"Аяулы анашым!" ертеңгілік 1-сыныптар » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
март
2022

"Аяулы анашым!" ертеңгілік 1-сыныптар

«Аяулы анашым!» атты


 1-ші сынып оқушыларымен 8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. 

Мақсаты: Балаларға көктем туралы, 8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру, еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке, қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.


Ертеңгіліктің барысы: 
 
 

Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар 
 Аналардан туған небір даналар. 
 Ана деген тіршіліктің тірегі, 
 Армысыздар, құрметті аналар! 
 Қош, анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!

Таппақ:

Нұрсұлтан:

Үн қатасын бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

8-ші наурызбен


Жүргізуші:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

-Балалар, айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\

-Балалар менің айтып тұрғаным қай жылдың мезгілі деп ойлайсыңдар?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:Көктем

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілі.Қанекей бәріміз бірге ару Көктемді қарсы алайық

Музыка әуенімен Көктем кіреді

Көктем келеді. \балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\

Көктем:Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

түбіне тал еккенмін

Жүргізуші:Амасың ба! Ару КөктемБіздің ертеңгілігімізге қош келдіңіз

Көктем:Рахмет сендергебалалар!

Жүргізуші:Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !
 Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір ұлдар биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би « Балапан биі»Орындайтын –кішкентай балалар.

Таппақ:Баянсұлу


 
1.Баланың да тірегі
 Дананыңда тілегі
 Ауырмасын ешқашан
 Анамыздың жүрегі.

                                                           Аналарды сүйеміз
                                                            Ақылын ойға түземіз
                                                            Әжені де ардақтап
                                                            Әдеппен бас иеміз.
 2.Ақ анашым, аппағым,
 Өзің жайлы тақпағым
 Өзің жайлы әнім де,
 Арнадым саған бәрін де

Ойын. «Аналарды тамақтандыр»

Би «Көңілді би»

Көктем:

-Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап берсендер мен сендерге ойын әкелдім,келісесіңдер ме?

-Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?

-Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?

-Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?

-Дұрыс менің қолымда бәйшешек гүлдер,Қазір мен бүл гүлдерді жерге бесеуін қоямын,музыка ойналады,сендер билейсіңдер,музыка тоқталғанда тез гүлді жерден алу керек,кім үлгірмейді сол ойынан шығады.

Ойын.

Көктем:Балалар менің уақытым келіп қалды. Бірақ мен енді әркез сендермен бірге боламын! Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Мың бұралған ақ қайындай

Бишелер шықсын ортаға.

Ал ендеше қол соғайық,

Қошеметпен қолқала.

Тақпақтар: Дамир,Дария,Айару ,Феруза

Ән «Әжемнің шәйі»

Таппақ:Іңкәр

Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп жатқан артистер!

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады)

Би «Вальс»

Жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Айналайын ақ мамам

келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Аяулы анашым» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 
 Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.

(Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді.)
 Барлық балалар хормен: 
Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Аялы қолда талпытқан,

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан.

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім балалар?

Балалар: Ана, Ана, Ана.

Жүргізуші:  Той пердесін ашайық, 

Тойға шашу шашайық. 

Аналарды құрметтеп, 

Ән маржанын шашайық. 

Ән «Ақ мамам»Хор


















«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм




           8 наурыз   аналар мерекесіне орай 1 сынып оқушыларымен «Аяулы анашым» атты ертеңгілік өтті.


АНЫҚТАМА


Сынып жетекшісі Нұргалиева Мөлдір мен кітапханашы Гүлзира Балтабаеваның ұйымдастыруымен Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім нұрын құйып,8- наурыз халықаралық әйелдер мерекесі келді.Осынау көркем мерекенің қай кездеде орны бөлек.Олай болатыны  аналарға ыстық сезім, алғыс  пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Аналар- өмірдің гүлі, көңілдің жыры,отбасының алтын діңгегі,бүгінгі «Аяулы анашым»- атты ертеңгілігіміз аналарға арналатынын айтып балаларға түсіндірді. Балаларда аналарына өздері жаттаған өлеңдерін айтып берді.






                                                      Кітапханашы;  Г.Балтабаева