Ы.Алтынсарин "Таза бұлақ" талдау
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Келісемін» «Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Масимханов.
Ә.Халелқызы.
---------------------2021ж
Ы.Алтынсарин
«Таза бұлақ» кітабын
2-3 сынып оқушыларымен талдау
Кітапханашы Г.Балтабаева.
25.09.2021ж
Ыбырай Алтынсарин
Таза бұлақ
- Әңгімелер / МақалаларҮш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
- Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» -деп сұрады.
Жігіт айтты:
- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді.
Білімділік:Оқушыларды топтық жұмысқа тарта отырып, бірлескен жұмыс арқылы нәтижелі білім алу жағдайын қамтамасыз ету. Әңгімедегі негізгі ойды таба білу, оқиғаны қиялымен ары қарай өрбіту, сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту.
2. Дамытушылық. Дүниетанымын, ойлауын, өзіндік көзқарасын, таным процестерін дамыту. Сөз саптауын жетілдіру;
3. Тәрбиелік. Рухани тазалыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
-Оқушылар ендігі кезекте сіздердің таңдаған сандардан суреттер құрастырайық.
«Табиғат»«Бұлақ»«Жолаушы»



Табиғат-тіршілік нәрі.Қоршаған орта.Туған елім мен жерім.
Бұлақ-ағып жатқан таза,мөлдір су. Жер бетіне шығып жатқан табиғи жер асты су көзі.
Жолаушы-белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам.
ІІ.Мағынаны тану: Өткен тақырыпты пысықтау.
1.Ыбырай Алтынсарин кім?
2.Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
Ендеше бүгін Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» атты әңгімесімен танысамыз.Ыбырай Алтынсарин туралы бейнекөрініс.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданында дүниеге келген. Ата - анасы жастай қайтыс болған ол нағашы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Ол немересін 1850 жылы Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне береді. Оны 1857 жылы Ыбырай үздік бітіріп шығады да, халыққа қызмет етуді бастайды. 1864 жылы алғаш рет Торғайда мектеп ашады. 1879 жылы Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарды.
1889 жылы 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.
Шығармалары:
Өлеңдері: «Өзен», «Жаз»
Әңгімелері: «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы»

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өткізілген іс-шаралар
АНЫҚТАМА
25.09.2021 жылы 2-3 сыныптармен Ыбрай Алтынсаринның «Таза бұлақ» кітабінен талдау өтті. Оқушылар Ы.Алтынсарин қазақтың көрнекті ағартушы- педагогы,жазушы этнограф, фольклоршы .Туып өскен жері Қостанай облысының Қостанай ауданы,Арқарағай . Осы өңірде Тобыл өзенінің жағасында топырақ бұйырған.Тек қана оқу ағарту жұмыстары емес, сол кездегі қоғамдық саяси өмірге сергек араласып,ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге этнографияға қатысты мақалалар жазды.
Ыбрай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары,көшелер , жер атаулары көп екенімен танысты. Ы.Алтынсариннің өлеңдерін жатқа айтты, әңгімелерін, хаттарын оқып түсінгендерін айтты. Өз ара пікірлерін айтып қызықты өтті.
Кітапханашы Г.Балтабаева
-


