Ескерткіштер-ұрпақтың рухани азығы" тарихм таным сағаты
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бөлексаз орта мектеп кітапханасында "18-сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне» орай кітап көрмесі ұйымдастырылды 5-10 сыныптар оқушыларымен «Ескерткіштер- ұрпақтың рухани азығы» атты тарихи- таным сағатты өтті. Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Мерекенің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару. Бөлексаз орта мектебі де секерткіштерді қорғау күніне 5-18 сәуір аралығында арнайы жоспар құрып, іс-шаралар өткізуді бастап кетті. Ауыл аймағында орналасқан ескерткіштердің аумағын тазалау, сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Гүлзира Балтабаева ескерткіштер туралы арнайы көрме ұйымдастырып, оқушылардың білім көкжиегін кеңейтті. 1-11 сынып жетекшілері «Ескерткіштер – ұрпақтың рухани азығы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 5-6 сынып оқушылары Кеген ауылындағы Музейге тарихи-мәдени экскурсияға барып, туған өлкеміздің мәдениеті мен тарихын терең ұғынды.


Кітапханашы Г.Балтабаева
17.04.2024
https://www.instagram.com/p/C53OtZIolvE/?igsh=MW5ldWh4NGptMXhiNw==https://www.instagram.com/p/C53OtZIolvE/?igsh=MW5ldWh4NGptMXhiNw==