"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында М.Мағауин "Бір атаның балалары" 8 сынып оқушылармен талдауы » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында М.Мағауин "Бір атаның балалары" 8 сынып оқушылармен талдауы
26
октябрь
2023

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында М.Мағауин "Бір атаның балалары" 8 сынып оқушылармен талдауы

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм


«Келісемін»                                                                              « Бекітемін»


Мектеп директорының                                                         Мектеп директоры: 

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                        Ә.Халелқызы

 С.Исаева

---------------------2023ж





                     М.Мағауин

      «Бір атаның балалары»


                              «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында                                     

                                     8 сыныптармен  талдау













                                Кітапханашы Г.Балтабаева


                                         26.10.2023ж

                Бір атаның балалары

«...Оның алпысыншы, жетпісініші жылдары жазған әңгіме, повестері қалам ұшы өткір, әр сөздің ішкі-тысқы ен таңбасын, қат-қабат сыры барын сол кезде-ақ танытыпты. Мұхтар Мағауиннің сол тұста жазған "Әйел махаббаты", "Күтпеген кездесу" сияқты әңгімелерін, "Қара қыз" сияқты повесін оқыған сыншы, не болмаса замандас достары сол күні-ақ авторды құшақтап құттықтаған шығар деп ойлаймын. Өз басым сол достар қуанышының ішінде болмағанымды өкініш еткендеймін». Ғабит Мүсірепов, жазушы, қоғам қайраткері

 Он сегізден тірі қалған үшеу туралы орыс әні көпке мәлім. Тарихын естіген жұрттың бәрі көзіне жас алады.

Мен жалғыз баласынан соғыста айрылған кемпір-шалдың үйінен 1942 жылы көктемде түсірілген сурет көрдім. Әскерге жаңа алынған ауыл жастары. Қасап қырғыннан алпыс жетінің үшеуі ғана аман қайтыпты.

    Мен оларды көргем жоқ, олармен бірге жүргем жоқ. Олар туралы жаза алмаймын. Бірақ мен сол қыршын ерлердің панасыз қалған кәрі ата-аналарын білем, жетім қалған жас балаларын білем. Туып үлгермеген нәрестелерінің қазір неше жасқа келетінін, қандай азамат болатынын білем...

   Осы шағын дүниені фашизм құрбандарының туып жетім қалған, тумай жарығы өшкен сәбилерінің рухына арнаймын. Өлгендеріне тастаған бір уыс топырағым, тірілеріне жанын жұбатар бір шумақ жырым 

БАСТАУ

— Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал, — деді басқарма. — Өздерің білесіңдер, мен жұмысшы әкелем деп кеттім. Ақыры былай болды. Үкімет біздің Бұлғыртау ауданының тоғыз қалқозына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен барғанша ересектерін бөлісіп әкетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп отырған ешкім жоқ, түгел кем-кетікпіз. Төрт-бес жұмысшы қосылғаннан азаматтың орны толмас деп, ең ұсағынан таңдап алдым.

Жұрт дабырлап кетті. Басқарма мен есепші екеуі шүпірлеген бір арба бала әкелді дегенді мана, жұмыс басында естіген. Рас боп шықты.

— Сабыр, ағайын, сабыр, — деді басқарма қолын көтеріп.

— Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе жетпейді. Және, қазір баурыма салдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек тағы қазақшылыққа жатпайды. Мүмкін, үкімет әлі де жіберер, сонда қалғаныңа тиеді. Әзір қолда барын құдай жолымен бөлем. Ай, бәйбіше, — деді содан соң дауыстап.

— Тамағын ішіп болса балаларды алып шық.

— Қазір, ақсақал, — деген дауыс естілді киіз үй ішінен,

— Ал, былайырақ тұрындар, балаларға орын беріңдер, — деді басқарма.

