"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында М.Әуезовтың "Қорғансыздың күні" шығармасын 9 сыныптар талдады. » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында М.Әуезовтың "Қорғансыздың күні" шығармасын 9 сыныптар талдады.
27
март
2024

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында М.Әуезовтың "Қорғансыздың күні" шығармасын 9 сыныптар талдады.


             «Келісемін»                                                                               « Бекітемін»

                  Мектеп директорының                                                          Мектеп директоры: 

              тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                         Ә.Халелқызы

                С.Исаева                           -----------------2024ж





                 М.Әуезов

  

             Қорғансыздың күні




                                  «Оқуға құштар мектеп жобасы аясында»


                                                  9 сынып оқушыларымен







                                     Кітапханашы Г.Балтабаева

                                                27.02.2024

   

                               Қорғансыздың күні 


       

     Қорғансыздың күні - М.Әуезовтің 1921 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының 3-4 сандарында «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған алғашқы көркем шығармасы. 1922 жылы Орынборда «Қорғансыздың күні» деген атпен жеке кітап болып шықты. Мұхтар Әуезов осы әңгімені жазғанда өзінің ішкі жан дүниесіндегі қиналған кезін баяндап берген.

                  Қысқаша мазмұны

       «Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны қорқынышты бір үрей сезімі билейді. Тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Тек Ақан сияқты қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-пердесін біртіндеп ашады,қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман Ақан, Қалтай сияқтылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын түсініп, ұғынады. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның әкесінің моласына барып, үсіп өлуі себебін жазушы өте анық та дәл шебер суреттейді. Қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған.

Шығарма кейіпкерлері

Ғазиза-13 жастағы жіңішке сұңғақ бойлы,аз ғана сепкілі бар,дөңгелек ақсұр жүзді,сыпайы,сүйкімді қыз.

Ақан-жасы 30 шамасындағы болыс.Орта бойлы,дөңгелек денелі,қысқа мұртты,шоқша сақалды кісі.

Қалтай-Ақанның атшабары.Аса пысық,сөзге ұста,қалжыңқой ер жігіт.

Мұқаш-Ғазизаның туған інісі.

Жақып-Ғазизаның әкесі.

Мәрден-Тобықтының жуан аулының кісі

     Мұхтар Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің бірі және көркемдік бітімі жағынан қазақ әдебиетіне жаңа өрнек енгізген шығармасы – «Қорғансыздың күні». Шығарма шағын болса да, үлкен мәселені қозғайды. Ғазиза атты панасыз жетім қыздың озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранда үсіп өлгені айтылады. Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің жабайы әрекеті әшкереленеді. Әңгіменің құрылысы шымыр, көркемдік бояулары қанық, оқиғалары мен адам мінездері мейлінше шыншылЖүректі сыздатып, көкіректі қарс айыратын шығармалардың шоқтығы биігі осы əңгімелер шығар, сірə. Көлемі шағын болғанымен, əрбір сөйлемінің, нүкте-үтірінің астында ауқымы кең, ойлауға ауыр дүниелер сапырылып жатыр. Құндылықтарды қайта ой елегінен өткізіп, тебіренісің, шіркін.        

  "Қорғансыздың күні" жинағымен танысуымды "Жетім" əңгімесінің аудионұсқасын көшеде тыңдап жүріп бастадым. Содан не керек, дереу кітабын алдым.
 
       Бұл кітапты қолға алған сəттен бауыры бораннан босамайтын, бұдыры жоқ жалаңаш Арқалық сипатталып басталды. Табиғаттың қатал көрінісінің сипатталуы тегін емес екен: бейшара халыққа табиғат та пана болып жарытпапты. Содан барып қорғансыздар: жесір кемпір, орта буындағы жесір əйел мен жетім Ғазиза емес, ол - тегіс халық екенін аңғаруға болады. Бір жақсылықтың нышанын кездестіру үмітімен қайғы үстіне қайғы көрпедей жинплып, жүк болған кітап беттерін, кітап беттерін емес, тарих парақтарын ақтарып отқанда тасқа қашалғандай ауыр ізін қалдырды да кетті...
 Қазақ жұртының жарасынан сыр шерткен шығарма өткен ғасырдың бірінші ширегінде жазылған. 

      Қазақтың аса шебер жазушысы, керемет әңгімелер мен повестердің авторы Мұхтар Әуезовты білмейтін қазақ жоқ. Қазаққа ғана емес, әлемге әйгілі жазушы ол.
 Сол керемет жазушының 1921 жылы жазылған "Қорғансыздың күні" атты әңгімесін оқыдыңыздар ма? Мен оқып шықтым. Осы әңгімеден алған әсеріммен және оқиғаның желісімен сіздермен бөліссем деймін.
 Әңгімеде Арқалық тауының етегінде Күшікбай деген асуды мекендеген жағдайлары мәз емес ауылда болған оқиға баяндалады. Сол ауылда жасы сексеннен асқан кәрі кемпір, кемпірдің келіні мен он үш жасар Ғазиза атты немересі үшеуі бір лашық үйде күн көреді. Бейшара үшеуінің көрмеген азабы қалмайды. Екі ай бұрын әлгі кемпірдің баласы аурудан көз жұмады. Артынша екі аптадан соң ұлы қайтыс болады. Асыраушысынан айырылған үшеуін туған-туыс, ағайындары қарайласпай тастап кетеді. Үйдің еркектерінен айырылып, қара жамылып отырғанда келінің көзі су қараңғы болып көрмей қалады. 
Бар ауыртпалық Ғазизаның мойнына түседі. Осылай азапты күндері өте береді. Бір күні осы үйге екі жолаушы келіп түнейді. Үйге келген кісілер көңіл айтып, құран оқиды. Ол екі жолаушының он үш жасар Ғазизаға көзі түсіп, бастарына арамы ой келеді. Сыртқа шыққанда сол ойларын іске асырып, бейшара қызды зорлап, намысын аяқ асты етеді. Бұндай қорлыққа шыдамаған қыз анасы мен әжесіне айтуға бата алмай, әкесінің бейітіне барып, қақаған аязда үсіп өледі. Әжесі мен анасы зар жылап, одан бетер қайғырып қала береді. Әлгі екі оңбаған болса түк болмағандай болып кете береді.
 Бұл әңгіме бір ғасыр бұрын жазылғанымен бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі жайлы болып отыр. Ең сорақысы өздері құран оқып, сол үйдің қызын зорлағаны болып тұр және қиын қыстауда қалған туысқандарын қалдырып кетіп қалған ауыл адамдарының ісі. Қазақ халқы "жесірін жылатпаған" дегенді көп естуші едім. Бірақ осы әңгімеде мүлде басқаша баяндалған. Бұл әңгімедегі қорғансыз үш әйелдің жағдайы жүрегіңді ауыртады. Файзулла Мұхамедәлі.


 
.






Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


                                    Анықтама

Бөлексаз орта мектебінде ақпан айының жиырма жетісі  күні 9 сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында М.Әуезов «Қорғансыздың күні» шығармасын  талдады. Қорғансыздың күні - М.Әуезовтің 1921 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының 3-4 сандарында «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған алғашқы көркем шығармасы. 1922 жылы Орынборда «Қорғансыздың күні» деген атпен жеке кітап болып шықты. Мұхтар Әуезов осы әңгімені жазғанда өзінің ішкі жан дүниесіндегі қиналған кезін баяндап берген.«Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны қорқынышты бір үрей сезімі билейді.


 



                                   Кітапханашы Г.Балтабаева

                                                 27.02.2024ж