"Екінші байлық ақ жаулық" дөңгелек үстел
8 наурыз мерекесіне арналған «Екінші байлық ақ жаулық» атты дөңгелек үстел
Кітапханашы: Қайырлы күн! аса қадірменді арулар! Ардақты аналар!гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Асыл анам, нұр шашқандай келбетің
Сенсіз басып жүре аламба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің
Ана – бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың қадірі сонда, ол мейіріміне ақы сұрамайтын жалғыз жан, әрдайым бала дегенде елжіреп, соның ғана тілеуін күні-түні тілеп отыратын асыл адам.
2-Жүргізуші:Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз — аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 — наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
1-жүргізуші: Дүниедегі ең жауһар қазыналар да, асып-тасыған байлық та ананың ақ жүрегіне жетпейді. Тоғыз ай толғатып, өмір бойы баласына махаббатын төгіп өтетін анадан асқан жан бар ма? Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер. Олай болса, осы әлемдегі ең аяулы жандарға арналған « Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет» атты дөңгелек үстелді бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүрг. Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, — дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры М.Масимхановқа және мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Орынкүл Жетімековаға береміз.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды — дей келе — 9 сынып оқушысы Әлен Аружанды
әсем әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады.Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.
2-жүргізуші: 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.
1-жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне _ Аружанның әнімен шақырамыз
2-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды… Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
1-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
2-жүргізуші: Хадис: Мұхаммед айтқан:
«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
1-Жүргізуші:
Арулар келді міне толқып, тасып- дей келе сахнаға бир топ биші қыздарды шақырамыз қарсы алыңыздар
2-жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым. Барша ана,құтты болсын мерекеніз
Өзің мына сыйға берген өмірде Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақ сүтіңді ақтап өту — арманым. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
1-жүргізуші:
Ару — Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары—деп кезекті байсалды да байыпты
Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.
— деп абзал аналарымыздың құрметіне
9 сынып оқушысы Аружанныңның орындауында « » атты әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.
2-жүргізуші: Дүйім дүниенің, жалпақ жалғанның бар асылын, бар ғаламатын сыйласақ та, ана алдындағы қарызымыз өтелмес. Ана – жанымыздың бір бөлшегі іспетті. Қиналғанда, қуанғанда есімізге ең алдымен абзал ана түседі. Анадан туған ақындар ең асыл сөздерді анаға арнаған! «Ақынның сөзі – халықтың сөзі». 8 наурыз мерекесінде ғазиз анаға арналған
бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Кітапханашы: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын! Бүгінгі « Екінші байлық ақ жаулық » атты шағын ғана мерекелік дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше! Сау болыңыздар! хормен айтылады.
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»кмм
Анықтама
8 наурыз мерекесіне арналған «Екінші байлық ақ жаулық» атты дөңгелек үстел 6 сынып оқушыларымен өтті.
Кітапханашы Г.Балтабаеваның ұйымдасыруымен 8 наурыз мерекесіне арналған «Екінші байлық ақ жаулық» атты дөңгелек үстел. Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндеріменбірге 8 наурыз Халық аралық әйелдер күні де келіп жетті.Аналар мен нәзі жанды қыздар қауымының төл мерекесі.Ана- бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың қадірі сонда, ол мейріміне ақы сұрамайтын жалғыз жан, әрдайым бала дегенде елжіреп,соның ғана тілеуін күні-түні тілеп отыратын асыл адам.Олар –өммірдің гүлі, көңілдің жыры , әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.Оқушылари аналарға арналған жылы лебіздерін айтты,Аналарға арналған пікірлерін, тақпатар оқыды,ізгі тілектерін еркін, ашық айтып жеткізді.

Кітапханашы: Г.Балтабаева