"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 3 сыныптармен "Тапқыр қоян"ертегісін талдау
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Анықтама
Бөлексаз орта мектебінде он тығызыншы ақпан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 3 сынып оқушылары «Тапқыр қоян» ертегісін тыңдатып , балаларға түсініктерін сұрау арқылы түсіндірілді.
Кітапханашы Г.Балтабаева. Мақсаты: ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы.

Кітапханашы Г.Балтабаева
19.02.2024ж