Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя" кітабын "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 10 сынып оқушылары талдады. » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя" кітабын "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 10 сынып оқушылары талдады.
27
октябрь
2022

Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя" кітабын "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 10 сынып оқушылары талдады.

Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
«Келісемін»                                                                              « Бекітемін»
Мектеп директорының                                                         Мектеп директоры: 
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                        Ә.Халелқызы
М.Наурызбаева
---------------------2022ж
  
    Бауыржан Момышұлы

« Ұшқан ұя»   
       « Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
                     
                                   10 сынып оқушыларымен
                          


                        Кітапханашы Г.Балтабаева
                                       27.10.2022ж

              


           Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі(1974) — халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған.


Қысқаша мазмұны

«Ұшқан ұяда» әлем тарихы жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы, қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды, азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған, сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.

"Ұшқан ұя" повесіндегі образдар жүйесі

Имаш- Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.

Қызтумас – әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.

Момыналы – Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі, орысша хат таныған, ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.

Рәзия – Бауыржан Момышұлының анасы, Байтана руынан Әбдірахманның қызы,жалғыз ұлы Бауыржан үш жасқа келгенде қайтыс болған.

Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.

Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.

Үбіш – Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері.

Серкебай – әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей.

Қожамқұл – ауылдағы жалғызбасты жарлы адам. 1916 жылы қара жұмысқа алынды.

Орманқұл – Бабастың кенжесі, орта бойлы, атжақтау,қалың қара қасты, мұнаркөз, қыр мұрын, қара мұрт, қабасақал жігіт, күйші.

Повестегі тарихи оқиғалары

 ұлт азаттық көтеріліс жылы.

1917-1918 жылдар – төңкеріс жылдары, "жылан жылы", "ашаршылық жылы", "патша құлады", жаңа заман, жаңа заң жайлы айтыла бастады. Жаңаша жер бөліс орнады. Қалың мал жойылды, "әйел теңдігі" туралы айтыла бастады. Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары суреттелді.

   Ұшқан ұя.

Неге екенін білмедім, бірақ Бауыржан атаның кітаптарын аса сүйіспеншілікпен оқимын. Мүмкін Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте оқып, сол жерде атамызға деген махаббатты жүрегіме ұстаздар ұялаған болар… “Ұшқан ұя” жаныма жақын болды. Енді өзім керек деген жерлерін жазып алған едім, солармен бөлісіп, өз ойларымды да қоссам… Мүмкін сіздерге қажет болып қалар…

Б. Момышұлы өзінің әкесі жайлы былай жазады: ”Жалғыз атты болса да, кісіден кіріптар болғанды қорлық санап, аз күн жарық дүниеде азаттық аңсап, қатықсыз қара су ішсе де, бай – манапқа алақанын жаймаған”. Расында, байлық, мансап – өтпелі, ал жақсы мінез, ізеттілік – мәңгілік.

“Қолдан келсе, ең бастысы баланы қуанту керек. Ол қуанса, шын қуанады”.“Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек бала…”.

“Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын”.

“Қайран, балалық десеңші – ай! Алыста қалған арайлы, адал таңдарым менің! Онда мен кіп – кішкентай сәби едім. Адамдардың бәрі “айналайыннан” басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін…” Сол “айналайынды” қазір күнде естіп жүрсек қой…

Біз бейбіт елде тұрып жатырмыз. Соғысты көрмей өстік. Бауыржан атаның мына сөзін оқығанда, өз басым “тәуба” дедім: “…Алайда қан майданда жүріп, мен бір түнді елестеткенім бар. Өзімді көп өркештің ортасында, тау ішінде, нұрлы айдың аясында баяғыдай кіп – кішкентай сәби сәтімде тұрғандай сезіндім…”, атамыздың тыныштықты аңсағанын осыдан – ақ аңғаруға болады.

 “Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар…”, менде де дәл солай, кейде ұстаздар жайлы ойланамын. Әрине, ұстазды жақсы - жаман деп бөлуге болмайды. Дегенмен жаныңа жақын, байсалды ұстазды ерекше жақсы көріп тұрасың. Мұғалімнің адал ниеті әрдайым сезіледі. Оқушы жүрегімен сезеді, еріксіз байланады. Бірақ, айғай – шуды ұнататын оқытушыларда аз емес. Меніңше, ең жақсы ұстаз – білімді ұстаз емес, адамгершілігі мол ұстаз деп білемін

 Бауыржан Момышұлының әпкесі Үбиянға құда түсіп келеді. Сонда әкесі Момыш қызын кем дегенде бір жарым – екі жылдан кейін ғана ұзататынын айтады. Оған 2 себеп бар екен. Әуелі, әкесі дәулеті шалқып отырған бай емес еді. Сондықтан қалыңдықтың жасауын қолма – қол әзірлей қоюға шамасы жоқ болатын. Ал бір жарым, екі жылдың ішінде әкесі шәрі аралап, базар барып жүріп, қыз жасауын атына сай етіп әзірлеп үлгеретініне сенген сияқты. Екіншіден, болашақ отау тігетін екі жас бірін – бірі толығырақ білсін, қалыңдық дәуренін қызықпен өткізсін дегені екен ғой. Шыны керек, осы кітапты оқи отырып мен Бауыржан атаның әкесі – Момыш атаға ғашық болдым. “Неге?” десеңіздер, айтып берейін

Қызы Үбиан ұзатылып кеткеннен кейін, Момыш атаның тұрмысы одан бетер нашарлай түседі. Себебі қызының жасауына көптеп қарыздар алып, жүдеп қалады. Сонда балаларының өгей шешесі, демек екінші жұбайы мінез көрсете бастайды: “Қазаныңда май қалмады, қатықталған шай қалмады. Бір қызыңды ұзатамын деп, аш өзек етіп ұлытып қоймақпысың” деп. Бірбеткей Момыш ата мұндай сөзге шыдай алмай, әйелінің төркінін шақырып мынандай сөз айтады: -” Ағат кетсем, айып көрмеңіздер. Бірақ осыншама қартайған шағымда қаңқу сөз есітем деген жоқ едім. Өгей деп, өңменінен итермес, өзім деп, бауырына басар деп ем балаларымды. Адасқан екем. Кеш болса да, жөнімді табайын. Табалау табына күйгенше, жалғыздықпен жағаласып өткенім жақсы. Қыздарыңызды ала кетсеңіздер екен. Салғыласып отыра алатын жайым жоқ” – дейді. Момыш атаның мына сөзі де ойға қалдырды: – “Біз үйміз, біз елміз, біз халықпыз. Адам туады, адам өледі. Ал халық ешқашан өлмек емес…” Өз басым осы кітапты оқып, нағыз жігіттік қасиеттердің қандай болатынын білдім. Қазақи салт – дәстүрлермен таныстым. Бұрын Бауыржан атаны қатал жауынгер ретінде білсем, енді ол кісіні қарапайым, жаны нәзік адам ретінде танып үлгердім. Бір сөзбен айтқанда, кітапты оқып шығыңыздар… Оқысаңыздар көп нәрсе жайлы ойланып қалатындарыңызға сенімдімін…!



«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм  



АНЫҚТАМА


27.10.2022ж. Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындаБауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын 10 сынып оқушылары талдады.Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі(1974) — халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған. «Ұшқан ұяда» әлем тарихы жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы, қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды, азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған, сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың





27.10.2022ж.

Кітапханашы Г.Балтабаева