"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Тазша бала" ертегісін 3б сынып оқушылармен талдауы
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс-шарасы
АНЫҚТАМАСЫ
Бөлексаз орта мектебінің кітапханасына 16 қазан күні 3б сыныбымен «Тазша бала» талдау.Мақсаты : Ертегі әлеміне қызығушылығын қалыптастыру.Қиял-ғажайып ертегілердің шығу кезеңі – алғашқы қауымдық қоғам дәуірі. Байырғы таным, түсінік, ұғым, наным-сенімдер айқын байқалатын ертегінің бұл түрінде ертедегі халықтың тұрмысы, салты, өмірі айқын бейнеленеді. Мұндағы тартыстар, болмыс көріністері, адамдардың қарым-қатынасы – бәрі халықтың эстетикалық рухында баяндалады. Табиғаттың дүлей апаттарына қарсы тұрып, өмір үшін жауыз күштермен, құбыжық, тажалдармен алысатын негізгі қаһармандар, әділдіктің жеңіске жетіп, зұлымдықтың әшкереленуі – халықтың асқақ мұратын білдіреді. Қиял-ғажайып ертегілер сырлы да құпия әлемге жетелеп қана қоймай, оқушысының ой-қиялын дамытып, ізгілікке, бауырмалдық пен адамгершілікке, тапқыр да батыл болуға баулиды.


16.10.2023ж.
Кітапханашы Г.Балтабаева