"Парасаттылық - заман талабы" 5-9 сыныптар арасында дөңгелек стол » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2024

"Парасаттылық - заман талабы" 5-9 сыныптар арасында дөңгелек стол

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»   коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс-шарасы


АНЫҚТАМАСЫ

 Бөлексаз орта мектебінде он алтыншы қаңтар күні 5-9 сыныптар арасында «Парасаттылық туралы» «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Парасаттылық –заман талабы» атты дөңгелек стол өтті. Парасаттылық ұғымы ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, көрегенділік, зерделілік мағынасында қолданылады. Парасатты адамға адамгершілік, инабаттылық, салиқалылық, мейірімділік, ізгілік, әдептілік, ұстамдылық, талғампаздық қасиеттері тән. Ол жеке тұлғаның интелектуалдық және мінез-құлық жағынан толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді. Көпті көрген, көп білетін мұндай адам сөйлейтін әр сөзін ойланып, ақыл таразысына салып айтады.

Француз философы Г.Мабли «Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі — парасат» дейді. Қазақ қоғамында парасатты адам бойында кездесетін асыл қасиеттердің біріне айналып, адамгершілік пен өнегелілік тұрғысынан жоғары бағаланған.

                                   

   

                                                                     https://www.instagram.com/p/C2gZwGvop8V/?igsh=MTBjZmI3YXJ4N2owZw==

                                                                 15.01.2023ж

                                                                   Кітапханашы Г.Балтабаева