02
сентябрь
2024
Әлеуметтік педагогтың 2024-2025 оқу жылына арналған жоспары
2024 жыл, 26 тамыз
Осы әлеуметтік педагогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспары «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы(ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 № 68 бұйрығымен өзгерістер) негізінде қағаз немесе электрондық форматта word (ворд) немесе pdf (пдф) бір рет әзірленді және оқу жылы ішінде жүзеге асырылады.
Жылдық жоспар бойынша өткізілетін іс-шаралар «Білім туралы» ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі, «ҚР баланың құқықтары туралы» ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы, «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік педагогтің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Аббревиатура:МДТІЖО – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
ҰББДҚ – Ұлттық білім беру деректер қоры;
АӘК – атаулы әлеуметтік көмек;
МДОІЖО – мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
ҚК – Қамқоршылық кеңес;
ҮТЖ – үй тұрмыс жағдайын тексеру;
ААҚҚ – ата-анасының қамқорлығынысыз қалған.
Әлеуметтік педагог: Шыныбаева Балғын
Осы әлеуметтік педагогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспары «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы(ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 № 68 бұйрығымен өзгерістер) негізінде қағаз немесе электрондық форматта word (ворд) немесе pdf (пдф) бір рет әзірленді және оқу жылы ішінде жүзеге асырылады.
| Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі мақсаты: | Білім алушыларды тәрбиелеуді, бейімдеуді және әлеуметтендіруді әлеуметтік-педагогикалық, ақпараттық және құқықтық қолдауды қамтамасыз ету | Негіздеме:
| |
| Негізгі кәсіби қызмет | 1. Білім алушыларды бейімдеуге әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету 2. Білім алушыларды әлеуметтендіруге әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету 3. Материалдық көмек көрсету жағдайларын қамтамасыз ету | ||
| Қосымша кәсіби қызмет | Оқу-тәрбие іс-шараларын іске асыруға қатысу |
Әлеуметтік педагогтің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
| № р/с | Іс-шаралар | Орындау мерзімдері | Жауаптылар | Есеп беру нысандары | |
| І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу | |||||
| Әлеуметтік педагогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық форматта word (ворд) немесе pdf (пдф) әзірлдеу және оқу жылы ішінде жүзеге асыру | 26.08.2024ж. | ДТІЖО Исаева С Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Жоспар | ||
| Мектептегі білім алушылар туралы мәліметті "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде (электронды форматта) жүргізу | Жыл бойы | Сынып жетекші Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | ҰББДҚ | ||
| Мектептің әлеуметтік паспортын "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде (электронды форматта) жаңарту және құру | 02.09-31.10.2024ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | ҰББДҚ | ||
| Сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтерді және сыныптың білім алушылары туралы (сыныптың әлеуметтік паспорты) кестені жинау | 02.09-31.10.2024ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Сынып жетекшілер | ҮТЖТА, диагностикалық нысандар | ||
| Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, жартылай жетім, көпбалалы, аз қамтылған, АӘК алатын, сәтсіз отбасынан шыққан, қиын жағдайдағы оқушылар) оқулықпен қамтамасыз ету | 26.08-29.08.2024ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Кітапханашы Балтабаева Г | Мәлімет | ||
Мектептің әлеуметтік паспортын қалыптастыру, білім алушылардың отбасы түрі бойынша санатын анықтау:
| 02.09-31.10.2024ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Сынып жетекшілер | Тізім | ||
Білім алушылардың өзге де санаттарын анықтау:
| 02.09-31.10.2024ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Сынып жетекшілер | Тізім | ||
| Мектептің әлеуметтік паспортын, әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан білім алушылардың тізімін жергілікті уәкілетті органдарға жолдау | 02.09-31.10.2024ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Мәлімет | ||
| Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың жеке іс-қағаздарын реттеу, оқушылардың жеке қызығушылығын бақылау, есепке алу журналы жүргізу | 26.08.2024-30.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||
| Мектепте атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмыс туралы мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде, қажет болған жағдайда БАҚ мақала, пост жариялау | 26.08.2024-30.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Жарияланым | ||
| II. Балалық құқығын қорғау жұмысы | |||||
| «Бала қорғау бұрышын» ұйымдастыру, бала құқығын қорғау бойынша стендтер орналастыру | 01.10-04.10.2024ж. | ДТІЖО Исаева С Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Мәлімет | ||
| Әлеуметтік педагог апталығы: «Жақсылыққа бір қадам» | 07.04.-11.04.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б ДТІЖО | Жинақ бумасы | ||
