2021-2022 оқу жылында мұғалім логопедтің мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары ЖОСПАРЫ » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

2021-2022 оқу жылында мұғалім логопедтің мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары ЖОСПАРЫ

Бекітемін :

Мектеп директоры:              

М.Масимханов_________








2021-2022 оқу жылында мұғалім логопедтің мұғалімдермен   

                                 жүргізілетін жұмыс

                                        ЖОСПАРЫ 












Педагог логопед:А.Байбуқаева



2021-2022 оқу жылында мұғалім логопедтің мұғалімдермен                       

                                  жүргізілетін жұмыс

ЖОСПАРЫ 

Тақырыбы


Мерзімі

1



1-4 сынып балаларының     тілдік дамуының тексеру.

Тізім жасақтауда сынып жетекшісінің сұранысымен қабылдау.


Қыркүйек


Сынып жетекші сұраныс бойынша бірлескен   жиналыстар өткізу, кеңестер беру


Әр тоқсан аяғында

2

Мұғалімдерге кеңес беру күні 

Жұма 

3



Семинар –практикум: 

1. «Адамның бір қызығы бала деген?»

Психологиялық тренинг

(сынып жетекші және ата –ана)


 2.«Мектеп     жасындағы балаларда кездесетін тіл кемістігінің түрлері және оларды түзетудегі логопед маманың рөлі»

(сынып жетекші және ата –ана)



3. «Отбасындағы ата-ананың рөлі»

Қазан 


Жауапты: мектеп психологы 


Жауапты: мектеп логопеді:




Жауапты :Әлеуметтік педагог

4

Түзету жұмыстарымен таныстыру 



Жыл бойы 


5

«Тұтықпа баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру » Баяндама 

Желтоқсан 

6

Ұсақ моторика және жалпы моторика туралы түсінік беру

(сынып жетекшілері)

Қаңтар

7

«Саусақ жатығулары не үшін қажет?»

(МАД ,1-сынып жетекшілеріне кеңес беру)

Ақпан 

8

 «Сөйлеу тілі бұзылған балалар психологиясы»

(Пән мұғалімдері)

Наурыз


9

«Жүректен -жүреке »атты қайырымдылық концерт ұйымдастыру.Сынып жетекшілер мен бірлесе отырып,.

Сәуір


10

Мұғалімдерге  арналған ашық есік, жеке жұмыс сабағы.

Жыл бойы 



Атқарылған жұмыстарға есеп 

І-ІІ жарты жылдық бойынша 

11

Сынып жетекшілермен таным қабілетінің диагностикалық қорытындысымен таныстыру

Мамыр


12

«Біздің жеткен жетістіктеріміз»  Қорытынды


Мамыр


Логопед: А.Байбуқаева

Дұрыс оқу дағдысын дамытудың алғы шарттары .

Көмекші мектептердің оқушыларына әдебиеттік оқу сабағын толық дәрежеде меңгертіп, оларды еркін оқи алатын жағдайға жеткізу мектептегі басқа да сабақтардан жақсы үлгерудің ең маңызды алғышарты болып табылады. Сонымен бірге бұл сабақтан тыс уақытта да сыртқы ортадан хабардар болып негізгі көзі болып есептеледі. Міне, осының бәрі мектеп оқушыларының адамгершілік, эстетикалық және тіл дамытуына мүмкіндік туғызатын маңызды жайы болса керек. Жоғарыда айтылғандардың барлығы да әдебиеттік оқу сабағына үнемі көңіл бөліп, бағзы тұрақты бағытта жүйелі түрде жүргізіп және оқыту әдістерін жетілдіріп отыру керектігін көрсетеді. 

Көмекші мектептердің бір ерекшелігі - әдебиеттік оқу сабағын саналы түрде тез игеріп, мүдірмей оқуға жаппай үйрету 3-сыныптан басталады, ал 3-сыныпқа дейін баяу, буын буынға бөліп оқыту жүргізіледі. Ал осы оқу жылының аяғына дейін балалар бойында тәрбие жұмысының жемістері саналы түрде ойлай білу және өз бетімен білім ала білу қасиеттері. Ақыл-есі кем оқушылардың дұрыс оқуын жетілдіру үшін төмендегідей шарттарды сақтау керек: 

1. Мұғалімнің бақылауымен күнделікті оқып жаттығуды ұйымдастырып отыру. Сабақтың 25-30 минутын тек оқуға бөлу. 

2. Оқу кезінде қателердің алдын алып және уақытылы түзетіп отыру. 

Дұрыс оқуға мүмкіндік туғызатын арнаулы әдістерді ұсынамыз: 

1. Сөз, әріп, дыбыстар талдауы. Сыныпта қиын сөздермен жұмыс істеу. Қиын сөздер буынға бөлініп оқылады, талданады, қиылған әріптерден сөздер құрастырылады. Сонан соң баяу ырғақпен оқылады. 

2. Кестедегі қиын сөздер мен сөйлемдерді оқу. Оны оқушыларалдымен буынға бөліп содан соң бірге оқиды. 

3. Тақтаға жазылған шағын мәтіндерді оқу. Мәтіндегі оқушылар жиі қате жіберетін сөздер іріктелініп жазылады: дауыссыз дыбыстардан жасалған сөздер, жуан, жіңішке белгілері бар, құрамында «е», «я», «ю» әріптері бар, тағы басқа сөздер. 

4. Оқушылардың мәтін ішінен өзі таңдап алған қиын сөздерді мұғалімнің көмегімен оқуы. 

5. Сөздердің мәнін уақытылы түсіндіріп отыру. 

6. Әңгіменің қиын бөлігін сынып болып хормен әндетіп оқу. Осы оқылған мәтінді нашар оқитын оқушыларға қайта оқыту. 

7. Оқу кезінде көрсеткіш пайдалану. Көрсеткіш кітап беттерінде жұмыс істеуді жеңілдетеді, сөзді толық және дұрыс көріп, қадағалап қабылдауына, көру қабілеті төмен және тыныш отырып тыңдай алмайтын балалардың дәл көріп, дұрыс қабылдауына жағдай жасайды. 

