Республика күніне арналған "Менің жерім "атты ашық тәрбие сағаты
25қазан Республика күніне байланысты «Менің жерім» тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпақты Отанды сүюуге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін ояту болып табылады. Тәрбие сағатының барысында балалар рәміздерді атап,тәрбиеші апайларының қойған сұрақтарына дұрыс жауап беріп,тақпақтарын айтып,ұйымдастырылған ойындарға белсене араласты.