17
ноябрь
2022
Ашық сабақ
Кеген ауданы Бөлексаз орта мектебінде математика, физика, информатика пәндері бірлестігінің апталығы аясында қарашаның он жетісі күні физика пәні мұғалімі Молдақынова Шәйімгүл 9 "Б" сынып оқушыларымен "Ньютонның екінші заңы, масса" тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ мақсаты: Ньютонның екінші занын тұжырымдау; есеп шығару
Сабақ барысында "Джиксо", "Формуланы тап" әдістері арқылы жаңа сабақ тақырыбын оқушылар өздері ашып, қызықты тапсырмаларды өмірмен байланыстырып, практикалық жұмыс жасады. Мұғалім шеберлікпен АКТ технологияларын пайдалана отыра сабақты жоғарғы деңгейде өткізді.