8. Мәтінді жеке-жеке бөліп бергенде, әр оқушының мүмкіндігі мен қабілет дәрежесін ескеру керек. 

9. Жеке сөздердің дұрыс оқылуын ұжым болып талқылау. Барлық оқушы басқа бала оқып тұрғанда өз кітабынан қарап, бірге ілесіп отырады. Белгілі бір бөлімді оқып біткен соң әр оқушының жіберген қатесін тіркеп отырады, тек қате сөз мағынасын бұзып жібергенде ғана оқушыны тоқтатып, қатесін түзейді. Мұғалім тақтаға жазып, көрсеткіш көмегімен сөзді буынға бөліп оқытады. Кейде қатені түзетуге оқушыларды да қатыстырады. Сөйлемнің мағынасын бұзбаса да сөздің оқылу процесін тежеп, қиындық туғызған сөздерді де мұғалім тақтаға жазып, бұл сөзді де буын-буынға бөліп оқуын талап етеді. 

10. Дауыстап, жаппай оқу дегеніміз - барлық оқушылар бірден өз беттерімен, жолдастарына бөгет жасамай жартылай дауыстап оқиды. 

11. Әрқайсысы өз жылдамдығымен, біреу жылдамырақ, біразы баяу. Мұндай жаттығу оқуы 

5 минутқа созылады. 

12. Әр сабақта 5минуттық оқу. Әр сабақта, мейлі ол әдебиеттік оқу сабағы, ән сабағы, сурет, математика сабақтары болсын балалар сабақ басталарда 5 минут шуылдап оқып, сонан соң кітапты жабады, әрі қарай кәдімгі сабақ басталады.

Сыныптан тыс оқудың негізгі принципі.Сыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларына кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушыларды ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі-түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.

Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың ең негізгі принципі –оның сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланыста болуы. Оқушының сыныптан тыс оқитын кітаптары класта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу, табиғат тану, сурет, ән, еңбек т.б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сұрап, сыныпта оқығандарына байланыстырып отырады.

сауат ашуға оқытудың әдістемесі .

 Әр кезеңде дыбыстың әріппен дұрыс тіркесуін, ұқсас дыбыстар мен әріптерді ажырату, буындар жиынтығын жалпы түсіну және т.б. сияқты өткенді қорытып бекітуге уақыт бөлінеді. 

Оқушылар бірінші кезеңде а,о,л,т,м дыбыстары мен әріптерін оқып-үйренеді. Дыбыстар мен әріптерді оқып-үйренуден басқа оқушылар қос дыбысты тұйық және бұрын оқып-үйренген дыбыстары бар екі дыбыстық ашық буынды сөздерді оқиды (ал, ол, ат, от).

Әліппені оқудың екінші кезеңінде оқушылар п,н,р,у,ғ,с,й,б дыбыстарымен және әріптерімен танысады. Олар тиісті әріптерді жазуға, оқуға үйренеді, жаңа екі дыбысты тура буынды, үш дыбысты тұйық буынды меңгереді, дауысты және ашық буынды (а- на, а- та, а- па), тұйық және ашық буында (ал-ма, ар-па), екі ашық буынды (со-на, ма-са), үш дыбысты тұйық буынды (сал, сол) сөздерді және осы сөздерден тұратын сөйлемді оқуды үйренеді. Сөздерді және буындарды фонетикалық талдау бойынша жұмыс бірінші кезеңдегі күйінде сақталады. Сөздің ортасындағы дыбысты бөліп ала білуді үйрететін жұмыс күрделірек болады.

Сауатын ашудың үшінші кезеңінде бірінші сынып оқушылары қ,ш,ы,е,д,к,і,з,г,ұ,ң,ү,х,һ,ө,я,ю дыбыстары мен әріптерін оқып-үйренеді. Буындық құрылыстан жіңішке дауыссызды тура буын (пә, ті) және төрт әріптен (би-ік, қи-ық) тұратын жуан және жіңішке дауысызды кері буынды оқып-үйренеді. Бұл кезеңдегі оқуға үйретудің ең басты қиындығы оқушылардың жіңішке дауыссыздарға құрылған буындарды оқи алуын, артикуляциясы ұқсас дыбыстарға (ж,ш,ү,ұ,ә,а) құрылған буындарды айта білуін жетілдіру болады. Бұл кезеңдегі пайда болған қиындықты жою үшін мұғалім белгілі бір тәсілдерді қолдануы қажет. Көбінесе ұқсас буындарды оқу ( ха-ка, ма-ба, ла-да, дұ-гу), дауыссыздардан құрылған буынды (а-ба-ба-ба) біріктіріп айту үшін артикуляция аппаратының дайындығымен оқу, талдаудың ізімен оқу (папа- по- па) тәсілдерін қолданады, ұқсас дыбыстарды ажыратуға әр түрлі жаттығулар пайдаланады. Сонымен бірге балаларға буындарды қысқа айтуды (та -да, то-до; дана- тана), буындарды анық айтуды (та-ла, то-до, дана-тана), буындарды және сөздерді есту арқылы түсінуді, оларды жадында сақтай білуді, айтқаннан жазып ала білуді талап ететін тапсырмалар ұсынады. 

Төртіншің кезеңдегі сауат ашуда оқушылар в,ц,ф,щ,э,ч,ъ,ь әріптерін үйреніп, меңгереді. Екі дауыссыз қатарласып келген үш дыбысты буындарды (қатаң және ұяң түрлері), оқып-үйретілген буындық құрылыстары бар сөздерді, дауыссыздары сөздің басында және соңында қатарласып келетін төрт дыбыстық буындарды (станция, цирк, поезд) оқиды.