Жұрт жапырыла шегініп, есік алдың қоралай тұрды. Орталарын ашқанмен, кимелесіп, мүмкіндігінше алға шығуға тырысады. Бірі қызық көрмек, жетегінде.бірі үміт 

БІРІНШІ ТАРМАҚ. ЗИГФРИД АХМЕТҰЛЫ

    Ертеңіне Ахмет көрші ауылдан Жақан молданы шақыртып, неміс баласының тілін кәлимаға келтіріпті деген сөз тарады. Молда сыйға лақ сұраған екен, Ахан шарт етіп ашуланып, ішіп отырған шайының да аяғын күтпестен, үйден қуып шығыпты. Хазіреті Ғали мың сан көпірді діңге кіргізгенде кімнен лақ алып еді, азған атаңның аузы деп боқтап, алды-артына қаратпай атына мінгізіпті де, ауылдың шетінен асырып, айдап тастапты. Араға күн салмай кеңес басына барып, көптен бері сыртқа шығудан қалған Сейітбек қожаны алып кеп, баласын сүндетке отырғызған көрінеді. Жұрт тағы бір сойқанды күтіп еді, ондай шетін хабар естілмеді. Қайта керісінше, Ахаңның үйіне қатысы бар әйелдер қожа қозылы қой алып кетіпті десті. 

Кешіне Ахаң бүкіл ауылды баласының асықжілік ұстар тойына шақырды. Көптен қызылсырап жүрген жұрт үлкен-кіші, кәрі-жас демей, тайлы-таяғы қалмай тегіс жиналды. Ахаң жалғыз сегін сойған екен, бас-сирақ, ішек-қарнына дейін асыпты. Молынан жетті. Семіз ет пен нәрлі сорпаға лықа тойған жұрт шай келгенде дастарқанға төгілген ірімшік, құртқа қарай алмады. Тек шөлдерін басу үшін бір-бір шыны ақсу ішісті.

ЕКІНШІ ТАРМАҚ. НАРТАЙ МЕН ЕРТАЙ

       Нартай әу бастан осының бәріне күмәнмен қараған. Сенбеген. Әйтсе де көңілі түйткілді еді. Үмітті түйткіл.

   Өзін танып алған Тілеубай деген кісі кейде қолынан жетелеп, кейде еркіне қоймай көтеріп, қыр астындағы аулына апарғанша көп әңгіме айтты. Қайда екенін білмей жүреді екен. Әйтпесе іздеп бармай ма. Ақыры қайыр болды. Баласының өзі келді. Көрген бетте мынау менің Нартайым деп жылап жібере жаздадым дейді. Ол жерде жылаған жоқ, енді ғана жылап келеді. Менің көкемнің сақалы жоқ, мұрты ғана бар болатын. Сақал кейін шықты дейді. Әуелде ештеңе болмайды. Содан соң мұрт шығады. Содан кейін сақал. Рас айтады. Бұрын мұртпен ғана жүретін. Сақал кейін өсті. Сенбесе қазір үйге барған соң қырып тастайды. Сонда біледі өзінің көкесі екенін. Менің көкем жас болатын. Мен де жас болғам дейді. Осы ауылда жүріп қартайдым. Бейнеттен, қайғыдан. Маңдайға басқан жалғыз ұлдан айрылған оңай дейсің бе. Сол ұлды қайта тапты. Енді жасарады. Сөзі дәлелді еді. Нартай сеніп қалды. Қосылып аңырағысы келді. Мойнынан құшақтады. Тер сасиды екен. Қайта құшақтамады. Бетінен сүйгізді. Сақал, мұрты жыбыр-жыбыр еткізіп, қытығын келтірді. Бірақ күлмеді. Күле алмады. Есіне Ертай түсті. Оның жылағаны. Өзінің жылағаны. Оның ағасының, яғни мұның, мойнынан тарс құшақтап ап айрылмай қойғаны. Өзінін оның, яғни інісінің, соңынан жүгіргені. Оның қара мұрты ширатылған ағаш аяқ адамның мойнында кетіп бара жатып артына қайрылып боздағаны. Өзін әлдекімдердің ұстап ап, мына сақалды шалға әкеп бергені. Ертай менің баурым деді. Иә, айналайын деді. Өзі сақалынан тарам-тарам жас ағып әлі жылап келеді. Ертай кішкентай, мен жоқта оны балалар ұрып тастайды. Ешкім ұрмайды деді сақалды. Неге сен оны да алмадың. Өз әкесі табылды деді сақалды. Нартайдың көңіліндегі күмән қайта тірілді. Ол менің туысқаным, екеуміздің әкеміз бір деді. Жыламай айтты. Мен

ҮШІНШІ ТАРМАҚ. ЯКОВ — ЖАҚЫП

       Қай ұлт екенін өзі де білмейді.

