Дулат Бабатайұлы " Жақсы мен жаман туралы " 6 сынып оқушылары "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Халелқызы
М.Наурызбаева
---------------------2022ж
Дулат Бабатайұлы
«Жақсымен жаман туралы»
«Оқуға құштар мектеп жобасы аясында»
6 сынып оқушыларымен
Кітапханашы Г.Балтабаева
15.11.2022ж
Дулат Бабатайұлы 1802,Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы, Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын, жырау, сатирик, ағартушы, қоғам қайраткері,тарихшы, Абайдың ұлық тұтқан ұстазы. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған.1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.
Орта жүз құрамындағы найман тайпасының Қаракерей сыбан руынан шыққан.Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген.
Мазмұны
Шығаршымалығы
Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді.
Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған.
Дулаттың ақындық өнері, негізінен, XIX ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 1824 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді. Дулаттың образ жасау, өлең өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде жанрлық, стильдік, сонылық таныту ерекшелігі кейін Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан. Дулат ендірген қазақ өлеңі құрылысындағы жаңалықты, яғни “а а а б” түріндегі желілі ұйқасты Абай ақындық дәстүр ретінде қабылдап, “Келдік талай жерге енді” өлеңінде одан әрі дамытты. 19 ғасырдың 1-жартысында ертеректе туған батырлық және лиро-эпос жырлары сияқты фольклорлық туындылар немесе тарихи жырлар болмаса, қазақ топырағында көне тақырыпты алып, ойдан сюжет құрып, поэма жанры үлгісінде шығарма жазу дәстүрге енбеген еді. Дулат өзінің “елге қорған ер туса” деген идеясын халыққа жеткізу үшін, қазақ-қалмақ соғысы тұсындағы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын жазған. “Еспембет” жанрлық ерекшелігі жағынан батырлық эпосқа жақын. Елдік, елдің батыр ұлдары туралы идея “Еспембеттей ер қайда?, Ер күтетін ел қайда”, — деп басталатын ірі туындыда айқын көрініс тапқан. Дулаттың бұдан басқа “Шаштараз”, “Тымсал өлең” атты ірі шығармалары бар. М.Әуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, “Абай” романында жоғары бағалайды. 1947 жылғы ҚКП ОК-нің әдебиет, өнер жөніндегі қаулысындағы Дулатты діншіл, хандық дәуірді, ескілікті аңсаушы кертартпа ақын деген теріс бағадан кейін, 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми конференцияның ұсыныстарында Дулат жөнінде “... творчествосын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын”, — деген саяси қорытынды берілді. Сол себепті “Абай” романында өз атымен берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді. Әйтсе де, Дулат шығармалары хрестоматиялық оқулықтарда, кейбір жинақтарда жарияланып келді. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланып, 1940 — 1950 жылдары қызу пікірталас нысанына айналды. Дулат мұрасы жөніндегі ғылыми таным мен дұрыс баға талантты ғалым Қ.Өмірәлиевтің“Қазақ поэзиясының жанры мен стилі” деп аталатын көлемді ғылым монографиясының басылым көруіне байланысты тұрақтана бастады.[2]
Шығармалары
Дулат Бабатайұлы
Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «Ал, қарағай сұлу сындарлы», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» атты өлеңдерінде ел басқару ісіндегі озбырлық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық саясатының әсерінен жер-қонысынан айрылған ел жағдайын сөз етсе, «Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға», «Еспембет» өлеңдерін жеке кісілерге арнайды. Ақын 19 ғасырдың 40-50 жылдарында өндіре жазған. Бұл - Ресей патшалығының қазақ жерін отарлау саясатының барлық салада бел алған кезі. Дулат осыны жыр өзегі етсе, кертартпа феодалдық-хандық дәуірді жоқтағаны емес, тәуелсіздікті, еркіндікті аңсағаны еді.
«Сауыр жерден айрылып,
Қазақ елі жұқарды.
Сауыр емес, шап болды...
Заманға сай адамы -
Қу заманға сұм басшы
Сорымызға тап болды...»
- десе, тіпті өткен ғасырдың орта тұсы емес, одан 100-150 жыл кейінгі біздің заманымыздағы қазақ халқының, оның қоғамының күй-қалпын суреттеп отырғандай. Дулат ақын айтқандай:
«Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты...
Майырдың алса бұйрығын.