         2.Оқушыларда сөздік қорын молайту әдістемесі .Баланы  оқытуда сөздіктермен жұмыс істеудің маңызы зор. Жалпы қалыптасқан тәртіп бойынша есі кеміс оқушыларға арналған сөздіктердің сипаты да өзгешелеу болатындығы белгілі. Көбіне-көп оларда біркелкілік басым және сын есім, көмекші етістіктер, дерексіз ұғымдағы жалпы (жинақтау) мағыналы сөддердің қоры өте шағын. Көп мағыналы сөздерді, әсіресе, олардағы түсініктің ауысып отыратындығын ұғыну балаларға өте қиынға түседі. Сөздердің басым бөлігі пассив сөздікте берліген. Ақыл-есі кем балалар айналадағы дүниені сол қалпында, нақты түрінде қабылдайды. Соның салдарынан олардың сөйлеу тілінде заттың тура мағынасы басым келеді де, оның сөздік ұғымы деген түсінік тіпті болмайды.

Сөздердің мән-мағынасына түсінік беру жұмысы сабақтың үш түрлі кезеңінде жүзеге асуы ықтимал. Балалармен алғашқы әңгімеде оқылатын мәтінді толық қабылдауға кедергі болып тұрған таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіріп өту қажет. Сөзбен жұмыс істеудің негізгі кезеңі мәтінді оқып, оның мазмұнын талдап, әбден ұғып алудан басталады. Өйткені сөздердің нақтылы ұғымы контексте байқалады, ал қазақ тіліндегі лексикалардың көбі сан мағыналы болып отырады.

Сөздердің мән-мағынасын анықтауда қажетті әдістемелік амалдар: 

1. затты, макет (үлгі), іс-әрекет, сурет, сызба, заттың қабаты, тақтаға бормен түсіндірген сурет тәрізді көрнекі құралдарды пайдалану; 

2. сөздерді синонимдер, антонимдермен ауыстырып отыру; 

3. сөз мағынасына кеңірек түсінік беру: дырдай-үлкен деген мағынада, бұл сөз «дардай» деп те айтылады; 

4. сөздік құрамға да көңіл бөлу; 

5. сөздің жалпылама (абстракты) мағынасына түсінік бергенде «намыс, ар, парыз, алғыс тәрізді), балалардың өз өмір тәжірибелеріне сүйенген жөн; 

6. контексте балаларға жете таныс емес сөздер бөлініп алынады. Енді олар сөздердің мағынасын контекстегі мазмұнға негіздей отырып, өз беттерінше түсіну жағы ойластырылады (мәтінен контексті бірнеше рет қайталап оқу арқылы сол сөздердің мән-мағынасын түсіне алады). Сонымен оқушының сөздік қорын толықтырып, дамытып, анықтап қана қоймай, олар өздерінің сөйлеу тілдерінде сол сөздерді еркін пайдалана алатындай болуларын мұғалім әрдайым бақылап, көмектесіп және нақтылы түзетулер жасап отырады.

Граматика және емлені оқытудың мақсаты.Оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеу тілін жетілдіру, практикалық маңызы бар орфографиялық және пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру, ана тілін білуге көмектесу, олардың бойындағы дұрыс сөйлеу мен жазуға деген қажеттілігін дамытып, тілге деген қызығушылығын тәрбиелеу-арнайы мектептегі грамматика мен емленің негізгі міндеттері болып есептеледі.

Грамматика мен емленің бағдарламасы төмендегідей бөлімдерден тұрады: қайталау, дыбыс және әріп, сөз, сөйлем, ауызекі сөйлеу, жазуға үйрету. Дыбыс және әріп туралы алғашқы түсінік сауат ашуға дайындық кезеңінен басталады, оқушылар әр дыбысты дұрыс дыбыстай білуге, оларды ажырата білуге дағдыланады. Дауысты, дауыссыз дыбыс, дауыстылардың жуан, жіңішке болып бөлінетіндігі, дауыссыз дыбыстардың түрлері (қатаң, ұяң, үнді), олардың емлесі туралы түсінік алады. Буын, тасымал жайында берілетін білім де біртіндеп күрделенеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тілінің фонетика-фонематикасының бұзылуының жиі кездесуі – олардың грамматиканы және емлені игеруін қиындатады. Сондықтан арнайы мектепте барлық сыныптарда дыбыстық-әріптік талдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2-4 – сыныптарда дыбыстық талдау сауатты емлені сақтап жазудың бірден-бір негізі болып саналады. Тілдің дыбыстық жүйесі туралы алғашқы түсінік бере отырып, балалар тілдегі сөйлеудің айтылу және жазылу нормасымен таныстырылады. Сөздердің айтылуы мен жазылуы үнемі сәйкес келе бермейтіні, сөзде бір дыбыс өзгерсе оның мағынасы өзгеретіндігі практикалық түрде таныстырылып байқатылады.

Оқушылар әр түрлі сөз таптары мен сөздің мағынасын өзгертетін бөлшектердің сауатты жазылуын игертеді. Бұл кезеңде фонетикалық талдауға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылардың сауатты жазуын қамтамасыз ету үшін орфографиялық сөздікті пайдалануға, онымен жұмыс істеуге үйрету қажет.



.Мүмкіншілігі шектелген балаларды ауызша сөйлеу тіліне оқыту 

Мүмкіншілігі шектеулі балалардың тілін дамытуға байланыстырып сөйлеуге үйрету тіл дамыту сабақтарында басты орын алады. Бағдарламада жұмыстың бұл түріне арнайы тақырыптар берілген ( 2-9 0-5 сыныптарға дейін) 

Байланыстырып сөйлеуге үйрету барлық сабақтың мақсаты. Тіл дамытуға байланысты компоненттер ескеріле отырып сабақ кешенді түрде жүргізіледі: дыбысты дұрыс айту, сөздің мағынасын түсініп толық сөйлем құрастыру, осы сөйлемдерді байланыстыра отырып мәтін құрастыру. 

Байланыстырып сөйлеуді жетілдіре отырып, жеке сөздердің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасына, сөздің көп мағыналылығына, яғни сөздің сематикалық жағына көңіл бөліп отыруы қажет. Ұқсас және біртекті заттарды атайтын жалпы есімдерді (киім, жемі, тағам, мүлік, мал т.б.), антоним, синонимдерді, теңеу, салыстыру мағынасын беретін бейнелік көркем сөздерді үйрету. 

