"Каникулда кітап оқиық" 1-11 сынып кітап сыйлау
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
АНЫҚТАМА
17 мамыр күні жазғы каникул қарсаңында «Мамыр –Ынтымақ айы» айлығы аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту минстірлігі кітап құмарларды тарту мақсатында, мектеп оқушыларына «Демалыста кітап оқимыз» республикалық буккроссингін бастады.
Буккроссингтің мақсаты: еліміз бойынша барлық мектеп оқушыларын кітап оқуға шақыру, кітап ұсынымдарымен бөлісу және жаңа әдебиеттерді ашу.
Буккроссингтің міндеті: қазақстандық оқушыларды акцияға қатысуға тарту арқылы олардың оқу белсенділігін арттыру.
Тапсырмалар: оқуға деген ынтасын арттыру; оқу мәдениетіне тәрбиелеу;
«Оқыдым – басқаға сыйлаймын» қағидасы бойынша, кітапқа екінші өмір сыйлауға оқушылардың құштарлығын ояту.Буккроссингтің мәні - жазғы демалыста кітап оқу. Буккроссингке 1-11 сынып оқушылары қатысты. Кітап алмасу күні ата-ана Г.Акімжанова және оқушы К.Мақсатқызы кітапханаға кітап сыйлады.



Кітапханашы Г.Балтабаева
17.05.2024ж