Борбайға қысып құйрығын
Ел пысығы жортады-ай»
Жақсы мен жаман туралы
Жалқаулық пен жалғыздық - жалғанның жаман тарлығы, Түшіренген ұйқы жоқ - қайғының асқан жарлығы. Шортанбай Қанайұлы Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді. Ғабит Мүсірепов Жаманмен салысып жақсы болмайсың. Абай Құнанбаев Жақсылық - ұзақ тұрмайды, Жамандық - әркез тозбайды. Абай Құнанбаев Жақсы - жаны еріп тыңдайды. Абай Құнанбаев Жақсының - жолы ашық. Абай Құнанбаев Жақсылық- ұмыт,жаңылыс- кек. Абай Құнанбаев Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі. Мұхтар Әуезов Жақсыда жаттық жоқ. Мұхтар Әуезов Жаманнан туған жақсы бар - атасын айтса нанғысыз, жақсыдан туған жаман бар - бір асым етке алғысыз. Махамбет Өтемісұлы Жаманменен дос болсаң - сыртыңнан жүрер өсектеп. Махамбет Өтемісұлы Жақсыдан болат ұл туса - жауырынынан өтін алса да, жамандарға жалынбас. Махамбет Өтемісұлы Кей жаманның мінезі: күн жауғанда - қойныңда, күн ашықта - мойныңда. Абай Құнанбаев Дүние жеткізбейді ойласаң да, Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да. Ақан сері Қорамсаұлы Ауыл малы бұралқы - ақылы жоқ жаманға. Қайын болмас - қабанда, тойым болмас - жаманда. Шортанбай Қанайұлы Жолдас болсаң жақсымен - жолың жетер Қырымға, Топқа кірсең әркіммен - таласарсың орынға. Шортанбай Қанайұлы Ісің түссе жаманға - қолы кетпес жағаңнан. Шортанбай Қанайұлы Жақсыны жаман көре алмас. Шортанбай Қанайұлы Асыл сойдың баласы - тартысқан жерде сөз табар, азып туған жаманды - түйе үстінде ит қабар. Шернияз Жарылғасұлы Жақсылардың ақылы - гәуһар шырақ шаммен тең, Жақсының керген жарығы - анық атқан таңмен тең. Дулат Бабатайұлы Кей жаманның тілі бар - ащылығы умен тең, Айтқан сөзі ақымақтың - адам ішпес сумен тең. Дулат Бабатайұлы Жамандар сөйлей білмейді, жөніне тыныш жүрмейді. Дулат Бабатайұлы Екі жаман кез болса - құтырған иттей таласар. Дулат Бабатайұлы Көп жаманның ішінде бір жақсысы болмаса - серкесі жоқ қоймен тең, жақсы ішінде бір жаман - өлі жүнді таймен тең. Дулат Бабатайұлы Жақсыдан ақылың - қызыл алтын бұл болар, Ұяты жоқ адамға - өтірік сөзің шын болар. Дулат Бабатайұлы Орнын білмес жаманға - есік те болса төрмен тең, Жақсының жары сұм болса - қазып қойған көрмен тең. Дулат Бабатайұлы Жақсысы кеткен ауылға мейман келіп қона алмас. Дулат Бабатайұлы Кей жақсының мінезі - Еділ менен Жайықтай, Жақсылар топта сөйлейді - дарияда жүзген қайықтай. Дулат Бабатайұлы Жақсының жолы - жарық күн. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Өңкей жақсы қосылса - бітіреді кеңесті, Өңкей жаман қосылса - шығарады егесті, Мәмілемен іс бітер - бас қосып қалса көп есті. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
Жалқаулық пен жалғыздық - жалғанның жаман тарлығы, Түшіренген ұйқы жоқ - қайғының асқан жарлығы.
Шортанбай Қанайұлы
Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді.
Ғабит Мүсірепов
Жаманмен салысып жақсы болмайсың.
Абай Құнанбаев
Дулат Бабатайұлы
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
АНЫҚТАМА
15.11.2022ж.Бөлексаз орта мектебінің 6 сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Дулат Бабатай ұлының «Жақсы мен жаман туралы» шығармасынмен танысып талдады. Дулат Бабатайұлы 1802 жылы, Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы, Сандықтас қонысы — 1874жылы сонда қайтыс болды, өрнекті ақын, жырау, сатирик, ағартушы, қоғам қайраткері,тарихшы, Абайдың ұлық тұтқан ұстазы. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған.1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.
Орта жүз құрамындағы найман тайпасының Қаракерей сыбан руынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген.
Кітапханашы Г.Балтабаева
15.11.2022ж
