Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" кітабын 5 сыныптармен талдау
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс-шарасы
АНЫҚТАМАСЫ
Бөлексаз орта мектебінде жиырма бесінші қаңтар күні 5 сынып оқушыларымен 2024-«Бір ел –бір кітап» Республикалық акциясы аясында жыл кітабы болып жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу бекітілген. Б.Соқпақбаевтың шығармалары тұлғасы бөлек кейіпкерлерімен ерекше. Қарапайым тілде жазылғандықтан оқу оңай, ал өзіндік ой түйіп,түсіну қиын. Көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабын талдап, көрініс көрсетті. Оқушылар кітаптан ерекше әсер алды. Б.Соқпақбаевтың шығармаларының оқырманына өзіндік берері мол.


Кітапханашы Г.Балтабева
25.01.2024ж