« Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»кмм
А Анықтама 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздің барлық ұлт пен ұлыстарының бір шаңырақ астына топтаса білуінде, елімізде тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, әдебиетін, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеу, бүгінгіміз бен келешегімізді жалғайтын жас ұрпақтың негізгі міндеттерінің бірі екендігін ұғындыру. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Көрменің мақсаты оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
|