ЕРЕУІЛТӨБЕДЕГІ ЕСКЕРТКІШ . Танымдық әңгіме » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
январь
2022

ЕРЕУІЛТӨБЕДЕГІ ЕСКЕРТКІШ . Танымдық әңгіме

Ереуілтөбе 

            Ереуілтөбе - Кеген ауданы Қарқара жайлауындағы тарихи орын. 19-ғ. аяғы, 20-ғ. басында атақты Қарқара жөрмеңкесі өтіп жүрген жайлаудың кіндік тұсындағы төбе. 1916 ж. 11-шілдеде осы төбеде бас қосқан Албан руының игі жақсылары патша өкіметінің әскерге адам алу туралы жарлығына қарсы шығып, көтеріліс жасауға пәтуаласады. Жетісу облыс жандарм басқармасының архив құжаттарында осы үлкен жиынға Пржевальск (Қарақол), Верный, Қапал уездерінің өкілдері және ұйғырлардың Кетпен, Ақсу-Шарын болыстарынан адамдар қатысқаны ерекше атап көрсетілген (ОМА, Жандарм басқармасының қоры, 6-іс, 78-81-6.). Осы жиында ортаға тасталған: "Берсек — бала өледі, бермесек — шал өледі. Бала өлгенше, шал өлсін" деген бір ауыз сөз Қарқара (Албан) ұлт-азаттық көтерілісінің ұранына айналған. 1926 ж. күзінде мемлекеттік қайраткерлері О.Жандосов, Ы.Көшкінов, Ә.Жүнісов, т.б. ұйымдастыруымен Қарқара (Албан) көтерілісінің 10 жылдығы аталып өтіп, бұрын  Көктөбе, Айттөбе делініп келген төбені Ереуілтөбе деп атау туралы ұсыныс қабылданды. Жиналған қалың жұртшылық төбе басына тас үйіп, қазақ театрының негізін қалаушы Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков, С.Қожамқұловтың өнерін тамашалаған. Ә.Қашаубаев пен И.Байзақов ән мен жыр төгілткен. 1986 ж. Ереуілтөбеде көтерілістің 70 жылдығы аталын өтіп, көрнекті ескерткіш белгі өрнатынды, төбе қасына арнайы музей салынды.



«Бөлексаз орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі іс шаралар туралы



АНЫҚТАМА


24.01.2022 жылы 4-6 сыныптар арасында «Ереуілтөбедегі ескерткіш» атты танымдық әңгіме өтті. 1991 жылы Қарқара көтерілісінің 75 жылдығына байланысты Ереуілтөбеге қазіргі тұрған сәнді ескерткіш орнатылды.      Екерткіш тарихи мұра ел бірлігінің ,    тұтастығының ,   бейбіт өмірдің символы.

«Ереуілтөбе»- қазақ халқының  атамекені үшін намыс күшімен патша өкіметіне қарсы тұрған жанқиярлық ергінің көрінісі.

Қарқара көтерілісі бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұнық бастауы,           азаттығымыздың аңсаған туы. Сол байрақты туымыз әлем көгінде желбірей берсін.Балалар естіген, оқыған әңгімері жайлы кең көлемде пікірлерін ортаға салып әңгімеледі. Сұрақ жауаптар арқылы ойларын айтты.




                                       Кітапханашы Г.Балтабаева