"Адал ұрпақ" ұйымы
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінде 2021-2022 оқу жылындағы 1 жарты
жылдық бойынша «Адал ұрпақ» ұйымының
атқарған жұмыстарына
Анықтама
Еліміздің дамыған мемлекеттер қатарына тұрып, халықтың сенімін ақтап, кәсіби мемлекетті құру жолында ең бастысы адалдық пен парасаттылық қағидаттарымен тәрбиелеу мақсатында мектебімізде «Адал ұрпақ» ұйымы тұрақты түрде жүйелі жұмыс істеді.
Атап айтсақ, 5-11-сынып оқушыларымен «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері сайланды. Клуб мүшелері өз жұмыстарын мектеп директоры М.Масимхановпен ауыл әкімі Құныпияев Серіктің қатысуымен өткен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы Адалдық сағатын өткізді.Дөнгелек үстел барысында оқушылар сыбайлас жемқорлық туралы өз білгендерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар аудандық жасөспірімдер инпекторы Бәйдібек Талшынмен «Біз жемқорлықққа қарсымыз!» тақырыбындағы кездесу өтті.Кездесу барысында оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтар бойынша тұшымды жауаптар алды.
Жалғыз басты Ұлбосын апамыздың да үйіне барып қар күреп көмек көрсетті.Адал Ұрпақ ұйымы қашанда үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуден шаршаған емес.Ауылымыздағы ақсақалдар алқасының төрағасы Елжанов Мақатай ағамен «Ауылым –алтын бесік» атты кездесу өткізіп ауыл туралы көп мағлұматтар алды.


