"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ж.Аймауытовқа 135 жыл » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
октябрь
2023

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ж.Аймауытовқа 135 жыл

    «Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм


         «Келісемін»                                                                              « Бекітемін»

          Мектеп директорының                                                         Мектеп директоры: 

           Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                        Ә.Халелқызы

          С.Исаева---------------------2023ж







 Ж.Аймауытовтың туғанына 135 жыл                                                    

                      «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

                                                        5 сынып 






                               («Оқуға құштармектеп» жобасы

          Қазақтың көрнекті жазушысыдраматургпублицистқазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл

Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығы қарсаңында «Мәдени кіндік» мекеніне белгітас орнату және айналасын қоршауЖүсіпбектің ата-бабасытуысқандары жатқан зират маңайының қоршауын дұрыстаутұлғаның туған жерінде 1989 жылы орнатылған белгітасты ретке келтіруаудан орталығындағы ескерткішін жаңарту секілді ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр.

Бұқар жырау музейі «Алаш зиялыларының ізімен» экспедициясын жалғастырудаЭкспедициялық топ мүшелері әулиелі Қызылтау өңіріне сапар барысында Жүсіпбек Аймауытов негізін қалаған «Мәдени кіндік» білім беру кешеніндетұлғаға қатысы бар өзге де тарихи орындарда болыпмол мағлұмат алдыЕрбол Қайыров бастаған Бұқар жырау музейі алдымен «Мәдени кіндік» орналасқан аумақты спутниктік карта арқылы тауыпжер бедерінкезіндегі ғимараттардың орналасу ретін белгіледіҚылқалам шеберімүсінші Рыспек Стыбаев өлкетанушы Рамазан Нұрғалиевтің көмегімен ауылдағы ғимараттардың шағын макет-кескіндерін дайындапауылдың үлгілік сұлбасын жасап шықтыБұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Алаш белсенділерінің бірі Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығын атап өтуБаянауылдағы тарихи «Мәдени кіндік» білім беру кешенінің сұлбасын таныстырурухани орынның құндылығын насихаттауға арналған дөңгелек үстел өттіШара барысында Баянауылдың Әулиелі Қызылтау өңірінде 1922 жылы Ж.Аймауытовтың ықпалымен ашылып, 1940 жылға дейін үзбей жұмыс істеп тұрған «Мәдени кіндік» білім беру кешенінің макеті таныстырылдыТарихи мекен биыл маусымда Бұқар жырау музейі ұйымдастырған «Алаш зиялыларының ізімен» атты экспедиция барысында тарихи тұрғыдан зерттеліп-зерделендіЕскі ауылдың орны картаға түсіріліп, табылған жәдігерлер музейге жеткізілді. Музей ұжымының ұйытқы болуымен алдағы уақытта «Мәдени кіндікке» арнайы белгітас-ескерткіш орнатылады. Осы мәселені бірлесіп шешу мақса-тында бүгін Бұқар жырау музейінде жергілікті ғалымдар мен мүдделес азаматтар дөңгелек үстелде бас қосты. Жиынға қатысқан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Медет Тауасқан жобаға қолдау көрсететінін айтты. «Алаш зиялыларының соңында қалған мұраларды жаңғыртуға барынша күш саламыз. Алдағы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай облыстық қазақ музыка-драма театрында республикалық театрлар фестивалін өткізу жоспарланып отыр, – деді М.Тауасқан. Торайғыров университетінің профессоры, жүсіпбектанушы Айман Зейнуллинаның айтуынша, «Мәдени кіндіктің» болғанын дәлелдейтін Жүсіпбектің күнделік жазбалары бар.

– Осы киелі орынның айналасын абаттандырып, мүмкіндік болса, сол жердегі ауылдың ғимараттарын қайта қалпына келтіріп, тарихи ауыл жасаса, нұр үстіне нұр болар еді. Алаш ардақтыларының бірі Ж.Аймауытовтың 135 жылдық мерейтойына орай көп жылғы еңбегім монография болып жарық көреді. Онда бүгінге дейін беймәлім болып келген көптеген тарихи сыр-құпиялар баяндалады, – деді Айман Зейнуллина. Шара аясында Жүсіпбек Аймауытовтың тұтынған заттары қойылған жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылды. Онда Жүсіпбек ұстаған Құран кітап тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылды. Кітап шамамен 1911-1912 жылдары хазірет Әбілдә Исабекұлы салдырып, бала оқытқан мешіт-медресе орнынан табылған. Ж.Аймауытов осы медреседе сауатын ашқан. Бұған қоса, көрмеде «Мәдени кіндік» мекенінен табылған ескі жәдігерлер де қойылды. Жоғарыда аталған бастамаларды іске асыруға жомарт жандар, руханиятқа жанашыр меценаттардың қаржылай көмегі қажет. Қазірдің өзінде бұл іске көмек қолын ұсынып жатқан жомарт жандар да баршылық. Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін қор құрылмайды, ауқымды жұмыс демеушілер көмегімен, көптің қолдауымен жүзеге аспақ. Игі іске үлес қосуға ниетті жандарға Бұқар жырау атындағы музейге хабарласуға болады. Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. 

 Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

 Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 

 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 

 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).


Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). 

 Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады. 

 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі.


«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»   коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс-шарасы


АНЫҚТАМАСЫ


      Бөлексаз орта мектебінде 2 қазан күні  6 сынып оқушыларымен                                   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ж.Аймауытовтың шығармашылығы туралы мәлімет оқып беру.

 Мақсаты: Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жылдығы  қарсаңында қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек», «Күнекейдің жазығы» секілді қазақ әдебиетіндегі айтулы туындылар туған Жүсіпбек Аймауытов ұлтшылдылдармен байналыста болды деген жаланы арқалап, қуғын-сүргінге ұшыраған тұлға. Ол 1929 жылы басталған тергеуден кейін 1931 жылы сырттай ату жазасына кесіледі. Бірақ, кеңестік қуғын-сүргіннің құрбаны болған Жүсіпбек Аймауытов осынау қысқа ғұмырында халқына аса  үлкен бай мұра қалдырып кетті. Ол жазушының бағалы әдеби, ғылыми мұралары, тарихына өлмейтін шығармалар қалдырып кеткен жазушының өмірбаянын ұсынады.


 


ллоло


                                 Кітапханашы               Г.Балтабаева

                                          02.10.2023ж