Жылдық жоспар 2023-24ж
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Ә.Халелқызы
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі кітапханасының
жылдық жұмыс жоспары
2023-2024 оқу жылы
Кітапхана жұмысының негізгі мақсаты
Мектеп кітапханасы- мектептің бір бөлімі, сондықтан жылдық жоспардың басым бөлігі-оқу тәрбие жоспарына негізделеді. Кітапхана жұмысының қажеттілігі мен ерекшілігі, ол мектеп ұжымының барлық оқу жүйесіне қатысушыларына оқу бағдарламасының түрлерін, жаңа кітаптарды және басқа да ақпараттық материалдарды ұсынады. Қазіргі оқыту технологиялары арқылы әр түрлі кітапханалық іс шараларды өткізу негізінде оқушылардың кітап оқу қызметін қалыптастыра отырып, тілдерін дамыту арқылы білім сапасын арттыруға көмектесу. Кітап өз оқырманын жан-жақты тәрбиелеумен бірге танымдық білімдік қасиетін дамытары анық. Президент ұсынған «Оқуға құштар мектеп » жобасын ұйымдастыру арқылы оқырмандармен жұмыс жасау. Көркем әдебиеттермен кітап қорын толықтыру. Жаңа кітаптарға , мерзімді басылымдарға тұрақты ақпарат күндерін өткізу.
Кітапхана жұмысының міндеттері
- Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республика үкіметінің кітапхана ісінің мәселелері жөніндегі шешімдерін, Білім министірінің бұйрықтарын және осы жоспарды басшылыққа алады.
- Кітапхана өз жұмысын педагогикалық ұйыммен бірлесіп атқарады.
- Оқырмандарға тез және сапалы қызмет көрсету.
- Қарыз кітапқа немқұрайлы қарайтын оқырмандармен жұмыс жүргізу.
- Оқулықтарды тексеру бойынша рейд жүргізу.
- Кітап қорының жинақталуын, есепке алынуын, орналастырып сақталуын ұйымдастару.
- Кітапхананы қазіргі талапқа сай безендіріп, оқырмандармен белгіленген жоспар бойынша әдеби кеш, конференция дөңгелек үстел өткізу.
- Кітаппен өз бетінше жұмыс істеу жолдарын меңгерту, кітап арқылы ой-өрістерін, рухани жан дүниесін кеңейту, білімді парсатты азамат етіп тәрбиелеу.
№ | Жұмыс мазмұны | Орындау мерзімі | |
1.Оқу әдебиеті қорымен жұмыс жоспары | |||
1 | 2023-2024 оқу жылына арналған оқушылардың оқулықтармен және оқу құралдармен қамтылуына диагностика | Тамыз–қыркүйек | |
2 | Оқулықтарды қабылдау және оқушыларға беру. Оқу бағдарламасына сәйкес толық көлемде оқулық беруді қамтамасыз ету. | Тамыз | |
3 | Қор жылжуына қорытынды жүргізу. | Желтоқсан | |
4 | Түскен оқулықтарды қабылдау және өңдеу: жүкқұжаттарын ресімдеу, оларды бухгалтерияға өткізу, жиынтық есепке алу кітабына (бұдан әрі – ЖЕК) жазу, мөртаңба қою. | Жыл бойы | |
5 | Оқу бағдарламаларының ескіруі мен ауысуын ескере отырып, оқулық қорын есептен шығару. | Жылына 1 рет | |
6 | Сыныптар бойынша оқулықтар, ведомостер беру журналын жүргізу . | Мамыр, қыркүйек | |
7 | Оқулықтарды тексеру. Рейд жүргізу | Тоқсан сайын | |
2.Көркем әдебиет қорымен жұмыс | |||
1 | Кітапхана қорын есепке алу. 5 жылда 1 рет түгендеу Түгендеуді қорытындылау. Бухгалтерияның материалдық бөлімінде кітапхана қорын тексеру туралы актіні ресімдеу. | Жыл бойы | |
2 | Кітапхана оқырмандарының ақпаратқа еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету. | Үнемі жыл бойы | |
3 | Қорды сақтау бойынша жұмыс: оқырманның келтірілген залалды бекітілген тәртіпте өтеуі бойынша шараларды қамтамасыз ету; борышкерлердің тізімін жасау; кітапхана қорын жүйелі сақтау. | Үнемі жыл бойы | |
