"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Батырлар жыры" 5сынып оқушылармен талдауы
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ә.Халелқызы
С.Исаева
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Қобыланды батыр» жырын талдау
5 сынып оқушыларымен
Сынып жетекші: Несипбаева Ж.Б
Кітапханашы: Балтабаева Г
20.10.2023ж
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Қобыланды батыр» жыры
Өткізілген күні: 20.10.2023 ж.
Өткізілген орны: кітапхана
Қатысқандар: 5 сынып
Мақсаты: балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру.
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзіе кенін түсінесің.
Халықтың осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқандықтан, мемлекет тарапынан дабыл қағылып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: “Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн”, – деп әр тұлға оқуға тиіс деп санайтын отыз таңдаулы кітаптың тізімін ұсынған болатын. Қазір осы бағытта маңызды бағдарламалар жасалуда. Адамзат ақыл-ойының жиынтығы- кітапта болса, білім – соны сақтайтын қазыналы сандық. Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Әрине, бұған «Табысты оқу» жобасы көмекке келеді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5 сынып оқушыларына «Батырлар жыры» кітабы бөлініп берілді. Балық оқушылар кітапты оқып мектеп кітапханашысы – Г.Балтабаевамен бірге талдады.
Іс шара соңында оқушыларға 10 сұрақтан тест сұрақтары таратылды. Барлық сұраққа сүрінбей 9 оқушы жауап беріп, мақтау қағазымен марапатталды
.
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс-шарасы
АНЫҚТАМАСЫ
Бөлексаз орта мектебінің кітапханасына 20 қазан күні 5 сыныбымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қобыланды батыр жырын талдау.
Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Бұл халық ауыз әдебиетінің керемет туындыларының бірі. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзіндегі халықтардың белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма. «Қобыланды батыр» жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп нұсқалы жыр болып саналады.



20.10.2023ж.
Кітапханашы Г.Балтабаева
Сынып жетекші Ж.Несіпбаева