"Қызғалдақ" қыздар жиналысы » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2022

"Қызғалдақ" қыздар жиналысы

Хаттама №2

«18 » 11  2021 жыл

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызғалдақ» қыздар ұйымының кезекті жиналысы болып өтті

                                                                                                      Қатысқаны:40   

                                                                                                           Қатыспағаны:5

Жиналыс президумы:

  1. А.Халелқызы- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  2. М.Наурызбанва- пед. Ұйымдастырушы
  3. Ж.Жиенбаева- қыздар ұйымының тәлімгері
  4. Темірбек Тоғжан – мектеп психологы


Күн тәртібіндегі мәселе:

  1. «Қыз бала тәрбиесі» баяндама

Ж.Жиенбаева- қыздар ұйымының тәлімгері



  1. Видеоролик – қыз бала тәрбиесі туралы тәлім-тәрбие

Ж.Жиенбаева- қыздар ұйымының тәлімгері



  1. «Қыздарға 40кеңес» постер қорғау                                       

                                                        Темірбек Тоғжан – мектеп психологы



  1. «Мен қандаймын?» ойыны

Темірбек Тоғжан – мектеп психологы


  1.  « қыз бала тәрбиесі» тақырыбында ашық әңгіме

М.Наурызбанва- пед. Ұйымдастырушы

Халелқызы Әлия - ДТІЖО



Тыңдалды:

    5-11 сынып қыздарна бірінші мәселе бойынша «Қыз баланың тәрбиесі» жайлы баяндама оқылды

Қазақ халқы "қыз" деген сөздiң өзiн әдемiлiктiң, әдептiлiктiң, йнабаттылықтың, сұлүлықтың белгiсi деп таныған. Халқымыздың халық аүыз әдебйетiнде көптеген ақындарымыз қызға деген көптеген керемет сүреттемелер берген. Мысалы:


 
-Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын,
 
- көрiнер түған айдай-жұзы жарқын.
 
- үлкеннiң алдын кесiп, сөз сөйлемес,
 
- халқының сақтай бiлген iзгi салтын.

                                                                          
 
    Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлiлiгiн, сүйкiмдiлiлiгiн, жанының нәзiктiгiн, өнер бiлiмге бейiм тұратынын жоғары бағалап, оның ол қәсйеттерiн нақыл сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: "қыздың жйған жүгiндей", "қыздың тiккен кестесiндей", "қыз елдiң көркi, гүл жердiң көркi", "жақсы қыз-жағадағы құндыз", "ырыс алды-қыз", "қызы бар үйдiң-бiзiғi бар" т. Б.


 
    Қазақ отбасының маңызды қызметтерiнiң бiрi-тәрбие. Ата-ананың мiндетi-жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпiн, адамшылық, адамгершiлiк, инабаттылық, сыйлаү қәсйетттерiн сiңiрү. Әсiресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбйесi ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңiлiн қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсiрген және де оны қатал ұстап, оның тәрбйесiне ерекше көңiл бөлiп қараған.


 
    Қыз бала тәрбиесiнде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбйесiнде әкеге қарағанда ерекше қызмет етедi. Қыз бала анаға бiр табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда бiздiң қазақ қыз-келiншектердiң бойында iзеттiлiк, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсетү, үлкеннiң алдын кесе-көлденең кесiп өтпеү, жан ашү қәсйеттерi басымырақ сяқты. Осындай қыз балаға тән қәсйеттердi қызының бойына сiңiретiн ең бiрiншi-өл анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпырүды, яғнй үйдi таза ұстаүға, төсек жйнаүға, ас пiсiрү, шай құю, кесте тiгү тағы басқа жанұяның үй жұмысына үйретүдi анасы мен әжесi өз мiндеттерiне алған.


 
    Қыз баланы келешек ана, бала тәрбйешiсi, жанұяда ұйытқысы деп түсiнген халқымыз оның еңбек сүйгiш өнерлi болып өсүiмен қатар қыз баланың көрiктi болып өсүiне де ерекше көңiл бөлген.

Екінші мәселе бойынша қыз баланың бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту барысында көрсетілген видеролик. Қыздар видеороликті бақылау барысында өз бойында табылмай қалатын жақсы, көркем мінезді айта отырды. Бұл жерде қыздардың үлкенді сыйлау жайлы. Тәрбие бірінші отбасынан басталатыны айтылды

Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Т.Темірбек қыздарды ортаға шығарып торт топқа бөліп әр топтарға шар берілді. Сол берілген шарларды жарып ішінен тапсырма сұрақтар шықты. Сол тапсырманы ақ қағаз бертіне постер жазып қорғап шықты. Қыздарымыз барлығыдерлік берілген тапсырмаларын ойдағыдай орындай алды. Бұл жерде қыз бала тәрбиесі? Қызға қырық үйден тыйым, Қыз өссе елдің көркі деген тапсырма сұрақтар қойылды.

        Төртінші мәселе бойынша Мектеп психологы қыздардан «Мен қандаймын? тақырыбында қыздарға доп лақтыру бойынша қыздардың өз бойындаға жақсы қасиеттерді айтып берді. Барлық қыздар қатысып атсалысты.



Сөйлеушілер:

      Мектептің Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Халелқызы қыз бала бойында жақсы қасиеттердің болуы, ұяң, пысық алғыр, өнерлі болуы жайлы әңгімелер айтылды. Қыз – өміржің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес.   Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктілікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. Қызды «жат жұрттық» деп қадірлеп, төрінен түсірмеген. Басқа үйдің отын жағып,   түтінін түзу ұшыратын боласың, барған жеріңде шешесі үйретпепті демесін деп анасы қызына бойындағы бар жақсы қасиетін сіңіруге тырысады. Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан- да мектепте оқып жүрген қыз бала, ол – үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы болуы тиіс. Қыз бала үйден шыққанда тап-таза киініп, шашын таранып, әсем күлкісімен нұрын шашып жүрумен қатар сабағын да жақсы оқиды. Қыз баланы тәрбиелей отырып, отбасындағы одан кейінгі ұлдарғ  үлгі етеміз, яғни бұл жерде ұлт тәрбиелеу – бұл қазақтың ежелден келекжатқан философиялық  даналығы деп білеміз.

     Қыздарымыз жиналыс барысында өз ойларын қиналмай жеткізе білді.

ШЕШІМ:


  • Қыз бала бойындағы жақсы жағын көрсету,   айналадағыларға қамқорлық пен инабаттылықпен жүру міндеттелді
  • Қыздар секторларына «қыздар» папкасын ашып   айына бір рет сыныптағы қыздар жиналысын өткізіп және әр жиналыста айтылған мәселелер, баяндамалар оқылып хаттама толтыру міндеттелінді.
  • Қыздар арасындағы түрлі жарыстарды   ұйымдастыруды қыздар секторы Алжанбай Ақботаға міндеттелді



Төрайымы:                           Ж.Жиенбаева

ДТІЖӨ:                       Ә Халелқызы

Қыздар секторы:                   Алжанбай Ақбота