4 | Ескі көркем әдебиет пен рухани тұрғыдан ескірген әдебиетті есептен шығару. | Жылына бір рет | |
3.Оқырмандармен жеке жұмыс | |||
1 | Кітапханаға түскен жаңа кітаптар, энциклопедиялар, ертегі кітаптар туралы ұсынымдық және жарнамалық әңгімелесулер.Түсу деңгейіне қарай | Жыл бойы | |
2 | «Сенің сүйікті шығармаң » тақырыбы бойынша оқушыларға сауалнама жүргізу. | Қаңтар–ақпан | |
3 | Абонемент пен оқырмандар залында оқырмандарға қызмет көрсету: оқушылар, педагогтар, техникалық персонал, ата аналар . | Үнемі | |
4.Өтінімдер бойынша оқушылармен жұмыс | |||
1 | Кітапхананың жұмыс кестесіне сәйкес оқушыларға қызмет көрсету. | Үнемі | |
2 | Әр оқырманның жас ерекшеліктеріне сәйкес көркем әдебиет ұсыну . | Үнемі | |
3 | Борышкерлерді анықтау мақсатында оқырмандар формулярын қарау, (нәтижелерін сынып жетекшілеріне хабарлау) Жарты жылда 1 рет | Үнемі | |
Мектеп кітапханасында атқарылатын іс-шаралар
№ | Атқарылатын іс шаралар | Мақсаты | Орындалу мерзімі | Сынып | Өткізілу түрі | Жауапты |
1 | «Кітап-білім бұлағы» | Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету | Тамыз Қыркүйек | 1-11 сыныптар | Оқулық тарату | Кітапханашы |
2 | «Менің сүйікті кітабым | Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ, оқыған кітаптарын талдай отырып тәрбиелеу, кітап оқуға баулу. | Жыл бойы | 1-4 5-11 сыныптар | Оқырмандар арасында кітап оқу сайысы | Кітапханашы |
3 | «Кітапханаға саяхат» | Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу. | Қыркүйек | 1-сыныптар | Саяхат | Кітапханашы |
4 | 5-қыркүйек Тілдер күніне орай «Тілім менің тірегім» Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларына шолу | Оқушыларға ана тілін білудің маңызы жайлы айту . Ақын өмірі мен шығармаларын таныстыру | Қыркүйек | 6-7 сыныптар | Көрме Библиографиялық шолу | Кітапханашы Сынып жетекші |
5 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Құрманғазы Сығырбайұлының -200жыл/ 1818-1889/ | «Күй атасы Құрманғазы» өмірі мен шығармашылы туралы мағлұмат беру | Қыркүйек | 5-7 сыныптар | Кітап көрме Танымдық сабақ | Кітапханашы Сынып жетекші |
6 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ы.Алтынсарин, Б.Соқпақбаев кітаптарын оқып әңгімелеп беру | Өз ойларын толық жеткізе білу | Қазан | 2-7 сыныптар | 20 минуттық кітап оқу | Кітапханашы Сынып жетекші |
7 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жазушы Кемел Тоқаев туғанына 100 жыл | Ақынның шығармаларын, оның қызметі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттерді тауып оқуға, қазақ әдебиетінің озық туындыларын насихаттау. | Қазан | 5-11 сыныптар | Көрме Библиографиялық шолу | Кітапханашы |
8 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларына Ертегілер еліне саяхат | Қазан | 1-4 сыныптар | Кітап оқу сахналық қойылымдар | Кітапханашы | |
9 | «Рәміздерім-мақтанышым» кітап көрмесі | Оқырмандарды Тәуелсіз елінің рәміздерін жетік білуге, әрі құрметтеуге және толықтай мәліметпен қанағаттандыру. | Қазан | 1-4 сыныптар | Библиографиялық шолу Көрме | Кітапханашы |
