"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Әжемнің ертегісі" кітабынан 3 сынып оқушыларымен "Хан мен үш ұры"ертегісін талдаумен талдау
« Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының іс-шара
АНЫҚТАМАСЫ
Қараша айының он бірі күні Бөлексаз орта мектебінде үшінші сынып оқушыларымен кітапханашы Г.Балтабаева мен сынып жетекшісі С.Әлімбаева «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Әжемнің ертегілері» кітабынан «Хан мен үш ұры» ертегісін оқып талдау жасалды. Ертеде бір хандықта үш баукеспе ұры болыпты. Бұлардың үшеуі де жүрсе жымын білдірмейтін, тіксе, жібін ілдірмейтін нағыздардың өзі екен.Үшеуі басқа-басқа тіпті ханың қазынасына да ауыз салыпты.Оларға қарсы хан небір амал айла жасаса да ұстатпай құтылы беріпті.Жәй адам ұры болмайды.Ұры өлімге бас тігеді.Өзгеше бір өнері болады.
-Мен жер-жаһандағы нендей мақұлықтың да тілін білемін, олардың емеурінін түсіне қоямын,-дейді бірінші ұры.
-Айсыз қараңгы түде бір көрген адамды жазбай танимын дейді екінші ұры.
-Ал мен хан ием қазынасын қайда тығып, қайда жасырсада жазбай таба аламын,-дейді үшінші ұры. Балалар қызықтап оқып түсінгендерін жарысы суреттеп түсініктерін айтты.
Кітапханашы Г.Балтабаева
Сынып жетекші С.Әлімбаева.
11.11.2022ж
