Анықтама
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс шарасы
АНЫҚТАМАСЫ
28.09.2022 ж.Бөлексаз орта мектебіміздің 6-10 сыныптар арасында «Білім дариясының кемеңгері» атты библиографиялық шолу өтті.Биыл қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толады. Мұхтар Әуезов 1897 жылғы 28 қыркүйекте қазіргі Шығыс қазақстан обылысының Абай ауданындағы Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.«Абай жолындай» тамаша туындыны дүниеге әкеліп, жер-жаһанға қазақтың қасиетті болмысын , асқақ мәдениетін , терең философиясын Абайдай кемеңгер тұлға арқылы ашып берген Мұхтар Әуезовтың қаншама уақыт өтсе де маңыздылығын жоймайтын өшпес еңбектерінен әлі талай ұрпақ жігерін жанып, баба сөзінен тамыр жайып, болашаққа бой түзері анық.Оқушылар М.Әуезовтың шығармаларымалары өмірбаянымен, еңбек жолымен танысты.
Кітапханашы Г.Балтабаева.