10 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында « Мен және менің отбасым» қандай кітап оқиды? | Оқырмандарды отбасымен кітап оқуға шақыру. Оқушыларды жас кезінен отбасымен кітап оқуға дағдыландыру. Кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру. | Қараша | 1-4 сыныптар | Отбасылық оқу дәстүрі | Кітапханашы Сынып жетекші |
11 | Қазақстан Республикасының халықаралық валютасы Теңгенің (1993) алғашқы қолданысқа енгізілгеніне 30 жыл | Ұлттық валютаның тарихы, жетістіктері мен ерекшеліктерін түсіндіру | Қараша | 1-11 сыныптар | Көрме | Кітапханашы |
12 | Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «қазақтың Төле би (1663) туғанына 360 жыл | Өмірі мен шығармаларын таныстыыру | Қараша | 5-7 сыныптар | Шығармаларына шолу | Кітапханашы Сынып жетекші |
13 | Оқулық тексеру рейді | Оқулықтарын тексеру, таза ұстауға шақыру | Тоқсан сайын | 1-11 сыныптар | Рейд жүргізу | Кітапханашы |
14 | 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні «Тәуелсіздік жетістіктері» атты кітап көрмесі | Ұлы Дала тарихынан бастап, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау | Желтоқсан | 5-11 сыныптар | Көрме | Кітапханашы |
15 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында: Халел Досмұхамедов (1883-1939) туғанына 140жыл | Халел Досмұхамедов өмірі мен шығармаларын таныстыру | Желтоқсан | 5-11 сыныптар | Көрме, библиографиялық шолу | Кітапханашы Сынып жетекші |
16 | «Желтоқсан жаңғырығы» Желтоқсан оқиғасына орай кітап көрмесі | Желтоқсан оқиғасымен таныстыру | Желтоқсан | 5-11 сыныптар | Кітап көрмесі | Кітапханашы |
17 | «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» | Балаларды зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау. | Желтоқсан | 5-7 сыныптар | Кітап көрмесі | Кітапханашы |
18 | «Қалың қалай оқулық?» | Оқулықтарды таза ұстауға шақыру | Қаңтар | 1-11 сыныптар | Рейд жүргізу | Кітапханашы |
19 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында М.Әлімбаев-100жыл танымдық сабақ | М.Әлімбаев шығармаларын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету | Қаңтар | 5-9 сыныптар | Көрме, конференция | Кітапханашы Сынып жетекші |
20 | «Мақтан тұтар ұлы тұлға- Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев» | Өмір жолы, еңбегі және шығармаларымен таныстыру | Қаңтар | 6-8 сыныптар | Көрме | Кітапханашы |
21 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір сынып-бір кітап» «қазақ халық» ертеглерінен көрініс | Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету. | Қаңтар | 1-4-сынып | Сыныптан тыс іс шара Қойылым | Кітапханашы Сынып жетекші |
22 | «Оқуға құштарлықты қалай арттыруға болады» | Оқушының ой-өрісін дамыту,іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу. | Ақпан | 9-10 сыныптар | Дебат | Кітапханашы Қазақ тілі мұғалімі |
23 | «Жырлайды жүрек» М.Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу | ХХ ғасырдың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таңыстыру. Ойшыл, зиялы, ірі тұлға екенін оқушыларға жеткізу. | Ақпан | 1-11 сыныптар | Оқу сағаты | Кітапханашы Сынып жетекші |
24 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ж.Аймауытов -135 жыл танымдық сабақ | Ж.Аймауытов өмірі мен шығармаларын таныстыру. | Ақпан | 5-6 сыныптар | Тариха шолу, кітап көрмесі | Кітапханашы |
