әлеуметтік педагогтың 1 тоқсанда атқарған жұмысының » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2024

әлеуметтік педагогтың 1 тоқсанда атқарған жұмысының

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша әлеуметтік педагогтың 1 тоқсанда атқарған жұмысының
                                                    А Н Ы Қ Т А М А
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша  жалпы – 188   бала оқиды. 
        Оқу жылының басында әлеуметтік педагогтың жұмысы бекітілген жоспар бойынша мектепте көпбалалы отбасылармен, аз қамтылған отбасыларды анықтап, осы категориядағы отбасылардың қажетті құжаттары тексеріліп қабылданды. Статустағы оқушылардың құжаттарын реттеп, жаңа оқу жылына тізім жасалынды. Мектептің әлеуметтік төлқұжаты жасалады. 
      2024-2025 оқу жылы мектептің әлеуметтік паспорты мен таныстырып өтсек. Жалпы мектеп бойынша көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны – 35. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны – 28. Атаулы әлеуметтік көмек алатын (АСП) отбасылар  саны – 0, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар 
саны- 1
       Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін» бекітті. Осы қаулыны негізге ала отырып,ата-аналардың өтініштері негізінде материалдық көмек көрсетуге мұқтаж балалардың тізімі жасалынып көмек көрсетілді.
 Тамыз айында «Мектепке жол акциясы» бойынша атаулы әлеуметтік көмек алмайтын табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен отбасынан шыққан   оқу жыл басында  «Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалпы оқушылардың отбасы жағдайымен танысу жұмыстары жүргізілді. Республикалык «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1 – сыныпқа келген оқушыларға  дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді. 
17-қыркүйек күні жалпы ата – аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде 2023 – 2024оқу жылының қортындысы, мектеп формасына қойылатын талаптар, буллингке жол бермеу, мектептегі тегін тамақтануды ұйымдастыру үшін   қандай құжаттарды тапсыру қажеттілігі туралы  ақпарат берілді. 
 Мектебімізде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс дегейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан, жетім және ата – ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар «Жалпыға міндетті оқу қоры»  есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамассыз етілген. 
 Мектепте тегін ыстық тамақты ұйымдастыру мақсатында «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасын, мектепте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне сәйкес құжаттар жинақталып, журналға толтырылды. Сонымен қатар, мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімі бекітіліп, құжаттар рәсімделіп, ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі бекітілді.
   І тоқсан бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 104-ді құрап отыр. Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 2 үлкен үзіліске ұйымдастырылды. 
       Оқушылардың ыстық тамаққа уақытылы баруы тікелей сынып жетекшісі және әлеуметтік педагог назардан тыс қалдырмайды.
Сонымен қатар, оқушылардың ыстық тамаққа толық құрамда келуі, сабақтан қалған оқушылардың ыстық тамаққа келмеуін журналға уақытылы тіркеп отыру жұмыстарын әлеуметтік педагог, ал асхананың және асхана қызметкерлерінің санитарлық- гигиеналық талаптарға сай болуы, тамақтың сапасына мониторининг жасау мектеп мейірбикесі бақылауда ұстайды.
       Әлеуметтік педагогтің апталық жоспарына сәйкес, ыстық тамақтың сапасы, ас мәзіріне сай жасалуы, мөлшері, тамақ құрамында арттық заттардың болмауы, тамақ өнімдерінің бала денсаулығына пайдасын тигізуі, уақытында ыстық тамақтың берілуі және бөлме температурасында болуы күнделікті әлеуметтік педагог және сынып жетекшілердің қатаң бақылауында.
Оқу жылы басталғаннан бастап мектеп асханасында тамақтануды сапалы ұйымдастыру мақсатында бракераждық және маниторингтік ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесі, мектеп әкімшілігінен құралған комиссия жоспар бойынша тексеріп, тексеру нәтижелері жүйелі тексеріліп отыр.
Оқушылардың жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан ыстық тамақпен
қамтылуы. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды, жанұя жағдайы төмен отбасы оқушыларының үйірме, секцияларға қатысуын қадағалау.
Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар да белсенді түрде спорт үйірмелеріне қатысады. 
                    Әлеуметтік педагог:                Б.Шыныбаева