      Алғаш келгенде орыс дейтін. Ғажап емес. Тіпті, күмәнсыз нәрсе. Бірақ қазақтар әдетте түр-тұлғасы өздерінен бөтен, көзі көкшіл, өңі сары адамдардың бәрін орысқа балайды. Сондықтан ересек тартқан кезінде өзінің орыс екеніне шүбалана бастаған. Бәлки, украин, иә белорус шығар. Немесе поляк, тіпті, еврей болуы да мүмкін. Әйткенмен өзін орыс санайтын. Орыс и все!Ал бұл кезде ауылдастары мұның орыс екенін де ұмытып кеткен. Жақып. Жақып Көбегенов. Өзара "әлгі Жақып", басқа Жақыптардан айырып айту керек болса "Көбегеннің Жақыбы деп сөйлейтін. Жақып: "Осы мен қазақ емеспін бе" деп ойлай бастаған. Шет жақта жүрген қазақтардың бірі орысқа немесе полякқа, немесе еврейге үйленуі мүмкін ғой. Бірақ қанша ойланғанымен әкесін көзіне елестете алмайды. Сары ала киінген әскери адам екенін біледі, жалпақ қоңыр белбеуі, былғары қапты ауыр тапаншасы болғанын біледі. Түр-түсі, аты-жөні тегіс ұмытылған. Бәрін ұмытқан.

Есінде қалғаны — күздің қара суығында әлдебір қалада шешесі екеуі поезға отырды. Жұрт абыр-сабыр. Өңдері жадау, жүздері сынық. Ал бұған бәрі қызық көрінген. ЬІсқыра пысылдаған паровоз да, бірінің үстіне бірі шыға сығылысқан, шаң-шұң ұрысып, абұр-дұбыр сөйлескен қатын-қалаш, кемпір-шал, бала-шаға да. Жол бойы көңілді болды. Поезд аз жүріп, көп тоқтайды. Жүрсе жұрт тыншып, тоқтаса берекесіздене бастайтын. Бұған бәрібір еді. Көргендерінен көз ала алмады. Істіктері сорайған ұзын мылтық асынған, сұр шинельді жаяу әскерлер. Артына зеңбірек тіркеп, үстіне батыр солдаттар тиелген ашық, иә жабық машиналар. Танктер! Көп танк. Бірінің соңынан бірі тізіліп, қоңыздай өріп барады. Бір ғажабы, әскерлер де, машиналар да, танктер де поезбен бірге жүрген жоқ, қарама-қарсы бағытқа бет түзеген. Бәрі де бұлар шыққан жаққа қарай бара жатыр. Қоса жүрсе қызығырақ болатын еді. Ең жаманы, самолет көре алмады. Көрсет деп шешесін мазалай берген. Ақыры арада екі түнеді ме, үш түнеді ме, оны да көрді. Поезд таң атқаннан бері әлдебір кішкене станцияда бөгеліп тұрған. Асыға күткен самолеттері түс кезінде жетті. Өздері шыққан жақтан. Лек-легімен, қатар-қатар тізіліп. Көп. Мұның екі қолындағы саусақтары шамалас. Жұрт қызыққа қараудың орнына бытпырақай болды. Шешесі самолет санауға да мұршасын келтірмей, мұны қолынан жетектеп алып, жұртпен бірге аулаққа қарай жүгірді; топырағы алынған әлдебір шұңқырға жетер-жетпесте, қаусыра басып, етпеттеп жата кетті. Яков осы кезде ғана қорыққан. Тұншыға жылап қоя берді.