| «29 қазан – Қамқоршылар күні» апталығын ұйымдастыру, жұмыс жоспарын құру және жүзеге асыру | 28.10.-01.11.2024ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Мәлімет | ||
| Білім алушыларды (1-4 сынып, 5-11 сынып білім алушыларының жекелеген санаттары) бір реттік тамақтандырумен қамту мемлекеттік қызметін жүзеге асыру және білім алушыларды сапалы тамақтандырумен қамту бойынша шаралар кешенін іске асыру (бракераждық комиссия, тиым салынған заттар, ас мәзірі, табель және т.б.). Мектеп асханасын жалға алушы есебінен білім алушыларды бір реттік тамақтандырумен қамту | 02.09.2024-23.05.2025ж. | МДОІЖО Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Тізім, өтініштерді тіркеу журналы, бұйрық | ||
| «Білім алушылардың жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметін іске асыру, білім алушылардың жазғы демалыс лагерьлерде сапалы тынығуын қамтамасыз ету | 02.06.-13.06.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б ДТІЖО Исаева С | Тізім, өтініштерді тіркеу журналы, бұйрық | ||
| "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушыларына қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметін іске асыру, қаржылай әрі материалдық көмек көрсететін білім алушыларды анықтау және уақытылы қаржылай көмек алуын қамтамасыз ету | 01.08.-15.08.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б ДОІЖО | Тізім, өтініштерді | ||
| Білім алушылардың жекелеген және өзге де санаттарына демеушілер және өзге де көздер арқылы қаржылай және материалдық қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастыру | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Тізім, ҚК шешімі | ||
| Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс жоспарын негізінде білім алушыларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету | 02.09.2024-23.05.2025ж. | ДТІЖО Исаева С Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Жоспар | ||
| Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру: профилактикалық, диагностикалық және әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жұмыстары | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Мәлімет | ||
| «Қош келдің, жаңа жыл»: білім алушыларды аудан (қала),облыс және президент шыршаларына қатыстыру, білім алушыларыдң жекелеген санаттарына демеушілер және басқа да көздер есебінен жаңа жылдық сыйлықтар табыстау | 23.12.-27.12.2024ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б ДТІЖО Исаева С | Мәлімет, АКТ | ||
| Өгей ата-анасымен тұратын білім алушыларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау: жоспарын құру, бақылауға алу және ҮТЖ тексеру, диагностикалық жұмыстарды жүргізу | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Жоспарға сәйкес іс-шаралар | ||
| «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында баланың әлеуметтік-материалдық және отбасылық жағдайларына байланысты мектеппен қамтамасыз етілмеуінің алдын-алу бойынша рейдтік шаралар және әлеуметтік-педагогикалық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру | 01.08.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Ата-аналар комитеті Сынып жетекші | Жоспары, жоспарға сәйкес іс-шаралар | ||
| «1 маусым – Балаларды қорғау күні» қарсаңында қайырмдылық акциялары мен мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру | 02.06.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б ДТІЖО Исаева С | Мәлімет | ||
| IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс | |||||
| АІІБ ЮПТ есебінде, сәтсіз, мектепішілік есепте, тәуекел топта тұратын білім алушылар: әлеуметтік-педагогикалық қолдау, диагностикалық жұмыстар мен жекелей жұмыстар жүргізу (жеке жоспар), қаржылай және материалдық қолдау көрсету, сабақтарына қатысу | Әр айдың 5-не дейін | МДТІЖО Исаева С Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Мәлімет | ||
| Құқық бұзушылықтың, қаңғыбастық пен тіленшіліктің алдын алу, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар балаларды анықтау, түнгі уақытта ата-анасыз және заңды өкілдерісіз жүрген балаларды анықтау мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар | 02.09.2024-23.05.2025ж. | МДТІЖО Исаева С Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Мәлімет | ||
Профилактикалық жұмыс:
| 02.09.2024-23.05.2025ж. 24.10.2025ж. 02.09.2024-23.05.2025ж. | МДТІЖО Исаева С Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Мәлімет | ||
| Ата-аналар және мектеп мұғалімдеріне әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жұмыс жасауға арналған ұсынымдар мен чек-парақтар дайындау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Ұсынымдар мен чек-парақтар | ||
| ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы | |||||
| Әлеуметтік-медициналық санатындағы оқушыларды анықтау, тізімін бекіту | Әр айдың 25 күні | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Тізімі | ||
