"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Мақта қыз бен мысық"ертегісін телефонмен кюар арқылы 2 сынып оқушылармен талдауы
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Халелқызы
Исаева С
---------------------2023ж
«Мақта қыз бен мысық»
2 сынып оқушылары
телефонмен кюар арқылы оқып талдау
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
Мақта қыз бен мысық
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2 сынып оқушыларымен кюармен телефоннан тыңдату арқылы оқыту.
Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, мысық келмейді. Қыз:
Келмесең келме! – деп, мейізді жеп қояды. Жеп болған соң мысық
келіп:
Неге шақырдың! – деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз:
Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта қыз:
Менің қатығымды төле! – дейді.
Мысық сиырға барады.
Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа барып:
Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:
Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, - дейді.
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
Қыздар, қыздар, маған су беріңдерші! – дейді.
Қыздар оған:
Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді.
Мысық дүкенге барады:
Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.
Дүкенші:
Маған жұмыртқа бер, - дейді.
Мысық тауыққа барады.
Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.
Тауықтар:
Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, - дейді.
Мысық: «Енді не қыламын?» - деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Тышқан қорыққанынан:
Үйімде бір табақ тары бер, - дейді.
Мысық:
Маған бір уыс тары бер, - дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді. Мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

17.04.2023ж
Кітапханашы Г.Балтабаева