Бұдан ары не болғаны еміс-еміс қана есінде. Тарсыл-гүрсіл дауыстан аспан шайқалды, беліне тиген соққыдан жер теңселді. Көк ала түтін, қызыл ала жалын. Жер тулаған шақта жұлын тұлғасының үзіліп кете жаздағанын біледі. Шешесінің өзін баса-жаншып, үстінен аударылып түскенін біледі. Дүние құлаққа ұрған танадай тым-тырыс бола қалған кезде көзін ашқанын біледі. Шешесінің оң жақ қолымен жер тырнап, оң жақ аяғымен жанталаса тебініп, тулап жатқанын біледі. Шынтақтан сынып салбыраған сол қолдан, қара саннан үзілген сол аяқтан шүмектей шапшыған қызыл ала қан көз алдында. Мыж-тыж болған, әлдебір сіңірге ілініп, аяқ-қолдың тұқылымен қоса шоршып жүрген қып-қызыл ет, жартылай қанға бояла сорайған аппақ сүйек көз алдында. Бұдан соң не болғанын білмейді.

Жадында сақталған келесі үзік сурет дәрі иісі шыққан таза, жылы 

       Алайда, ешкім күтпеген оқиға болды. Ауылмен көрісіп, қымыз ішіп, ет жеп, аз-маз аунап-қунаған соң Яков бір күні таңертең шабаданының түбінен жаңа көк комбинезон алып киіп, шөп маялауға шықты. Ертеңіне де, арғы күні де кетпеді. Арада бірер ай өткенде жұрт ойламаған тағы бір ғажайып болды: Яков Күлиман кемпірдің қолына кіріп алды. Күлиманның анау жылы балалар үйінен Яковтармен бірге келген Оля деген қызы үйде отырып қалған еді. Көпеде жүретін. Түскі үзілісте көп әйелдің ортасында дем алып отырған кезінде қасына барыпты да: "Сен жақсы қатын, мен күшті жігіт, күшті жігітке жақсы қатын керек" депті. Құрдастары шығарған қалжың. Жанында тұрған ешқайсысы жоқ. Ал куә болған әйелдер т-т-т, д-д-д дегеннен басқа ештеңе ұқпадық деседі. Бұлардікі де әзіл. Шыны — сол күні кешке Яков үйленіп шықты. Алай-былай емес, кәдімгідей. Ертеңіне бригадирден сұранып аудан орталығына барып, неке куәліктерін алып келді. Қолма-қол той ырымын жасады.

Сонда ғана Жақыптың ауылға біржола келгеніне, енді ешқайда кетпейтініне жұрттың көзі жетті.




АРНА

Газетте істеп жүрген кезім. Жеңіс күні қарсаңында майдангерлер өмірінен ерлік жөнінде көркем очерк жазуға тапсырма алдым. Бұрын журналистер назарына мүлде ілінбеген адам туралы тың дүние болуға тиіс. Редактордың кеңесімен бірден Отан соғысы мүгедектерінің қалалық госпиталіне тарттым.

     Істің мән жайына қаныққан бас дәрігер мені Тоғрыл деген қазаққа сілтеді. Жиырма жыл ішінде алдымнан талай адамды атқардым, бірақ дәл мұндай берік, мұндай қайсар, мұндай өмірге құштар адам көргем жоқ деген сөз менің көңлімде ешқандай күмән қалдырмады. Іздеген кісімнің осы екенін айттым да тезірек табыстыруын өтіндім.

       Тоғрыл госпиталь багында дойбы ойнап отыр десті білетіндер. Мен таңырқап қалдым. Жаңа ғана екі қол, бір аяғы жоқ деп естігем. Көз алдыма, неге екені белгісіз, құлағы жұлынған, түбі тесік ескі самаурын елестеген. Қалай дойбы ойнайды? Жарайды, тасын біреу қозғап беріп тұрсын. Сонда несіне жетісіп ойнайды? Тамақты қалай ішеді, киімді қалай киеді?.. Не тірлік, не өмір!

Жерге қазып орнатқан добал стол басында теріс қарап отыр екен. Біз тақай бергенде қарқ-қарқ күлген даусы естілді. Түрі Котовскийге ұқсаған тақырбас, толық қазақ орнынан оқыс тұрып, қолы дір-дір етіп шапанының омырауын түймелеп жатты.