25 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ілияс Жансүгіров-130 жыл танымдық сабақ | Білімділік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру | Ақпан | 7-8 сыныптар | Эссе жазу | Кітапханашы Сынып жетекші |
26 | 1- Наурыз «Алғыс айту» күні «Алғыс білдіру ең асыл сөз» | Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. | Наурыз | 2-4 сыныптар | Кітап көрмесі | Кітапханашы |
27 | «Сиынар ем, ана деген тәңірге» 8-наурыз аналар мерекесі | Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. | Наурыз | 2-4 сыныптар | Кітап көрмесі | Кітапханашы |
28 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шәкен Айманов-110 жыл танымдық сабақ | Режиссер түсірген фильмдер арқылы оқушыларымыздың біздің ұлттық байлығымызды дәріптеуге ұйрету. | Кітап көрмесі | |||
29 | «Қош келдің, әз наурыз!» | Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. | Наурыз | 2-11 сыныптар | Кітап көрмесі | Кітапханашы |
30 | «Қалың қалай оқулық?» | Жыл соңында оқулықтарды тексеру | Сәуір | 1-11 сыныптар | Рейд жүргізу | Кітапханашы |
31 | 2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күні ата-аналармен бірге дөңгелек үстел | Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Ата-аналар арасында балаларға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау. | Сәуір | 5-9 сыныптар | Кітап көрмесі, дөңгелек үстел | Кітапханашы |
32 | «Ғарышқа түрен салған қыран қазақ» Тоқтар Әубәкіров туралы мәліметтер | Ғарыш әлеміне деген қызығушылығын қалыптастырып, ғарышкерлерге деген құрмет сезімін арттыру. | Сәуір | 7-8 сыныптар | Кітап көрмесі | Кітапханашы |
33 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Шәкәрім сөзі- тәрбие көзі» | Шәкәрім сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, мазмұнын меңгерту. | Наурыз | 5-9 сыныптар | Библиографиялық шолу Көрме | Кітапханашы Сынып жетекші |
34 | 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «Қазақстан достық мекені» | Оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. | Мамыр | 8-9 сыныптар | Кітап көрмесі | Кітапханашы |
35 | 7-Отан қорғаушылар күніне орай «Ер жігіт ел қорғаны» | Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңда арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу. | Мамыр | 3-4 сыныптар | Кітап көрмесі | Кітапханашы |
36 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9-Жеңіс күніне орай «Бейбіт күн жасасын әлемде»Қасым Қайсенов-105 жыл | Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу. | Мамыр | 6-8 сыныптар | Кітап көрмесі | Кітапханашы |
37 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында І.Жансүгіровтың туғанына 130 жыл | Ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу. | Мамыр | 2-4 5-7 сыныптар | Әдеби кеш | Кітапханашы Сынып жетекші |
38 | «Кітап –білімнің қайнар көзі» | Оқулықтармен жұмыс | Мамыр | 1-11 сыныптар | Оқулықтарды жинау | Кітапханашы |
Кітапханашы Г.Балтабаева
« Бекітемін»
Мектеп директоры: А.Халелқызы
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ кітапханасының айлық жоспары
Қыркүйек 2023жыл
№ | Атқарылатын іс шаралар | Мақсаты | Орындалу мерзімі | Сынып | Өткізілу түрі | Жауапты |
1 | «Кітап-білім бұлағы» | Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету | Тамыз Қыркүйек | 1-11 сыныптар | Оқулық тарату | Кітапханашы |