Байланыстырып сөйлеуді дамыту сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу ісі мен тығыз байланысты. Себебі сөздің дыбысталу мәдениетін меңгерту жеке сөйлемдерді аңғаруға, сөйлемнің басталу, аяқталу кезін сезініп, үн, ырғақ, дауыс қарқынын ажырата білуге негіз болады. 

Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері: 

І. Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату. 

ІІ. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету. 

ІІІ. Суреттерді көрсетіп, әңгіме құрату. 

ІҮ. Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету. 

Ү. Өз тәжірбиесі бойынша әңгіме құрату. 

ҮІ. Өздігінен әңгіме құрату. 

3.Қысқаша әңгіме бойынша мазмұндау

қысқаша түрде мазмұндау'' ықшамдап мазмұндау’’  балалардың творчестволық жұмысқа дағдыландырады. Мұнда оқушылар тексті емін-еркін игеріп, қажетті жерін алып, өз ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін қалдырады. Ал мұның өзі текстегі негізгі ойды аңғаруға, және текстің мазмұнын сұрыптап, таңдап, талғап алуға үйретеді, ойды аз сөзге сыйғызып айтуға, сөзді таңдап қолдануға, сөйлем құрауға дағдыландырады, тілдерін дамытады.

2. Сыныпта қиын сөздермен  жұмыс Қиын сөзді игерудің әр сатысындағы төрт деңгейге сай оқу нәтижелерінжоспарлау оқушылардың дайындық деңгейлерінің өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді. Ұғынған қиын сөздерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдана білу біліктілігі біртіндеп қалыптастырылады.

Қиын сөзді меңгерту деңгейі анализден бастап синтез бағытында жоғарылай түседі, яғни оқушының бірінші сатыдан шығармашылық сатыға жетуіне ыңғайлы жағдай жасалды. Оқушылардың қиын сөзді меңгеру деңгейлерін, оның ішінде өз сөйлеуінде қиын сөзді қолдану деңгейлерін былай көрсетуге болады.
 1-деңгей – оқушылар қиын сөздің мағынасын түсінбейді; 
 2-деңгей – сөздің мағынасын жалпы түсініп тұрғанымен, оны түсіндіріп бере алмайды; 
 3-деңгей – мағынасын біледі, бірақ өз сөйлеуінде қолдана алмайды; 
 4-деңгей – өз сөйлеуінде қолдана алады.

«Қиын сөздерді меңгерту жолдары» деп аталатын екінші тараудың екінші тармағында ана тілі сабақтарында қиын сөздерді меңгертуде мынадай әдістерді жүйелеп, оларды түрлендіре, орын ауыстыра қолдануға тырыстық: затты табиғи жағдайда бақылау немесе экскурсияға шығару, сөздің көп мағыналылығын түсіндіру тәсілі, сөздің морфологиялық құрамын талдап-түсіндіру тәсілі, сөзге логикалық анықтама беру, жаңа сөзді сөйлем ішінде қолдану арқылы түсіндіру тәсілі, сипаттамалы анықтама беру әдісі, таныс емес ұғымды оқушыларға таныс ұғыммен салыстырып түсіндіру, сурет бойынша жұмыс, кейбір сөзге этимологиялық талдау жасау.

Зерттеу еңбегінде қиын сөздерді меңгерту әдістерінің түрлері және оларды қолдану жолдары толық айтылғандықтан, бұл жерде оқушының сөздігін байытып, үйренген сөзін өз сөйлеуінде пайдалануда тиімді және оңтайлы болатын оқытудың әдіс-тәсілдерін іріктей алуға және олардың өзін тұлғаны қалыптастыру және дамыту қағидасына бейімдей түсуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс деген ұсынысымызды баса айтқымыз келеді. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен сөздікті пайдалану жұмыстары да осы тармақшада толығымен қарастырылады.

Екінші тараудың үшінші тармағы «Қиын сөздерді меңгертудегі тапсырмалар жүйесі» деп аталады.

Оқу үдерісінің мазмұнын, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін негізінен оқу тапсырмалары құрайтыны белгілі. Оқу тапсырмалары – жаттығу түрінде оқушыларға ұсынылатын, белгілі бір дидактикалық мақсатқа сай құрылатын оқу-әдістемелік кешеннің маңызды бөлшегі. Көп жағдайда сабақтың сапалылығы осы оқу тапсырмаларына байланысты. Жаттығулар мен тапсырмалар баланың «жақын аймақтағы даму» деңгейіне әсер етіп, дамытуға негізделеді.

Зерттеу еңбегімізде қиын сөздерді меңгертудегі оқу тапсырмаларының төмендегідей түрлері анықталып, тәжірибе барысында сыналды: 
 Сөз мағынасын меңгертуге арналған тапсырмалардың мақсаты – балалардың қолданған сөзінің мәнін айқындау, сөзді қолдана білу бейімділігін дамытып, сөздердің Қиын сөздер мағынасын меңгертуге арналған тапсырмалар мазмұнын мәндес жұмыс


Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын зерттеу технологиясы                             Сөйлеу тіл қызметінің патологиясының маңызды бөлігін көрсететін сөздердің грамматикалық құрылысының күрделі жүйесін бала қалай пайдаланатынын анықтау, тексеру барысының ең басты мәселелерінің бірі болу керек. Баламен әңгімелесіп отырған кезде оның сөйлеу тілінде аграмматизмнің бар-жоқтығын анықтау әр уақытта сәтті бола бермейді. Кейбір жағдайларда арнайы зерттеуге тура келеді. Бұндай жағдайда сөйлем немесе арнайы іріктеліп алынған оқиға желісін баяндайтын немесе мағыналы бейнелі суреттер бойынша қысқа әңгіме құрыстыру тәсілін қолданады. Баланың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру тәсілдерін қолданғанда логопед назарын мынаған аудару керек. Суреттегі көріністерді окиға желісімен жүйелеп мазмұнын әңгімелеп бере ме, немесе бейнеленген заттардың қимыл-әрекетін және олардың сапасын түстеп-түгелдеп баяндамай-ақ тұрған күйінше аттарын атай ала ма, бала қандай сөйлемнің түрлерін пайдаланады және бұл сөйлемдерге қандай сөз таптарын қолданады, 52 оның грамматикалық құрылысы қандай, жалғаулықтарды дұрыс пайдалана ма. Бұл тәсілдерден басқа әр түрлі сөйлемдердің грамматикалық құрылысының дұрыс қалыптасуын анықтайтын тапсырмалардың өзгеше түрлері де бар. Бұған тұракты бір сөздер бойынша сөйлем құрастыру жатады. Балаға, мысалы, кітап жатыр, үстел деген үш немесе одан да көбірек жеке сөздерді айтады да, жандарынан керекті сөздерді қосып сөйлем құрастыруды ұсынады. Бұл тапсырманың күрделірек түрі – берілген сөздер бойынша әңгіме құрастыру. Сөз түрлендірудегі грамматикалық қателер. Балалар сөйлегенде сөзді әдетте септеудің немесе жіктеудін өнімді типі бойынша өзгертеді, ал өнімсіз типті олар әдетте кейінірек үйренеді және де егер оларға мұндайда дер кезінде көмек бермесе, сөз түрлендірудегі қателер оларды түзету әлде - қайда қиынға соғатын кезге, яғни мектепке дейін «ілесіп барады».

Сөз түрлендірудің өнімсіз типіне жеу, жүру (көлікпен), өсу тәрізді етістіктер, фонетикалық өзгешеліктермен септелетін зат есімдер (барлығы 10 сөзге дейін) және басқа сөздер жатады, алайда бұл сөздер тілде ете кездеседі, сондықтан олардың қате түрі әрқашан айқын білініп тұрады.

Мұндай типті грамматикалық қателердің түрлері мынадай:

зат есімшенің көпше түрінің бір фонетикалық вариантының орнына екіншісінің қолданылуы: «жолдар», «көлдер» типі бойынша -лар (-лер) вариантының орнына -дар (-дер) айтылады: «үйдер», «терезелер», «баладар», «машинадар»;

зат есімнің септік жалғауларының фонетикалық варианттары бірінің орнына бірі қолданылуы: «баладың» («баланың» деудің орнына), «столқа» («столға» деудің орнына), «адамты» («адамды» деудің орнына), «бақшатан» («бақшадан» деудің орнына), «балабен» («баламен» деудің орнына);

стильдік жағынан бір септік жалғауының орнына екіншінің бір септік жалғауының қолданылуы: «үйде бардым» (дұрысы - «үйге бардым»), «машинада міндім» (дұрысы - «машинаға міндім»), «жолда бардым» (дұрысы - «жолмен бардым»), «орындыкқа отыр» (дұрысы — «орындыққа отыр»), «орманда кетті» (дұрысы - «орманға кетті»), «кино бардым (дұрысы - «киноға бардым»);

табыс септігі жалғауын стильдік жағынан дұрыс қолдана білмеу: «Мен бейне суретті салдым» (дұрысы - «Мен кеше сурет салдым»), «Жазуды жазды» (дұрысы - «Жазу жаздым»);

септелмейтін зат есімдерді септеу;

салыстырмалы шырайдың жасалуы кезіндегі сын есім түбірлерінде дауыссыздардың алмасуының болмауы;

етістіктің жіктік жалғауларын бірінің орнына бірін қолдану: тәрбиешінің қойған сұрағына орай жіктік жалғауының 1-жағы жекеше түрдегі етістік 2-жақ жекеше түрде немесе 3-жақ жекеше түрде айтылады. Мысалы: - Сен көп ойнадың ба? - Иә, мен көп ойнадым. - Мына суретті кім салды? - Бұл суретті мен салдым;

сан есіммен тіркесіп келген тәуелдік жалғаулы зат есім септелгенде тәуелдік жалғауының түсіп қалуы: «ит бес күшікпен келді» (дұрысы -«ит бес күшігімен келді»), «тауық екі балапанмен келді» (дұрысы -«тауық екі балапанымен келді») (7).

Әрине, балалар, әдет бойынша тілде етістіктің есімше, көсемше тұлғаларын қолдана алмайды, себебі оларды үлкендердің сөзінен сирек естиді: үлкендер балалар түсінбейді деп қорқып, бұл грамматикалық тұлғаларды аз қолдануға тырысады, бірақ сонан соң, VI класта, яғни бұл тұлғаларды оқитын кез келгенде, әдетте, балалар оларды үйренуге даярланбаған болып шығады. Осының салдарынан көптеген баланың тілі грамматикалық катынасы жағынан алғанда жүдеу болып шығады.

№6. Байланыстырып сөйлеуді зерттеу технологиясы.

 Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде мынадай мәселеге баса назар аударылады: әңгіме құрастыруда өз ойын жүйесін анық,түснікті жеткізе білуге үйретіледі; логикалық тапсырмаларды орындағанда баланың байланысып сөйлесуіне баса назар аудару қажет;оқылған шығарманың мазмұнын өз түсінігі бойынша ауызша баяндай білуге төселдіру керек.

Байланысып сөйлеуді дамытуда сөздік жұмыс ,сөйлем әңгіме құрастыру жұмысы жүргізіледі .Байланысып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарлаған сабақтарда ,сабақтан тыс ойын сәттерінде ,шығармаларды сахналауға ертеңгіліктерді өткізуде дамытылады.

 Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Мысалы: берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру, отбасында, жолдастарымен қарым-қатынасында,қоршаған ортадағы адамды тыңдай білу,оларға дұрыс жауап беруде диалогтық сөйлеуге үйретіледі.Оқыған шығармаларды әңгімелеуде,оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтық сөйлеуге үйренеді.

Байланыстырып сөйлеудің екі типі диалог пен монолог.Баланың оларды үйренудегі ерекшеліктері.

Диалог- екі не одан да көп адамның әңгімесі;Әңгіменің мақсаты,әдетте бір нәрсе жайында сұрап,оқыған жауап беруге,белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.

Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.

Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.

Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері.

1.Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату.

2.Оқылған шығарма түрін әңгімелету.

3.Сурет,картиналар көрсетіп, әңгіме құрату.

4.Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету.

