. 9 сынып оқушылары талдады. Қорғансыздың күні - М.Әуезовтің 1921 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының 3-4 сандарында «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған алғашқы көркем шығармасы. 1922 жылы Орынборда «Қорғансыздың күні» деген атпен жеке кітап болып шықты. Мұхтар Әуезов осы әңгімені жазғанда өзінің ішкі жан дүниесіндегі қиналған кезін баяндап берген.«Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны қорқынышты бір үрей сезімі билейді.
26.10.2022ж
Кітапханашы Г.Балтабаева
