"Бөлексаз аулының тарихы" танымдық әңгіме 4 сыныптармен
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Келісемін» «Бекітемін»
Мектеп директордың тәрбие ісі Мектеп директоры: орынбасары: М.Масимханов:
Ә.Халелқызы: -----------------
--------------------2022ж
«Бөлексаз аулының
тарихы»
Танымдық әңгіме
4 сыныптармен
07.04.2022ж
Кітапханашы Г.Балтабаева
Бөлексаз аулының тарихы
1929 жылы Тұйықбұлақ, Жаманбұлақ, Бөлексаз елді мекендері негізінде №337 «Южный» кеңшары құрылған. 1952 жылы №337 «Южный» кеңшары таратылып, оның орнына «Жаманбұлақ», «Бөлексаз» бөлімшелері «Қызылту» кеңшарына қосылды.
1965 жылы мұнда «Кеген» ауданаралық мал бордақылау бірлестігі құрылды. Онда Нарынқол және Кеген аудандарының іріқара малдары бордақыланды.
Жылына 1300-1400 тонна жоғары қондылықтағы ет өндірілді.
1991 жылы «Бөлексаз» жауапкершіліг шектеулі серіктестігі құрылды.
Мұндағы шаруашылықты әр жылдары Ә. Күлша-шаров, Ә.Әзімжанов, Ж.Мырзагелдиев, Ж.Әуезханов, О.Садықов, А.Алмабеков, Б.Жұмаділов сынды азаматтар басқарды.
Жоғарыда айтқанымыздай, Бөлексаздың аты осында мал бордақылайтын шаруашылық құрылған кезде алысқа жайылды. Бұл тұста шаруашылықты іскер ұйымдастырушы Әбдімүтәліп Әзімжанов басқарған еді. Еңбек адамына ерекше қамқорлық жасап, жұмысқа жұмылдыра білген ол жаңа жобалы үйлермен қатар, комплексті мал баздарының салынуына жетік көңіл бөлді. Сөйтіп ет өндірудің еселеп артуына қол жеткізді.
Бөлексаз ауылында механизатор болып ерен еңбектің үлгісін көрсеткен Қанат Нұрсейітов пен Сатымбай Әбдімомынов Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медалдармен марапатталса, жүргізуші болған Жеңіс Жанбабаев «Данқ» орденімен, бірнеше медалдарды иеленді.
Ұлы Отан соғысына Бөлексаздан 87 азамат майданға аттанса, 43 қайтпай қалды. 1987 жылц совхоз төрағасы Б.Жұмаділовтың, селолық кеңес атқару комитетінің төрайымы Р.Бақбатырованың, партия ұйымының хатшысы А.Аянбековтың қолға алуымен соғыста қаза тапқандарға арналып ескерткіш орнатылды. Кейін осы ескерткіш жаңартылып ауыл адамдарының қолдауымен қайтадан көз тартарлық зәулім ескерткіш бой көтерді.
Соғыстан аман-есен келіп кейін қайтыс болған К.Әбішев, С.Райымжанов, М.Қиқымовқа, алғашқы механизатор болған Р.Жанбабаеваға аудан әкімінің шешімімен көше аттары берілді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Әбдірахманов осы ауылдың түлегі. Жерлестері әрқашанда мақтан етеді. Нұрша Оразақынова педагогика ғылымының кандидаты, профессор. Бөлексаздың түлегі Боранбай Кебекбаев КСРО спорт шебері атанды. Темірхан Көбенбаев атты азамат
математика ғылымының кандидаты.