Жалпы ата_ аналар жиналысы
Психокоррекциялық,психопрофилактикалық,психодиагностикалық,кеңес берушілік) бағытындағы жүргізілген жұмысына
Хаттама №1
Күні: 23.09.2022Бөлексаз орта мектебі Барлығы: 80
Қатысқаны:50
Қатыспағаны:30
Жүргізілген (топ,сынып): Жалпы ата-аналар
Жүргізілді: «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі » /жадынама/
«Жылы сөздер » /психологиялық жаттығу/
«Баламен қарым-қатынас құрудағы 10 қағида» /кеңес/
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп,ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып ,жағымды қарым-қатынас орнату.
1.Бала адамның келешегі,баланы тәрбиелеу,қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың ардақты борышы.Бала жасында қалай тәрбиеленсе,есейгенде соны жасайды. Халқымызды «Баланы жастан» деген мақал бар. Бірақ үнемі «үйтпе,бүйтпе»деп отырса да бала ынжық, жасқаншақ болады. Алайда, бала тәрбиелеудің жөні осы екен деп, тәрбиеден тыс қаталдық көрсетудің өзі бала өміріне қауіп туғызады. Қаталдық керек десеек те.... тәрбиелеудің дұрыс жолдарын қолданған жөн.
2. «Жылы сөздер» жаттығуы.
Нұсқау: Ортаға алты ата-ана шығып,үштен екі топқа бөлінеміз. Енді екі адам бірігіп ортадағы адамның құлағына жақсы қасиеттерін айтамыз. Жаттығу әрі қарай келесі адамдармен ауыстырылып жалғасады. Психолог: Құрметті ата-аналар,жаттығу барысында қандай сезімде болдыңыздар? Жылы сөз есту қаншалықты сізге жақсы әсер етті?. Бала тәрбиесіндеде дәл осылай ,балаға жылы сөз айтсақ,үнемі мадақтап сенім білдіріп отырсақ , мейірімімізді, махаббатымызды баладан аямасақ екен. Ата-ана қарым-қатынасына толық қаныққан бала мейірімді, сүйіспеншілікке толыққан,бұзақылықтан бойын аулақ ұстайтын тұлға болып қалыптаспақ.
3. «Баламен қарым-қатынас жүргізудегі 10 қағида»
Қорытынды: Тренинг соңында әр ата-ана өздерінің бала тәрбиесіндегі әдіс-тәсілдерін, тәжірибелерін бір-бірімен бөлісті.
Қаулы етеді: Жеке жұмысты қажет ететін оқушылардың ата-анасымен жекелей жұмыстар жүргізу.Ұялы телефонды дұрыс қолдану,ата-аналарға кеңес.
Мектеп психологы: Темірбек Т.Т