2 | «Менің сүйікті кітабым | Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ, оқыған кітаптарын талдай отырып тәрбиелеу, кітап оқуға баулу. | Жыл бойы | 1-4 5-11 сыныптар | Оқырмандар арасында кітап оқу сайысы | Кітапханашы |
3 | «Кітапханаға саяхат» | Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу. | Қыркүйек | 1-сыныптар | Саяхат | Кітапханашы |
4 | 5-қыркүйек Тілдер күніне орай «Тілім менің тірегім» Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларына шолу | Оқушыларға ана тілін білудің маңызы жайлы айту . Ақын өмірі мен шығармаларын таныстыру | Қыркүйек | 6-7 сыныптар | Көрме Библиографиялық шолу | Кітапханашы Сынып жетекші |
5 | «Бізді ақылды еткен кітап- дана» | Кітап керуен ұйымдастыру | қыркүйек | 1-11 сыныптар | кітап көрме | кітапханашы |
6 | «Кітапті жан азық деп қанып іш...» | Кітаптар көрмесі ( сайыстар жылдамдыққа оқу) | қыркүйек | 2-3 сыныптар | Кітап көрме | Кітапханашы сынып жетекші |
7 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Құрманғазы Сығырбайұлының -200жыл/ 1818-1889/ | «Күй атасы Құрманғазы» өмірі мен шығармашылы туралы мағлұмат беру | Қыркүйек | 5-7 сыныптар | Кітап көрме Танымдық сабақ | Кітапханашы Сынып жетекші |
Кітапханашы: Г.Балтабаева
« Бекітемін»:
Мектеп директоры:
Ә.Халелқызы
« Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі кітапханасының айлық, апталық жұмыс
жоспары.
Қазан 2023 жыл
дүйсенбі | сейсенбі | Сәрсенбі | бейсенбі | жұма |
02.10.2023ж | 03.10.2023 | 04.10.2023 | 05.10.2023 | 06.10.2023ж |
Айлық жоспар жасау.күнделік толтыру | («Оқуға құштармектеп» жобасы) Қазақтың көрнекті жазушысы, Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл | Әдістемелік күн | Бала бақша балаларына «Кітапханаға саяхат» ұйымдастыру | 1 сынып оқушыларына «Кітапханаға саяхат» ұйымдастыру |
09.10.2023 | 10.10.2023 | 11.10.2023 | 12.10.2023 | 13.10.2023 |
«Оқуға құштар мектеп» Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі С. Көбеевтің туғанына 145жыл 8сынып дөңгелек стол | 1 сынып оқушыларына «Қазақ халық ертегілері» кітабын дауыстап оқу | Әдістемелік күн | «Алдар көсе» 2 сыныбымен 20 мин оқу өткізу | «Алдар көсе» 3а сыныбымен 20 мин оқу өткізу |
16.10.2023 | 17.10. 2023 | 18.10.2023 | 19.10.2023 | 20.10.2023 |
«Тазша бала» ертегісін 20 минут.оқып талдау 3б сынп-тармен | «Жетім қонжық» ертегісін 20 мин талдалдау 4 сынып оқушыларымен | Әдістемелік күн | «Батырлар жырынан» 20мин.талдау 5 сынып оқушыларымен | Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал» 20 мин оқып талдау 6 сынып оқушыларымен |
23.10.2023 | 24.10.2023 | 25.10.2023 | 26.10.2023 | 27.10.2023 |
Қ.Жұмаділов «Сәйгүліктер» 7 сынып оқушылармен 20 мин талдау | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жазушы Кемел Тоқаев туғанына 100 жыл | Әдістемелік күн | Т.Жұтбай «Бір уыс жусан» кітабын 9 сыныптармен талдау | Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» 10 сынып оқушылармен талдау |
30.10.2023 | 31.10.2023 | |||
Кітап қорымен жұмыс | Қарыз оқырманмен жұмыс |
Кітапханашы: Г. Балтабаева
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
Ә.Халелқызы
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» К.М.М.
«Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес»
Қасым-Жомарт Тоқаев
«Бүгінгі заманда кітапсыз, кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемде кітапханалар білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлармен тың пікірлер мекені, сонымен қатар мемлекет басшысы электронды форматтың қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушы ролі ешқашан мәнін жоғалтпайды деді». «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Әрбір қазақ оқуы тиіс 100 кітап» сыныптар арасында кітап оқуды ұсынамын.
№ | Ақпараттық іс шаралар | мерзімі | Жауапты адам | Нәтижесі |
1 | Оқушыларға 100 кітап оқыту | қыркүйек 2023ж | Кітапханашы сынып жетекші | Фото анықтама |
1 | «Бізді ақылды еткен кітап-дана» кітап керуен ұйымдастыру | 15 қыркүйек | кітапханашы | Фото анықтама |
2 | «Кітапті жан азық деп қанып іш...» кітап көрмесі, сайыстар, жылдамдыққа оқу | 18 кыркүйек | кітапханашы | Фото анықтама |
3 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Құрманғазы Сығырбайұлының 200 жыл1818-1889ж. Өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру | 8 Қыркүйек | кітапханашы | Фото анықтама |
Кітапханашы Г.Балтабаева
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
Ә.Халелқызы
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» К.М.М.
«Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес»
Қасым-Жомарт Тоқаев
«Бүгінгі заманда кітапсыз, кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемде кітапханалар білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлармен тың пікірлер мекені, сонымен қатар мемлекет басшысы электронды форматтың қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушы ролі ешқашан мәнін жоғалтпайды деді». «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Әрбір қазақ оқуы тиіс 100 кітап» сыныптар арасында кітап оқуды ұсынамын.
№ | Ақпараттық іс шаралар | мерзімі | Жауапты адам | Нәтижесі |
1 | Оқушыларға 100 кітап оқыту | Қазан 2023ж | Кітапханашы сынып жетекші | Фото анықтама |
2 | «Алдар көсе» | 10 қазан | 2 сынып | Фото анықтама |
3 | «Алдар көсе» | 13 қазан | 3а сынып | Фото анықтама |
4 | «Тазша бала» | 16 қазан | 3б сынып | Фото анықтама |
5 | «Жетім қонжық» | 18 қазан | 4 сынып | Фото анықтама |
6 | Батырлар жырын талдау | 20 қазан | 5 сынып | Фото аықтама |
7 | А.Байтұрсынұлы «Қырық мысал» | 23 қазан | 6 сынып | Фото анықтама |
8 | Қ.Жұмаділов «Сәйгүліктер» | 24 қазан | 7 сынып | Фото анықтама |
9 | Мұхтар Мағауин. «Бір атаның балалары» | 26 қазан | 8 сынып | Фото анықтама |
10 | Т.Жұртбай Бір уыс жусан | 27 қазан | 9 сынып | Фото анықтама |
11 | Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» | 30 қазан | 10 сынып | Фото анықтама |
Кітапханашы: Г.Балтабаева
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс-шарасы
АНЫҚТАМАСЫ
Бөлексаз орта мектебінде 2023-2024 оқу жылында оқушылар толық оқулықпен қамтылды. 3 сынып оқушылары жетіспейтін жаңа оқулықпенқамтылды. 5-9 сынып оқушыларынының жетіспейтін оқулықтары Мектеп. Атамура, Алматыкітап баспаларынан келіп толық қамтылды. 1-11 сыныптарға оқулық толық 100% қамтылды.
Кітапханашы Г.Балтабаева.
31.08.2023ж
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс-шарасы
АНЫҚТАМАСЫ
Бөлексаз орта мектебінде 15 қыркүйек күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бізді ақылды ететін кітап- дана» атты кітап керуені ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ, оқыған кітаптарын талдай отырып тәрбиелеу, кітап оқуға баулу. Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Кітап – сарқылмас рухани қазына .


Кітапханашы Г.Балтабаева
15.09.2023ж