— Ойбай, Сәке, кешіріңіз. Байқамай ұттым. Ойын жолы болсын. Қайта ойнайық.

— Тағы ұтасың, — деді Сәкең. — Ойнамаймын. — Айтқанындай, столға сүйеулі тұрған таяғын алды да, бұрылып жүре берді. Дойбышы әріптесінен тезірек құтылғысы келгендей, ақсаңдай, асыға басып, келесі столға қарай беттеді.

— Қап, өзіме де обал жоқ. Ұтыла салу керек еді...

    Екі үлкен кісінің балалық мінезіне енді біздің күлуімізге тура келді

Газет берген арнайы командировкамның да орнын толтыра алмадым. Айрылысар сәтте Зигфрид: "Атасын жасырған — нәмәрт. Мен өзімді тәрбиелеп өсірген даланың дархан перзенті — бүкіл семьямыз фамилиясын алып отырған көкем, сіздерше Ахмет ақсақалды ғана емес, фашистермен айқаста испан республикашылдары қатарында қаза тапқан, маған өмір берген ғазиз әкем Вольфганг Вагнерді де мақтан етем. Бірақ неміспін деп айта алмаймын. Бұл — менің қалауымнан тысқары нәрсе. Қазақ тағдыр ісі дейді. Анық: мен неміс емеспін. Қазақпын деп кесіп айтуда киын. Шыққан тегім неміс десем қисынға келер. Ал балалар... Жалпы, арғы текті қазу — азаматтың ісі емес. Қазір бәріміз бір өзеннің арнасы, бір атаның баласымыз. Бір семьяның мүшесі, бір ұлыстың ұлымыз. Ескі жараның аузын тырнап қайтесіз", — деген еді. Тек өзінің ғана емес, Яковтың, Рәшиттің, бүкіл қауымның атынан айтқандай көрінген. Қабылдамай кетіп ем, ойлана келе сөзінің дұрыстығына ден қойдым.

                   Әйтсе де, осы сапарда естіген-білгенімді, көзбен көріп, ойша түйгенімді толайымен мансұқ етуге қимадым. Өмірде шын болған адамдардың бәрінің атын өзгертіп, көкейімдегі тірі суреттерді ептеп тұздықтап, повесть пе, әңгімелер циклы ма, әлде, тіпті, роман ба, әйтеуір бірдеңе жазып тастадым. Журналист шықпады, бәлки жазушы боп кетермін. Менікі үміт. Мүмкін орындалмас. Қайтеміз. Көнеміз. Көтеріп аламыз.

   Бір жақсысы, оған дейін әлі көп уақыт бар.

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»   коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс-шарасы




АНЫҚТАМАСЫ


Бөлексаз орта мектебінде 26 күні  «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында

Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» кітабын 8 сынып оқушыларымен талдау. «...Оның алпысыншы, жетпісініші жылдары жазған әңгіме, повестері қалам ұшы өткір, әр сөздің ішкі-тысқы ен таңбасын, қат-қабат сыры барын сол кезде-ақ танытыпты. Мұхтар Мағауиннің сол тұста жазған "Әйел махаббаты", "Күтпеген кездесу" сияқты әңгімелерін, "Қара қыз" сияқты повесін оқыған сыншы, не болмаса замандас достары сол күні-ақ авторды құшақтап құттықтаған шығар деп ойлаймын. Өз басым сол достар қуанышының ішінде болмағанымды өкініш еткендеймін». Ғабит Мүсірепов, жазушы, қоғам қайраткері

 Он сегізден тірі қалған үшеу туралы орыс әні көпке мәлім. Тарихын естіген жұрттың бәрі көзіне жас алады.

Мен жалғыз баласынан соғыста айрылған кемпір-шалдың үйінен 1942 жылы көктемде түсірілген сурет көрдім. Әскерге жаңа алынған ауыл жастары. Қасап қырғыннан алпыс жетінің үшеуі ғана аман қайтыпты.

 



                         Кітапханашы Г.Балтабаева

                                   26.10.2023ж