жылдық жоспар арнайы педагог
Келісемін. Бекітемін.
Директордың оқу ісі жөніндегі Мектеп директоры
орынбасары _________А. Халелқызы
_________К. Нүсіпақынова
«___» _________2022ж
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен » КММ
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН
АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ.
2022-2023 оқу жылы
Арнайы педагогтың мақсаты: ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына және мектеп кеңесінің шешіміне сәйкес білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыларына арнайы педагогикалық қолдау көрсету.
Арнайы педагогтың міндеттері:
1. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесіп тереңдетілген арнайы педагогикалық тексеруден өткізу;
2. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға жеке, топтық және сыныптық сабақтарда арнайы педагогикалық қолдау көрсету.
3. Оқытушыларға, ата-аналарға, басқа мамандарға білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде және үйде тәрбиелеу кезінде педагогикалық қолдау бойынша кеңес беру.
Арнайы педагогтың жұмысының негізгі бағыттары:
1. Ұйымдастырушылық жұмыс;
2. Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау;
3. Оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау;
4. Кеңестік-әдістемелік қызмет;
5. Өзін-өзі дамыту.
1. Ұйымдастырушылық жұмыс | |||
Көрнекі-дидактикалық құралдар мен жұмыс орнын дайындау
| Тамыз Қыркүйек | 1) Диагностикалық және дидактикалық материалдар дайындау; 2) Оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а,б) мұғалімнің мінездемесі балаға (форма 3); 3) Қатысқан сабақтарды талдау формалары; 4) Оқушылардың негізгі оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерінің бланкілері. | |
Жылдық жұмыс жоспары | Қыркүйек | Жұмыстың жылдық жоспары | |
Оқушылар тобын және жеке, топтық сабақтары құру | Қыркүйек | Оқушылардың тізімі | |
Құжаттарды рәсімдеу және жүргізу: 1) Жұмыс кестесін құру; 2) Сабақ кестесін құру; 3) Журнал толтыру: сабаққа қатысу, кеңестерді тіркеу. | Қыркүйек және жыл бойы | 1) Жұмыс кестесі; 2) Сабақ кестесі; 3) Сабақтарға қатысу журналы; 4) Кеңестерді тіркеу журналы. | |
Жылдық рефлексиялық есеп жүргізу | Мамыр | Жылдық рефлексиялық есеп | |
2. Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау (көмек) | |||
Оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін арнайы педагогикалық зерттеу: 1) Сабақта бақылау; 2) Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар; 3) Тереңдетілген арнайы педагогикалық бақылау; 4) Оқушының «Коммуникативтік паспортын» зерттеу | Қыркүйек | 1) Оқушыларды сабақта бақылау хаттамасы (форма 2а,б); 2) Әңгімелесу хаттамасы немесе толтырылған сауалнама; 3) Тереңдетілген арнайы педагогикалық бақылау хаттамасы негізгі оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерінің карталары; 4) Оқушылардың мінездемесі (форма 3) | |
Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқылау | Қыркүйек | Оқушылардың мінездемесі (форма 4) | |
Оқушылармен жұмысты жоспарлау: 1) Оқушылармен жұмыстың жеке бағдарламаларын құру; 2) Оқушылармен жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын құру; 3) Жеке және топтық сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау; 4) Оқушыларға жеке оқу бағдарламаларын дайындау; 5) Сынып жетекшісімен бірлесе отырып оқу бағдарламаларын бейімдеу (ПМПК ұсыныстарына сәйкес) | Қыркүйек Қазан | 1) Оқушылармен жұмыстың жеке бағдарламалары; 2) Оқушылармен жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын құру; 3) Оқушылармен жеке және топтық сабақтардың жоспарларын құру; 4) ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына сәйкес оқушыларға арналған бейімделген және жеке оқу жоспарларының мәтіндері. | |
Мұғалімдердің сұранысы бойынша оқушылардың қажеттіліктерін бағалау | Жыл бойы | 1) Оқушыларды сабақта бақылау хаттамасы (форма 2а,б); 2) Тереңдетілген арнайы педагогикалық бақылау хаттамалары, негізгі оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерінің карталары; 3) Оқушылар мінездемесі (форма 3) | |
Мектеп мамандарының сабақтары мен сынып сабақтарына қатысу | Жыл бойы | Хаттама, талдау | |
3.Оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау және оның тиімділігін бағалау | |||
Жеке және топтық сабақтарды өткізу | Жыл бойы | Жеке және топтық сабақтардың жоспарлары | |
БАЕҚ бар балаларға сабақ барысында көмек көрсету (мұғалімнің келісімімен) | Сабақ барысында көрсетілген көмек пен оның нәтижесін тіркеу хаттамасы | ||
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау | Жыл бойы | 1) Сабақ барысында оқушыны бақылау хаттамасы (2а,б формасы); 2) Білім жетістіктері карталары; 3) Сабаққа қатысу хаттамасы. | |
4. Кеңестік-әдістемелік қызмет | |||
Ата-аналарға жеке кеңес беру (ата-анасының қ алауы бойынша немесе қажет болған жағдайда) | Кеңесті тіркеу журналы | ||
Мұғалімдерге жеке кеңес беру | Кеңесті тіркеу журналы | ||
5.Өзін-өзі дамыту | |||
Ғылыми-әдістемелік құралдарды зерделеу | Жыл бойы | ||
Біліктілікті арттыру курстарынан өтуді ұйымдастыру | Жыл бойы | Сертификат | |
Арнайы педагог : ә. Оңалбаева