5.Өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрату.

Әңгімелесу әдісі диалог түрде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып,оны өз ойын, көреген түйгенін жүйемен, рет-ретімен айтып беруге дағдыландырады.Әңгімелесу сабағы программа мазмұнын меңгерткге, баланың алған білімінің тиянақты, саналы болуына диалог түрінде сөйлеуге жаттықтырып,сұраққа толық сөйлем құрап жауап беруге негіз қалайды. Әңгімелесу сабақтарының тақырыбы,программа мазмұнына сәйкес белгіленеді.

Әңгімелету әдісі баланы монолог түрінде сөйлеуге үйретуді көздейді. Әңгімелету программада көрсетілген тақырыптарға сәйкес,барлық сабақта жүргізіледі.

Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету.Мұндай сабақтарда алға қоятын мақсат-балалардың байланыстыры сөйлеу дағдыларын жетілдіру,оқылған шығарма мазмұнындұрыс түсініп,грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып жүйелі әңгімелеп беруге үйрету.Әңгімесін айтуға төселдіру әдістері баланың білімімен сөйлеу дағдыларына,оқылған шығарма мазмұнына,сабақтың мақсатына сәйкес белгіленеді.Әңгімелеп айтуға үйретуде мына мәселелер ескеріледі. Мысалы: жаз, күз туралы салыстыра сұрап әңгімлесу.

Байланыстыра сөйлеудің мынадай стильдері болады:

1.Толық стиль көпшілікке арналған стиль немесе оны кітаби стиль деп атайды.-лекция оқығанда,жиналыста сөйлегенде,радио және телевидениеде сондай-ақ сабақта.Толық стильді сөзге анық дикция болуы керек,орташа қарқын,дауыстың күші,үйдің көлемі мен дауыс тембрімен сәйкес келеді.

2. Толық емес стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста пайдаланады. Мұнда сөздің дыбыстардың артикуляциясы және шапшаң сөйлеу немесе ұлықсат етіледі. Сөйлеу мәдениетін жеткілікті меңгерген әрбір адам жағдайға сай ешбір дайындықсыз екі стильді де пайдалана алады. Арнайы дайындалған сөз шешендік өнер немесе көркем оқу деп аталады.

Әңгімелеуге үйрету әдістері

Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл).Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.

Сөйлеу мәдениетіне үйрету. Таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге, өнер көрсетуге үйрету (мерекелерде, өзге топ балаларының және ата-аналардың алдында).

Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік).Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру. Байланыстырып сөйлеуді дамыту үрдісінің тиімді әдісінің бірі -тірек- сурет.Тірек- суретті І-ІІ сәбилер, естияр топтарына қолдану баланың байланыстырып сөйлеуін дамыту үшін тигізетін әсері көп. Сонымен, қатар мұнда тілмен қатар зейін де, еске сақтау, сөздік қорды, логикалық ойлаулары да дамиды десек біз қателеспейміз. Тірек- суретті әр түрлі тақырыпта қолдануға болады.Тірек сурет арқалы өлең жаттау, мақал-мәтел, жаңылтпаш жаттауға болады. Балалардың байланыстырып сөйлеуді дамыту үрдісін жеңілдету үшін, көрнекі құралдардың маңызы зор. Яғни, тірек-сызбаны пайдалануда үлкен нәтижеге жеттік. Себебі, әңгімелеуде тіл қалыптасады, сөйлеу мәнерлігі қалыптасады, сөйлемді құрастыру тереңдетіледі.

  №7. Ысқырық дыбыстарды (с, з) қалыптастыру технологиясы. Тілдің бойында оның ортасымен, жырашық пайда болады, альвеолы тысында сыртқа қарай жіңішке дөңгелек тесік болып ашылады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады. Дауыс перделері ажырайды, дем шығару ауасы көмекей мен ауыз қуысына еркін жіберіледі. Ол ауа ауызда тар саңылау түріндегі кедергіге ұшырап ысқырған шу шығарады, оның биіктігі тіл үсті бөлігінің алдыңғы жағы мен күрек тістер арасындағы қуыстың көлеміне байланысты.

Жұмсақ С дыбысының артикуляциялық ерекшелігі тілдің үстіңгі жағының биігірек көтерілуі, оның біршама ілгері жылжып тіл мен тістің арасындағы қуысына жақындауы. Еріннің керілуі айқындала түседі. Бұнда да С дыбысына О, У тіркесіндегідей ерін дөңгелектенеді. Бұны - ся, се, си және се, се, сюбуындарын айтып байқауға болады.3 дыбысын С дыбысынан, С және 3' дыбыстарының айырмасы дыбыс перделері бірігеді және тербеліске түседі, сонымен қатар дем шығару екпіні әлсірейді, тіл үсті мен альвеол арасындағы саңылау тарылады. Ц-дыбысы біріккен дыбыс ретінде де дауыссыз Т мен С дыбысының бірігуін білдіреді. Алғашқы сәтте тіл үстінің алдыңғы бөлігі альвеолмен бірігеді. Тіл ұшы төменгі қызыл иекке тіреледі. Жұмсақ таңдай көтеріледі, дыбыс перделері ажырайды. Ізінше олардан ажырап тіл үсті альвеолаға С дыбысы артикуляциясына тән қалыпқа түседі . Тіс аралық сигматизмде С дыбысына тән ысқырық болмайды, оның орнына тілдің тістер арасына енетін қалпына буындаған төмен үнді әлсіз шу естіледі. Осы артикуляцияның нәтижесінде альвеолдағы дөңгелек саңылау тегістеледі. Дыбыстың артикуляциясы мен дыбысталуы соған сәйкес келеді . Тісаралық сигматизмнің пайда болуына азу тістер түйісіп тұрғаны мен төменгі, жоғарғы күрек тістер арасында елеулі ашықтық болатындығы әсер етеді. С, Ц, 3 дыбыстардың айтылуы қателігін С дыбысынан бастау керек. Жұмыс тәсілдерін таңдау сигматизмнің түрлеріне байланысты.

