Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 4 сыныптармен "Мақта қыз бен мысық"ертегісін талдау » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 4 сыныптармен "Мақта қыз бен мысық"ертегісін талдау
20
февраль
2024

Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 4 сыныптармен "Мақта қыз бен мысық"ертегісін талдау

Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Анықтама

 Бөлексаз орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 4 сынып оқушылары «Мақта қыз бен мысық» ертегісін телефонмен кюар код арқылы тыңдатып, балаларға түсініктерін сұрау арқылы құлылымы түсіндірілді. 

Кітапханашы Г.Балтабаева.Құрылымы: ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.


 

                 Кітапханашы Г.Балтабаева

                              20.02.2024ж