"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында М.Мақатаевтың "Аманат" шығармасын 9б сыныбы талдады.
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Халелқызы
М.Наурызбаева
---------------------2022ж
Мұқағали Мақатаев
Аманат
«Оқуға құштар мектеп жобасы аясында»
9б сынып оқушыларымен
Кітапханашы Г.Балтабаева
22.12.2022
ХАТТАМА
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде-«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 9 сынып оқушыларының оқыған кітабын талдау.
Қатысқаны12
Күн тәртібінде:
1.Мұқағали Мақатаевтың «Аманат» кітабын талдау.
Тыңдалды:
Сынып жетекшісі Орынкүл Жетімекева Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны,шығармалары жайлы айтып өтті.
Сөйлегендер:
1.Мектеп кітапханашысы Балтабаева Гүлзира «Аманат» Қазақтың ақиық ақыны, маңдайына біткен жарық жұлдызы біртуар тұлғасы. Әрбір жазған өлеңдері мен поэмалары басқа дамдарға мүлдем ұқсамайтын сұлу сөз жетпес тұлғаның дәлелі.Көзі тірісінде жарияланған өлеңдері мен дастандары және бұрын жарық көрмеген бір топ жаңа туындылары еніп отыр.
Өткен ғасырдың соңғы 1999 жылы «Атамұра» баспасы қазақтың талантты ақыны Мұқағали Мақатаевтың көзі тірісінде жарияланбаған бір топ өлеңдері қосылған «Аманат» жыр жинағын шығарды. Кітаптың аты да ақынның өз өлеңінен алынған.
Бүгін, М.Мақатаевтың«Аманат» кітабы жайлы талдаймыз.
Оқушылар М.мақатаевтың « Аманат» өлеңдері мен поэмалар жинағында Қазақтың өр рухы мен отаншылдық қасиеттері тереңнен жырлағанын айтты
Шешім:
Мұқағали Мақатаевтың «Аманат» кітабы оқушылар арасында тереңрек оқу ұсынылды.
Кітапханашы: Г.Балтабаева.
Сынып жетекші: О.Жетімекова.
М.Мақатаев «Аманат» кітабынан
библиографиялық шолу
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланған 2000 жыл рухани өміріміздің қай саласына да өркенді өзгерістер ала келді. Осы жылы әдебиет, өнер және сәулет саласындағы саңлақ суреткерлердің бір тобына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы шешім қабылданды. Соның бірі де бірегейі -Мұқағали Мақатаев. Марқұм бұл абыройға «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Аманат» атты жыр жинағы үшін ие болды.
Мұқағали Мақатаевтың «Аманат» жыр жинағы Алматыда «Атамұра» баспасынан 2002 жылы 304 бет болып басылып шықты. Құрастырған Алтай Асқар.
Мақатаев М.
Аманат: Жыр жинағы /Құраст. А.Алтай.-Алматы: Атамұра, 2002.-304 бет.
Қазақ поэзиясында сирек кездесетін сөз зергерінің бірі Мұқағали Мақатаевтың бұл жыр жинағына 2000 жылы Абай атындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілген еді. Қалың оқырман сұранысына орай, ақиық ақынның өлең кітабына лирикалық өлеңдері мен поэмалары топтасты-рылған. Жинаққа бұрын шыққан қос томдық пен үш томдықтарында жарияланбаған, кейіннен табылған аманат жырлары да енгізілген.
Кітап үш тарауға топтастырылган. Бірінші тарау «Құмартып қайран сәттерге», екінші тарау «Ауады да тұрады, аңсарым-ай!», үшінші тарау «Дариға жүрек шөлдеді».
Мақатаев ақынға Мемлекетік сыйлықтың берілуінің өзі шынайы талант жылдар өткен сайын саф алтындай жарқырай түсетінін тағы бір дәлелдеп отыр.
Мұқағали тірліктен озған соң биіктемесе төмендеген жоқ. Бірақ бір шындықты айтпасқа болмайды. Ол көзінің тірісінде он бір жинағы, бір таңдамалысы шығып, халыққа кеңінен мәлім болса да ресми өкімет орындары тарапынан
лайықты бағасын ала алмады. Тек өмірден кеткеннен кейін ғана жан-жақты мойындалып, екі томдығы, үш томдығы жарық көріп, 50 жылық, 60 жылдық, 70 жылдық, 80 жылдық мүшелді мерейтойлары республика колемінде кеңінен аталып өтті.
Өзінде ешқандай атақ, сыйлық болмаса да елеулі сыйлыққа ат, өзгелерге мақтан тұтар атақ болды. Өзі дүниеден өткеннен кейін де он бір жинағы жарық көрді. Бұрын-соңды басылып шыққан 22 кітабын айтпағанда күні кеше жұртшылыққа ұсынылған «Аманат» атты кітабының өзі іздеу салар сирек кітап болып үлгерді.
Ғасыр ауысар тұста Қазақстан Жазушылар одағының шешімімен Мұқағали «Ғасыр ақыны» атанды. Міне енді жалпы халықтық сүйіспеншілікке әлдеқашан ие болған ақын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына өзінің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ие болды.
Қайталанбас құбылыстай жарқ етіп өте шыққан найзағай ақынның арда жырлары көңілі каяу, санасы ояу бүгінгі оқырманын тағы да бір серпілтіп тастары сөзсіз. Жинақ сөз кадірін сезінер қалың оқырман қауымға арналған.
Ендеше келіңіздер, Мұқағали Мақатаевтың жыр жинағынан сусындайық!
« Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының іс-шара
АНЫҚТАМАСЫ
Он екінші желтоксан күні 9б сынып оқушыларымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында М.Мақатаевтың «Аманат» кітабын талдады.
Өткен ғасырдың соңғы 1999 жылы «Атамұра» баспасы қазақтың талантты ақыны Мұқағали Мақатаевтың көзі тірісінде жарияланбаған бір топ өлеңдері қосылған «Аманат» жыр жинағын шығарды. Кітаптың аты да ақынның өз өлеңінен алынды.
Арада жиырма жылдан астам уақыт өткенде поэзия сүйер қауымға ақын жинағы ешбір өзгеріссіз сол күйінде беріліп отыр.
Кітапханашы Г. Балтабаева
22.12 2022ж