Еріндік-тістік сигматизм кезінде балаға ең алдымен С дыбысын айтқанда төменгі ерін жоғарғы күрек тіске түйіспеуі, немесе жақындамауы керек екенін көрсету қажет. Егер балаға айна арқылы көзбен бақылау жеткіліксіз болса, онда ерінді жалаңаштаған тіс тізбегіне тигізіп, айырып көрсетіп, қарапайым артикуляциялық гимнастиканы пайдаланған дұрыс. Қажет болғанда төменгі ерінді шпательмен немесе саусақпен төмен тартатын механикалық көмек қолдануға болады.

Баланың механикалық көмексіз-ақ төменгі ерінді тиісті қалыпта ұстауға жаттығуын күтіп отырмай, осы дыбысты буындар мен сөздерді айтқызуға жаттықтыру пайдалы. Жаттығулар прогнатия жағдайында да дұрыс сөйлеуге дағдыландырады.

Қарастырылған барлық С, 3, Ц дауыссыздардың айтылуын түзеткенде С дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгеру, осы топтағы барлық дауыссыздар үшін маңызды. С дыбысы, С дыбысы артикуляциясын бекіту кезінде-ақ меңгеріледі. Кейін бұл дыбысты ся, се, сю, ась, ось буындарына теру қиын емес.

Үнді 3 және 3' дыбысы С және С ' дыбыстарын айтқанда дауысты қосу арқылы жеңіл қалыптастырылады.С,З, дыбыстарын айтуына, тілдің қүрделі және нақты қозғалыстары қажет, оларда тілдің ұшы қатысады (ол астыңғы тістердің артында жатады), тілдің қыры (олар                             жоғарғы түпкі тістерге тиіп тұрады), тілдің ортасы (алдыңғы жағы альвеолаға қарай көтеріліп, онымен саңылау жасайды. 


8. Ызың дыбыстарды (ш, ж, щ) қалыптастыру технологиясы. Ш дыбысын айтқызу үшін ойын түрінде түсіндіруге болады: Логопед: «Аузымызда «Желкенді кеме жасайық.Тілді желкен сияқты жоғары көтеріп, үрлейміз, сонда «желкенді кеме» жүзеді. Тістерді қосамыз. (түйістіреміз)». Шдыбысының артикуляциясын үйрету кезінде тілдің қалпына көбірек назар аударатынымыз , еріндер тілдің қалпына, олардың бұлшық еттерінің өзара байланысына шартталады. Логопед балаға (Ш дыбысының дұрыс айтылуы) жаттығудың дұрыс жасағаны туралы, тілмен еріндердің қалпын айтып бекітуі керек. «ш» дыбысын шығаруға арналған ойын ұсынысы.Логопед: «Қанеки балақай, ауыз ішінде парустық кеме жасайық. Тілді парус секілді жоғары көтерейік, кемені жүзетіндей үрлейік, тістерімізді жабайық». Ш дыбысының артикуляциялық тәрбиелеуде ең алдымен еріннің, тілдің қалыпты орналасуы маңызды. Логопедтен «ш» дыбысының жаттығуы барысында көмей мен тілдің , еріннің орналасуын қадағалауы тиіс.Сабақтар жазылған дәптерге қатаң дауыссыз дыбыстар кестесінде «дауыссыз дем шығару» графасында «желкенді» саламыз, жанына - жоғары көтерілген тілді саламыз. Бұл сурет балаға «желкен» ауыз қуысында тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалатыны туралы айтады.Щдыбысында, балаға тіл жоғары көтеріліп, жоғарғы күрек тістерге жақындап, ауыз арқылы дем шығарған кезде тамақ істегендегі май ышылдағандай дыбыс шығатыны туралы айтамыз. Щдыбысының төменгі артикуляцияда айтылуында тілдің ұшын астыңғы күрек тістерге тіреу қажеттілігін айтамызЩ дыбысының артикуляциясын қалыптастыру жұмысына жеке тоқталайық.. Щ дыбысын қою үшін жіңішке с дыбысын қолдануға болады. Оны айта отырып ауыз бұрыштарын басып, механикалық түрде еріндерді (сь дыбысының орнына щ айтылғанша) алға қарай қозғалту (жылжыту). Бұл артикуляциялық қалып бектіледі. Бастапқы қалып ретінде ш дыбысының артикуляциясын пайдалануға болады. Баланың назары ш дыбысын айтқанда тіл өте жоғары көтерілетіні, ал, қазіргі жағдаййда тілді жоғарғы альвеолдарға жылжытып, еріндерді екі жаққа сәл жылжытып ш дыбысындағыдай тыныс шығару. Логопед ауыз бұрыштарының (ұрттардың) жылжу деңгейін өзгертіп отыра алады.Ж,  Щ дыбыстарын айту үшін тілдің күрделі және нәзік қимылдары керек: жалпақ алдыңғы тілдің шеті қатты таңдайдың алдыңғы жағына қарай көтеріледі, сол кезде тілдің ұшы және таңдайдың арасында саңылау пайда болады (Ч дыбысын айтқанда тілдің ұшы таңдайға тийіп сосын саңылау пада болады); тілдің шеттері үстіңгі азу тістерге тиіп тұрады; ерін алға қарай созылып және дөнгеленіп тұрады; астыңғы жақ сүйегі сәл түсіп тұрады; ауа ағыны тілдің ортасымен шығады. Тілдің керекті қимылдарын істеп шығару үшін мынадай жаттығулар мүмкіндік жасайды. «Бағынбайтын тілді жазала»,«Тілді жалпақ қыл»,«Допты кім әрі кіргізеді