| Директор жанындағы мәжіліс (қаралатын мәселе): - Сабаққа себепсіз келмейтін білім алушылар туралы; - Өгей ата-анасымен тұратын білім алушылар туралы; - Әлеуметтік педагог қызметіндегі мемлекеттік қызметтер туралы. | 02.09.2024-23.05.2025ж. (нақтылау керек) | ДОІЖО Исаева С Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Хаттама | ||
| Педагогикалық кеңес (қаралатын мәселе): - Жетім және ААҚҚ қалған білім алушылардың жағдайы; - Бір реттік тамақтандыру сапасы және келіп түскен арыздар мен шағымдар. | 02.09.2024-23.05.2025ж. (нақтылау керек) | ДОІЖО Исаева С Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Хаттама | ||
| Қамқоршылық кеңес (қаралатын мәселе): - Білім алушылардың заңды өкілдерінің бір реттік тамақтандыруға ұсыну туралы өтінішін қарау; - Білім алушылардың заңды өкілдерінің қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру туралы өтінішін қарау; - Білім алушылардың заңды өкілдерінің бір реттік қаржылай және материалдық көмек тағайындау туралы өтінішін қарау; - Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде және оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде; - Жыл ішінде "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығына және "Бөбек" ұлттық ғылыми-тәжірибелік, оқу және сауықтыру орталығына жіберілген білім алушыларға үміткерлердің өтініші туралы; - Аудан және облыс әкімінің шыршасына, Президент шыршасына баратын білім алушылар туралы. | 02.09.2024-23.05.2025ж. (нақтылау керек) | ДТІЖО Исаева С Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Хаттама | ||
| Аудандық білім бөлімінің қамқоршылық бөліміне жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың жарты жылдық есебін өткізу | 17.12.-26.12.2024ж. 26.05.-06.06.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Іс-құжат көшірмелері | ||
Жетім және ААҚҚ, патронаттық тәрбиедегі балалардың құқығын қорғау:
| 02.09.-06.09.2024ж. 02.09.2024-23.05.2025ж. 17.12.-26.12.2024ж. 26.05.-06.06.2025ж. 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Жоспарға сәйкес іс-шаралар | ||
| V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс | |||||
| Ата-аналар жиналыстарына қатысу | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Мәлімет | ||
| Білім алушылар мен ата-аналарға буллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және жаднама тарату | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Мәлімет | ||
| Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында ата-аналарға лауазымдық міндет шеңберінде сабақтар өткізу | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Мәлімет | ||
| Мектептің психологиялық қызметіне жүгінген ата-аналарға әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру және қолдау шараларын ұйымдастыру | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Психолог | Кеңес беру журналы | ||
| Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, отбасында қиын жағдай орнаған оқушылардың ата-аналарына, оқушыға және қиын оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Психолог | Кеңес беру журналы | ||
| Үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарымен кездесу және әлеуметтік педагогикалық жұмыстар атқару | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Психолог | Мәлімет | ||
| VI. Диагностикалау-талдау қызметі | |||||
| Оқушылардың әлеуметтік ерекшеліктерін анықтау: отбасы картасы, әлеуметтік картасы, оқушы картасы және т.б. | Тамыз Қаңтар | МДТІЖО Исаева С Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Отбасы картасы, әлеуметтік картасы, оқушы картасы | ||
| «Буллинг жағдайы: агрессор, куәгер және жәбірленуші» семинар-тренингі | 13.11.2024ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Психолог | Мәлімет, сценарий | ||
| Білім алушылар арасындағы зорлық-зомбылық сауалнамасы | 02.12.2024ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Психолог | Қорытынды | ||
| «Әлеуметтік дағдылар: қарым-қатынас құпиялары» семинар-тренинг | 12.04 2024ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Психолог | Мәлімет, сценарий | ||
| «Әр баланың құқығы – мемлекет құндылығы» семинар-тренингі | 30.01.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Психолог | Мәлімет, сценарий | ||
| Ата-аналар мен білім алушыларға буфеттік тамақтану және бір реттік тамақтандыру сапасына қанағаттану деңгейін анықтау сауалнамасы | 20.09.2024ж. 10.02.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б | Қорытынды | ||
| Бір реттік тамақтандырумен қамтылған білім алушыларға және ата-аналарға арналған ұсынымдар, чек-парақтар мен видео-түсіндірмелер, түсіндірме жұмыстарын жүргізу: «Ас – адамның арқауы», «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» | 10.10.2024ж. 03.03.2025ж. | Әлеуметтік педагог Шыныбаева Б Медбике Жеттікбаева С | Чек-парақтар мен видео-түсіндірмелер | ||
ҰББДҚ – Ұлттық білім беру деректер қоры;
АӘК – атаулы әлеуметтік көмек;
МДОІЖО – мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
ҚК – Қамқоршылық кеңес;
ҮТЖ – үй тұрмыс жағдайын тексеру;
ААҚҚ – ата-анасының қамқорлығынысыз қалған.
Әлеуметтік педагог: Шыныбаева Балғын