№9. Африкат дыбысты (ц) қалыптастыру технологиясы. Ц және р дыбыстарына арналған дайындық жаттығуларын жасау кезіне дейін ауызбен дұрыс дем шығару дағдысы бекітіледі, сондықтан бұл дыбыстарды еліктеу арқылы айтқызуға болады.                                            Ц дыбысын айтқызу үшін логопед тілдің қалпын сипаттап айтып көрсетеді, кейіннен дыбысты айтады. Бұл кезде баланың 1-ші, 2-ші саусақтары логопедтің ауыз ұрттарына қойылады да, логопед ц дыбысын созып айтады. Бала өз қолымен ауыз ұрттарының белсенді түрде жылжуын және екпінділігін, белсенді дем шығаруын сезінеді. Бұл тәсіл үнемі ц дыбысын қоюға тиімді болып келеді. Ц дыбысын т дыбысынан қоюға да болады. Бала бірнеше рет т дыбысын айтады, ал логопед осы кезде тілдің ұшының орта беліндегі қабысуды зондпен сәл төмен жылжытып үзеді. Р дыбысын ц дыбысынан қою тәсілін де қолдануға болады. Балаға ц дыбысы қойыла салысымен, тілді таңдайға жапсырып, осы қалыпта ұстай білгізу; кейін бала тілді таңдайдан үзіп алмай, сәл ішке қарай таңдаймен сырғытып тез цдыбысын айтады. Ауызбен дұрыс дем шығарғанда бұл тәсіл қатаң р дыбысының пайда болуына әкеледі. 1 комплекс  Ц дыбыстарына арналған) Ц дыбыстарын айтуына, тілдің қүрделі және нақты қозғалыстары қажет, оларда тілдің ұшы қатысады (ол астыңғы тістердің артында жатады), тілдің қыры (олар жоғарғы түпкі тістерге тиіп тұрады), тілдің ортасы (алдыңғы жағы альвеолаға қарай көтеріліп, онымен саңылау жасайды. Ал Ц дыбысын айтқанда альвеолға тиіп сосын саңылау жасайды.), еріннін қозғалыстары (күлімсіреп тұрады), астыңғы жақ сүйектері (сәл төмен түсіп тұрады) және ауа үрлеуі қажет (тілдің ортасынан шығатын қатты болу керек). Тілдің қажетті қозғалыстарын және ауа үрлеун дағдылануға мүмкіндік жасайтын келесі жаттығулар:Допты қақпаға кіргіз.


10. Африкат дыбысты (ч) қалыптастыру технологиясы.

«Т’» дыбысынан – «ч» дыбысын тілді артқа қарай жылжытып, еріндерді алға қарай созу арқылы қоюға болады.                                                                                                                        Ч   дыбыстарын айту үшін тілдің күрделі және нәзік қимылдары керек: жалпақ алдыңғы тілдің шеті қатты таңдайдың алдыңғы жағына қарай көтеріледі, сол кезде тілдің ұшы және таңдайдың арасында саңылау пайда болады (Ч дыбысын айтқанда тілдің ұшы таңдайға тийіп сосын саңылау пада болады); тілдің шеттері үстіңгі азу тістерге тиіп тұрады; ерін алға қарай созылып және дөнгеленіп тұрады; астыңғы жақ сүйегі сәл түсіп тұрады; ауа ағыны тілдің ортасымен шығады. Тілдің керекті қимылдарын істеп шығару үшін мынадай жаттығулар мүмкіндік жасайды. «Бағынбайтын тілді жазала»,«Тілді жалпақ қыл»,«Допты кім әрі кіргізеді?»

№11. Тіларты дыбыстарын (к, г) қалыптастыру технологиясы.Баланың сөйлеу тілі туа біткен процесс емес екенін көптеген авторлар дәлелдеген. Ол онтогенез барысында адамның әлеуметтік дамуымен байланысты. Сөйлеу тілінің дамуы мидің орталықтарының және оларды жалғайтын жолдарының қалпына, баланың ой-өрісі мен дене дамуына байланысты болады.                                                                                                          Бұл физиологиялық ему процесіне байланысты. Ең соңында шығатын тіларты дыбыстар (к,г,х). Бұл физиологиялық жұту процесіне және тілдің түбінің көтеріңкі болуына байланысты (баланың шалқасынан жатуы). Уілдеу баланың еркіне байланысты емес. Ысқырық, ызың және «к», «г», «х» дыбыстары 5-6 жастағы балада қалыптасқан болуы керек.К дыбысы артикуляциясын көрсетіп, түсіндіру арқылы айтқызылады. Балаға тілдің ұшын тіл асты желбезегінің түбіне тигізіп, ауызды сәл жабыңқырап, ауызбен дем шығаруды ұсынамыз. Сәтсіздік жағдай туындаса, дәстүрлі К дыбысын Т –дан қою әдістемесін пайдаланамыз.  «к, к’, г, г’» дыбыстарын тілдің ұшын шпательмен басып артқа қарай жылжыту арқылы қоюға болады.               

12. (л, л`) дыбыстарының қалыптастыру технологиясы.

Жуан л дыбысының артикуляциясы күрделі. Л дыбысының жуан айтылуы тілдің түбінің жоғары жеткілікті көтерілуіне байланысты. Осындай көтерілу дауысты ы дыбысын айтқанда да пайда болады. Сондықтан, ы дыбысын жуан л дыбысын үйрету кезінде сүйеніш қылып алуға болады. Тілдің ұшын жоғары көтеріп, жоғарғы тістер артына жабыстырып, бір уақытта ы дыбысын айту нәтижесінде жуан л шығады. Дем шығару ауыз арқылы өтуін қадағалау қажет. (Ауа ағынын ауыз қуысының екі жағынан да тексеру қажет, себебі бұл дыбыс жабысыңқы-өтпелі).Л дыбысын ы дыбысынан қою үшін тілдің ұшын тістер артына тығып, Ль дыбысын – й дыбысынан, тілдің ұшын тістер артында ұстап айтқызуға болады.                                                        Л дыбысын дұрыс айту үшін тілдің әртүрлі мүшелерінің күрделі және жіктелген жұмысы қажет: тілдің ұшын жоғары көтеріп үстінгі тістердің артына тигізу, тілдің арғы жағын сәл көтеріп ауыздың түбіне қарай тарту; тілдің шеттері төмен түсіп, шыққан ауа ағынын өткізедіТілдің қажетті қозғалыстарын келесі жаттығулар дағдыландырады:«Бағынбайтын тілді жазала», «Тәтті тосап»


Похожие публикации:

31 август 2021 Айлық,апталық
17 декабрь 2018 ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС